Көне жазбалар. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы:

Көне жазбалар

Мектеп: №10 орта мектеп

Күні :

Мұғалімнің есімі: Мирзақанова Сымбат

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу

Бағалау критерилері

Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы біледі.Көне жазбалар туралы түсініктерін қалыптастырады. Тастағы және саз тақташалардағы ежелгі жазбалар болашақ ұрпақ үшін өткен кезеңдер туралы мәліметті сақтап қалды.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Ежелгі жазбалар мен олардың мағынасы туралы айта алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Ақпарат,жазу. Ақпарат – информация – information; жазу – письменность – writing

Сыныптағы диалог,жазылым үшін сай келетінтіл стилі:

Саралайды, мысал келтіреді,суреттейді,түсіндіреді,анықтайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ақпарат дегенді естулерің барма?
  • Ақпараты ежелгі адамдар қайда салған екен?

Алдыңғы оқу

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығулар түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Ресурстар:

«Көне жазбалар» сабағы бойынша таныстырылым, тірек сөздер жазылған үлестірме парақшаларлар, қосымша тапсырмаға арналған түрлі-түсті жіптер, ермексаз, ермексаздан жасалған тақтайша, ағаш таяқша.

Басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Он саусақтың саласындай,

Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сыныпты төрт топқа бөлу

1топ 2топ 3топ

Ортасы

Топтық,жұптық, жеке жұмыс.

Кел, анықтайық! Жұмысты топта өткізіңіз. Әр топ оқушылары ғалым рөлінде алғашқы жазбаның пайда болған нұсқасын талқылайды. Оқушылар жазу қашан және қайда пайда болғанын, жазуды не үшін қолдану қажет болғанын ойластырып, қиялдайды. Оқушылар әртүрлі таңбалар, белгілер және т.б. ойлап табады. Жұмыс нәтижелерін шағын жоба түрінде беруге болады. Оқушылардан өз әңгімелерін оқулықтағы 1-суретпен байланыстыруын сұраңыз. Ойлан. Жұмысты жұпта өткізіңіз. Оқушыларға ертеде адамдар қандай заттарға жазу жазғандарын ойлануға тапсырма беріңіз. Олардың болжамдарын тыңдаңыз. Берген жауаптарын сабаққа қажетті деректі материалдардан алынған ақпаратпен толықтырыңыз.

Оқушылар оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқиды.

Тастағы жазбалар. Оқушылардың назарын 2-суретке аударыңыз. Олар жазбаның мазмұны туралы өз болжамдарын айта алады. Сурет бойынша 1-2 сұрақ құрастырып, оларды басқа оқушыларға қояды. Жауаптарды сабаққа қажетті деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтырыңыз. Содан кейін оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқып шығады.

Орындап көр. Жұмысты жұпта өткізіңіз. Оқушылар шағын тақтайшаны немесе ермексазды пайдаланып, жазу жазатын негіз жасайды. Одан кейін тақтайшаға ұшы үшкір ағаш таяқшамен таңбалар мен белгілер арқылы хат жазады. Оқушылар жұп болып «хаттарын» бір-біріне беріп, алмасады және оларды оқуға тырысады. Ағаш таяқшамен өз есімін, тегін, тұратын қаласын және т.б. жазуды ұсынуға болады.

Соңы

Бағалау

Оқушылар

–– ежелгі жазбалар және олардың мағынасы туралы; –– өткен кезеңді көз алдына елестетудің түрлі

 тәсілдерімен танысты; –– орта ғасырдағы тарихи тұлға Күлтегін образымен

танысты.

Оқушылар

–– тастағы көне жазбаларды сипаттауды; –– бақылау жасап, сұрақтар қоюды; –– ақпарат негізінде өз ойын білдіруді;

–– өз таңбалары мен белгілерін ойлап табуды үйренді.

Бағалау ретінде оқушыларға «Өзін- өзі бағалау парағы» кестесін толтыруға беріңіз.

Сұрақтар

Жауаптар

1

Мен сабақта қандай жаңа

мәлімет білдім?

2

Сабақта қандай қызықты

нәрселерді үйрендім?

3

Маған не қиын болды?

Кері байланыс: Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Қосымша мәліметтер

«Ілмек жазу» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың назарын көне жазбаға – ілмекті жазуға аударыңыз.

Олардан түрлі-түсті жіптерден өз досына хат жазуын сұраңыз. Олар ілмектердің саны мен түсін қалай таңдағанын түсіндіреді. Оқушылардан бұл хатта не жазғысы келгенін сұраңыз.

Бағалау

Бағдаршам ретінде бағалаймын

Қызыл 3

Сары 4

Жасыл 5

Пәнаралық байланыс Жаратылыстану. «Кел, анықтайық!» тапсырмасында оқушылар шатқалға салынған суретті қарай отырып, жануарлардың атауларын атайды.

Өнер. «Орындап көр» айдарында оқушылар ермексазбен жұмыс істейді, тақташаға сурет салады.

АКТ. Қабілеті жоғары оқушыларға интернеттен «Көне жазбалар» тақырыбында материал табуға тапсырма беріңіз. Олар ертеде қандай жазбалар болғанын, қазіргі заманғы таңбалар мен белгілер қандай екенін білуі тиіс.

Рефликция

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалдыма? Бүгін оқушылар нені үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу