Біздің ежелгі ата-бабаларымыз, олар кім? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

3 А бөлім «Саяхат»

Тақырып: Біздің ежелгі ата-бабаларымыз, олар кім?

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

1 сынып 3 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р. М.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.3.1 Әртүрлі уақыттағы адамдардың өмірі туралы түсінік болу;

1.2.2.2 Ежелгі қалалардың қарапайым жоспарын, суретін салу;

1.1.2.3 Ақпаратқа сүйеніп, танысқан оқиғалар мен адамдар туралы өз көзқарасын білдіру;

1.2.5.1 Өз сөзімен Томирис туралы аңызды айтып беру;

1.1.2.4 Пәндік-мазмұндық (нақты) ұғымдарды пайдалана бастау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Ежелгі тайпа сақтар туралы біледі. Сабақта алған ақпараты негізінде сақтар қазақтардың ежелгі ата-бабалары болғаны туралы ойларын айтады. Олардың тұрмысы туралы түсінік алады.

Көпшілігі:

Уақыт ағынына байланысты қарапайым терминдерді қолдана отырып, өткен мен қазіргіні салыстырады.

Кейбір оқушылар:

Өз есімдерін ежелгі ата-бабалар есімімен байланыстыра айтады. Ежелгі және қазіргі адамддар тіршілігін салыстырады.

Алдыңғы сабақта

Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға жауап беру арқылы Ауа райы және климат дегеніміз не? Біздің жергілікті ауа райымыз қандай? Біз ауа райын қалай бақылаймыз және мәліметтерді қалай жазамыз? тақырыбында түсінік алды.

Тілдік мақсаты

Саяхат, әскер, көшпенді халық, бостандық, сақтар, сақ ханшайымы, тәуелсіздік.

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

5 минут

Негізгі бөлім

30 минут

Қорытынды бөлім

5 минут

(Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналып сұрақтарға жауап береді.

- Ерте кезде халық немен көшті деп ойлайсың?

- Отбасыңмен саяхатқа немен барасың?

Оқушыларды топқа бөлу.

Ол үшін оқушыларға көлік түрлерінің атауы жазылған үлестірме парақшалар таратылады, мысалы, ұшақ, кеме, поезд, автомобиль. Оқушылар көлік аттары бойынша топтасады.

Ойын «Көшпенділер» Мақсаты: көшпенділер тіршілігінің ерекшелігін түсінуге мүмкіндік беру. Көшкен кезде өздерімен бірге қандай заттарын алып жүретінін сұралады. «Көш қозғалды» деген кезде заттарын алып, келесі топпен орын ауыстырып отырулары қажет. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқталды, сол орындарында қалулары тиіс.

(МТ) Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішіндегі ерекшелерінің бірі – сақтар. Сақтар жер өңдеумен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтарда металл шығарып, өңдеуге байланысты қол өнері аса дамыды. Сақ шеберлері темірден, қалайыдан, күмістен және алтыннан қанжар, садақ оқтарының ұштарын, ат әбзелдерін, әшекей бұйымдар, айна құйып, жасады.

Ата-бабаларымыз табиғат сырларына өте қанық болған. Олар жылқы, қой, түйе, ірі қара мал өсіріп, жануарлардың етін азық етті. Олардың терілері мен жүнінен киім және басқа да қажетті заттар жасады. Сақ өнерінде аң стилі кеңінен таралған.

(Ұ) Жұмыс парағындағы Көшпенділер қонысының сызбасын толықтыр.

(Т) Сюжетті суреттер бойынша топтың ішінде кіші зерттеу жұмысын жасату. Зерттеу жұмысында оқушылар көшпенді ел сақтардың немен айналысқанын, қандай қару-жарақ ұстанғанын, көшкенде қандай көлік түрлерін пайдаланғанын анықтап, талдау жүргізу

Постер арқылы жасаған жұмыстарын қорғау.

(Ж) Ойын «Сымсыз телефон» Шарты: бір оқушы қазіргі заман, екіншісі сақ дәуіріндегі бала болып телефонмен әңгімелеседі. Жақсы әңгіме жүргізіп жатқан жұпты үлгі ретінде тақтаға шығарып көрсету.

(МТ) - Сыныпта Томирис есімді неше қыз бар? Сендердің есімдеріңді неге Томирис деп қойған? /Оқушылардың өз есімдері туралы білетіндерін сұрау/

Азия тарихындағы аса танымал әйелдердің бірі сақ ханшайымы Тұмар (Томирис) еді. Тұмар ханшайым есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы еш жеңілуді білмеген әйгілі парсы патшасы Кирдің әскерін жеңуіне тікелей байланысты. Аңызға сай Томирис керемет сұлулығымен, өжет мінезімен, ақыл- парасатымен ерекшеленеді.

(Т/Қ) Томиристің суретін сал және сипатта.

Рефлексия. Ойын «Бес қадам» Оқушылар кіріспе бөлімдегі көлік құралдары түрлерінің атауы бойынша отырады. Әр топтан шыққан бала тақтаның алдында тұрған көлік түрлеріне барып жайғасады.

Мен бүгінгі сабақты өте жақсы түсіндім.

Мен тағы да сақтар жайында көп нәрсе білгім келеді.

https://www.youtube.

com/watch?v=

6IqCPLLv26E

https://www.youtube.

com/watch?v=

MxVupCgCA8I

https://www.youtube.

com/watch?v=-1FMAbLPu_k

Қосымша ақпарат.

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы

Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындауы смайликтер, сыйлық суреттері түрінде бағаланып, қолдау көрсетіледі.

Қабілетті оқушылардың креативті идеялар айтуына жетекші сұрақтар қойылады.

АКТ-да оқушылар сақтардың ұстаған еңбек құралдары мен қару жарақтарын көреді. Сақтар туралы, Тұмар ханшайым туралы мультфильмдер көреді.

Өнер. Ойын барысында оқушылар бірқатар шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Ойын барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелері айтылады.

Сабақ барысында оқушылар өз халқының тарихын құрметтеуді түсінеді, сақтардың мәдениеті мен өмір салты туралы алғашқы түсініктер алады. Сақ ханшайымы Томиристің ерлігі туралы біледі.

Қалыптастырушы бағалау

Дүниетану

3тоқсан

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

1.2.Түсіндіру

және талдау

1.1.2.3 Ақпаратқа

сүйеніп, танысқан оқиғалар мен адамдар

туралы өз көзқарасын

білдіру

Бағалауды жеңілдету үшін мұғалім оқушыларға топтық жұмыс барысында талдауға белсенді қатысып, топтағы өз рөлдерін дұрыс орындаулары (мысалы, хатшы сөйлеп, ескертпелерді жазуы қажет) керектігін түсіндіреді. Бұл оқу мақсатын мұғалім сыныпты аралай жүріп, топтарды тыңдай және қажет болған жағдайда сұрақтар қоя/көмек көрсете отырып, бағалайды.

Тапсырма: әр топқа Томиристің суретін сал, сипатта және өз көзқарастарыңды білдіріңдер.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Сыни ойлау және коммуникация

Дереккөздерде берілген ақпараттарға сүйене отырып, кем дегенде екі пікір айтады немесе сұрақтарға жауап береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу