Алғашқы адам. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән:Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3Абөлім:Саяхат.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:.

Мұғалімнің аты-жөні:Шарипова А.А

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алғашқы адам

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер

Сабақ мақсаттары

1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.

Бағалаукритерийлері

Білім алушылар:

  • Көне мәдениеттер мен өркениеттерді анықтайды.
  • Ежелгі адамдардың өмірі туралы анықтайды.

Сөздік қор

Сұрақтарға жауап беру барысында сөздік қорлары артады.

  • ру;
  • терімшілік;

аңшылық.

Құндылықтардыдарыту

Өзара татулыққа, өзара көмек жасай білуге, сыйластыққа, жақсы қарым- қатынас ұстануға тәрбиелеу

Сабақта оқулықтағы ақпараттар арқылы сұрақтарға жауап беріп, бірлесіп істеген жұмыстарына қорытынды жасап үйренеді. Оқушыларда адамзат баласының пайда болуына, бабаларына, тарихқа деген құрмет қалыптасады.

Пәнаралықбайланыс

Берілген тақырыпқа байланысты таныстырылым арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдын игерілген білім

Бізді қоршаған әлем туралы білімдері.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері.

(Ұ, Ж) Оқушыларды шеңберге жинап сыныпта көтеріңкі көңіл-күй ахуалын орнату мақсатында «Шарды шеңбер бойымен бер» ойынын жүргізу. Шеңбер бойымен орналасқан оқушылар әуен қосылған кезде бір-біріне шарды беріп отырады, әуен тоқтағанда егер білсе өз аталарын атап таныстырады.

Жаңа сабаққа дайындық мақсатында «Мен саяхатқа шыққан жерлер» тапсырмасын ұсыну.

Жұмысты топта өткізу. Оқушылар өздері болған жерлерінің атын жазады. Топта бір- біріне өздерінің болған жерлері туралы әңгімелейді.

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз: көрнекі материалдарға сүйене отырып, ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.

Сабақтың ортасы

Алғашқы адам

(Ұ) Оқушылардан ойша 2 сағат бұрын уақытқа оралып, сол уақытта олар немен айналысқанын сұрау. Ары қарай 2 жыл бұрын не болғанын кімнің білетінін сұрап көру. Оқушыларға бұрынғы өткен заманда не болғанын зерттейтін, оқытатын ілім бар, ол- тарих деп аталатынын айту. Ол бізге адамзаттың басынан кешкендерін үйретеді. Тарих алғашқы адамдар пайда болған кезден басталғанын айту.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Оқушыларға қоржындағы ежелгі еңбек құралдарын: қашау, тас балта көрсету. – Бұл құралдарды кімдер және қашан қолданған?

Карта арқылы көрсете отырып, түсіндіру. Африканың шығысында алғашқы адамдар пайда болған. Ғалымдар адамның арғы тегі аса ірі адам тәріздес маймылдан шыққан деген пікірді ұсынады. Қазақстан аумағын адамдар бұдан миллион жыл бұрын мекендеген.

(МК, Ұ) Итерактивті тақтадан алғашқы адамдардың өмір сүруі туралы таныстыру. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай екендігін табуларын сұрау.

(Т) Оқушыларды екі топқа бөлу.

І-топ терімшілер, ІІ-топ аңшылар.

Оқушыларға терімшілер мен аңшылардың кім екендігін ойлануына біраз уақыт беру.

Олардың болжамдарын тыңдау. Терімшілік тамақ тауып жеудің негізгі көзі болған. Балалар мен әйелдер жеміс, тамыр тіпті құртқа дейін теріп күнелткен. Ер адамдар аңшылықпен айналысқан.

Суреттермен жұмыс

1-сурет: «Алғашқы адамдардың дене бітімі»

2-сурет: «Алғашқы адамдардың баспанасы»

3-сурет: «Құрал-саймандары»

4-сурет: «Алғашқы адамдардың кәсібі»

5-сурет: «Алғашқы адамдардың азығы»

Салыстыру

Өткен күн мен қазіргі уақыттың айырмашылығын салыстыру

Слайд

Слайд

https://www.

youtube.com/

watch?v=

uJWshg8R0Xw

Сабақтың соңы

Рефлексия.

«Сөйлемді аяқта» тапсырмасы.

  • Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?
  • Ер адамдар не істеді?
  • Әйел адамдар немен шұғылданды?

Қандай еңбек құралдарын пайдаланды?

Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ооқушыларға дербес қолдау көрсету.

Көрнекі материалдардың негізінде алғашқы адамдардың өмірін сипаттауда қиналатын оқушыларға көмек көрсету.

Оқушылардың айтылымын «көңілді смайл» беру арқылы бағалау, жеке жұмыстарын комментарий беру арқылы, жұптасып жұмыс жасау үдерісін бақылау арқылы бағалау.

Оқушылардың көрнекі материалдардың негізінде алғашқы адамдардың өмірін сипаттай білуі бағаланады.

Сергіту сәттерін өткізу.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу