«Ежелгі ата-бабаларымыз. Уақытқа саяхат.» Дүниетану, 1 сынып, қосымша материал.


Сабаққа қатысты деректі материалдар

Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішіндегі ерекшелерінің бірі – сақтар. Олар туралы мәліметтер грек және парсы дерек көздерінде бар. Ғалымдардың зерттеулеріне сай сақтар жер өңдеумен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтарда металл шығарып, өңдеуге байланысты қол өнері аса дамыды. Сақ шеберлері темірден, қалайыдан, күмістен және алтыннан қанжар, садақ оқтарының ұштарын, ат әбзелдерін, әшекей бұйымдар, айна құйып, жасады.

 Ата-бабаларымыз табиғат сырларына өте қанық болған. Олар жылқы, қой, түйе, ірі қара мал өсіріп, жануарлардың етін азық етті. Олардың терілері мен жүнінен киім және басқа да қажетті заттар жасады. Сақ өнерінде аң стилі кеңінен таралған. Азия тарихындағы аса танымал әйелдердің бірі сақ ханшайымы Тұмар (Томирис) еді. Тұмар ханшайым есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы еш жеңілуді білмеген әйгілі парсы патшасы Кирдің әскерін жеңуіне тікелей байланысты. Аңызға сай Томирис керемет сұлулығымен, өжет мінезімен, ақылпарасатымен ерекшеленеді.

…………………………………………………….

Саяхат

Саяхат дегеніміз – адамдардың айналаны тану, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы. Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген. Ел билеушілер әскерлерімен аумақ бойынша жылжып отырып, жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыстар ашқан. Кейінірек адамдар айналадағы тірлікті тану, жаңа білімдерді меңгеру үшін саяхаттай бастады.

 Ертеде керуен жолдарының жүйесі Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырып тұрған. Бұл жол Қазақстан аумағы арқылы өткен. «Саяхат» ұғымы Қазақстанның ежелгі тарихында – көшпенділік өркениетін қалыптастыру мен дамытуда, жаулап алу және қоныс аудару кезеңінде, Ұлы жібек жолы жұмысын атқарып тұрған кезеңде орталық рөл атқарды.

 Қазіргі кезеңде саяхаттың рөлі өзгерді. Қазіргі заманғы саяхатшыларды алға итермелейтін білімге деген құштарлық қана емес, сонымен қатар саяхат барысында адамдар жаңа достар табады, жақсы әсер алады. Қазіргі кезде саяхат – бұл негізінен туризм немесе жұмыс бабымен көшу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу