Біздің ежелі ата-бабаларымыз, олар кім? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 3A бөлім: «Саяхат» Тақырыбы: Біздің ежелі ата-бабаларымыз, олар кім? Күні: 26.01.2016 Сынып: 1 В | Физика-Математика Бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова С.Р Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны:0 Кудайбергенова С | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.1.3.1 Әртүрлі уақыттағы адамдардың өмірі туралы түсінік болу | |||||||||
Сабақ мақсаттары:
|
| |||||||||
Жетістік критерийлері:
| Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді: Әр уақыттағы адамдардың өмірі туралы біледі. | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Көшпенді ел,қоныс,ру,тайпа | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық арқылы өз тарихын білуге,қадірлеуге баулу. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі және әдебиет,математика,тарих | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар алғашқы төрт тарауда (1А, 1В, 2А, 2В) үй мен мектеп арасындағы жолға бағдар жүргізу, жергілікті жермен танысу арқылы «Саяхат» тақырыбымен танысты және коммуникациялардың маңыздылығын түсінді. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа назарларларын аударады. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз -Балалар,сендер қандай елді мекендерді білесіңдер? -Ата-аналарымен қай елдерге саяхат жасадыңдар? -Қандай көлікпен бардыңдар? -ал біздің байтақ еліміздің көрші елдерін білесіңдер ме?(Балалардың жауаптарын тыңдау) -Ендеше ,біз сендермен осы елдердің атауымен топтарға бөлінеміз | |||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 7мин 5 мин 10мин 5 мин | (Ұ) Оқушылардан«Көшу»сөзін қалай түсінетіндерін сұрау. -Балалар, «Көшу»деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады) (Ұ) «Көшпенділер» ойыны Әр оқушының алдына көлік түрлерінің атауы жазылған үлестірме парақшалар таратамын. -Балалар қазір сендермен ойын ойнаймыз. -«Көш қозғалды»дегенде сендер алдарындағы заттарды алып,келесі топпен орындарынды ауыстырасыңдар. «Көш қоныстанды»деген сәтте сендер қай орынға келіп тоқтадыңдар,сол жерде қалуларын керек. /мұғалім бірнеше рет ойынды жалғастырады/ -Балалар,ойын барысында сендер не байқадыңдар? /Балалардың мүмкін болатын жауаптары/ -Біз орнымызды ауыстырдық. -Бір жерден екінші жерге көштік -Ал бір орыннан екінші орынға көшкен адамдарды қалай атауға болады? (Балалардың жауаптарын тыңдау) -Көшпенділер -Көшпенділер деп кімдерді айтамыз?Неліктен? Көшпенділер туралы не білесіңдер? -Ия,біздің ежелгі ата-бабаларымызды көшпенділер деп атайды. -ендеше бүгінгі сабақта біз кімдер туралы сөйлесеміз? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу Сабақтың тақырыбы:Біздің ежелгі ата-бабаларымыз.Олар кім? -Сабақтың мақсаты: Әртүрлі уақыттағы адамдардың өмірі туралы түсінік болу. -Сабақтың мақсатына жету үшін біз нені үйренуіміз керек? Жетістік критерийлері: Ежелгі ата-бабаларымыз туралы айтып береміз.Өткен және қазіргі уақыттағы адамдардың тіршілігі туралы түсінік аламыз -Балалар,тақтаға зер салып берілген сөз жұмбақты шешіп көрейік Шешуі: /жета ата/ -Балалар,қазақта мынадай мақал бар (Ж)«Жеті атасын білмеген ер жетім» -бұл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Сендерге үйде жеті аталарын туралы және қай рудан шыққандарынды біліп келіңдер деген тапсырма берген болатынмын. -Қане ,кім өзінің атасын айтып бере алады? (Әр топтан 1 оқушы тұрып таныстырып шығады) -Жарайсыңдар! Жеті атаны білу-біздің парызымыз. -Ертеде біздің бабаларымыз тайпаға бөлініп өмір сүрген екен. (Ұ) Интерактивті тақтадан сурет бойынша жұмыс жалғасады. -Бұл кімдер? -Немен айналысып жүр? -Бізге,біздің ата-бабаларымызға бұлардың қандай қатысы бар? -бұл тайпа қалай аталады?Кім біледі?Естігендерін бар ма? Бұл үлкен тайпаның атын табу үшін мына сөзжұмбақты шешіп көрейік (Балалар жауаптарын тақтаға өздері жазады) 1.Біз қазір қандай бөлім өтіп жатырмыз /Саяхат/ 2.Ежелгі адамдар ең алғаш қай елді мекендеді? /Африка/ 3.Қазір қай жыл мезгілі? /Қыс/ -әр жауаптың бірінші әріптерін қосып оқысаң,үлкен тайпаның атауын табасың. (Т) Зерттеу жұмысын жүргізеді (Бірін-бірі бағалау) А3 көлеміндегі параққа оқушылар суреттен кім бейнеленгенін,бұл адамдардың қандай тіршілік жасап жатқанын,шаруашылықтарын,қару-жарақтары қандай болғаны,қандай көлік түрлерін пайдаланғанын айтып беруі тиіс.Оқушылар өз жұмыстарын тірек схема немесе кесте түрінде безендіреді.Әр топ өзінің жұмыстарын тақтаға іліп қояды.Әр топ бір-бірінің жұмыстарын қарап шығады,тексереді.Өздерінің тілектерін,ұсыныстарын пікірлерін стикерлерге жазып іледі. -Балалар,сыныпта Томирис есімді қыз бар ма? -Томирис есімді неше қызды танисың? -Ал неліктен есімдерін Томирис қойды деп ойлайсың? (оқушылар өз ойларымен бөліседі) Аудиожазбада Томирис туралы мәлімет беріледі.Батыр қыздың суреттері көрсетіледі. Ежелде ұлы даламыздың сақ тайпаларында Томирис есімді патшайым болған екен. Ол халық арасында Тұмар ханшайым есімімен де белгілі Томирис бес жасынан атқа отырып,ал жеті жасынан қолына қылыш алған екен.Сақ ханшайымы Томирис батыл,ержүрек,сымбатты еді. Жауыз Кир патша өз әскерлерімен жерімізді басып алмақ болды.Томирис елін жаудан аман құтқарып қалды. | Үлестір ме парақша лар Сақ тайпасы ның суреттері | ||||||||
Сабақтың соңы 2мин 3мин | -Балалар,сабақтың басында құрған қритерийлеріне тоқталсақ 1.Біздің ежелгі ата-бабаларымыз туралы білеміз 2.Әртүрлі уақыттағы адамдардың өмірі туралы түсінік алдық. 3.Томириспен таныстық. -Сабақтың мақсатына жеткен балалар жасыл түсті стикерді,ал түсінбедім,маған сәл қиындау болды деген балалар сары түсті стикерді алып мына параққа іледі. 1-2 оқушы сабақ туралы өз ойларымен бөліседі | |||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздік сақтау шараларыАКТҚұндылықтар | ||||||||
Аса қабілетті балалар Томирис туралы бір-екі сұрақ дайындайды | Өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беремін | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?