Қазақстанда жасалған - отандық өнімдер. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақтың жоспары

Пән: Дүниетану

4А бөлім: «Тағам және сусын»

Тақырып: «Қазақстанда жасалған - отандық өнімдер»

Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С.

СЫНЫП: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың оқу мақсаты

1.1.2.1.Кейбір нақты білімдері мен түсініктерін көрсету

1.1.2.4.Пәндік-мазмұндық (нақты) ұғымдарды пайдалана бастау

1.1.1.1.Дереккөздермен жұмысты мұғалімнің көмегіне сүйене отырып орындау

1.1.4.2.Қоршаған орта туралы қарапайым түсініктер болу

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • түйінді сөздерді есте сақтайды;
  • оқушылар Қазақстанда өндірілетін негізгі тағам өнімдерімен танысады;
  • Қазақстан картасының 4 тұсын ажырата біледі;

Көптеген оқушылар:

  • бақылау жазбаларын жасау дағдыларын жетілдіру;
  • сұрақтарға жауап табу;
  • өсімдік және мал өнімдері түрлерін ажыратады
  • отандық тағам түрлерімен танысады және сол тағамдарды өндіретін адамдардың еңбегін түсінеді.

Кейбір оқушылар:

  • сабақта алған білімін қолдану;
  • тірек сөздерді үш тілде есте сақтау;
  • Қазақстан картасынан негізгі тағам өндіретін өңірлерді көрсете алады.
  • Табиғи және жасанды тамақ өнімдерінің (пайдалы және зиян) ерекшеліктерін салыстыра алады

 Тілдік мақсат

Мақалдың мағынасын түсіндіру және ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіру дағдылары қалыптасады; тірек сөздерді үш тілде есте сақтайды.

Тірек сөздер:

өндіріс – производство – production

өнім – продукция – product

құрам – состав – ingrediens.

Жазбаша қолдаулар:жаңғақ, дұрыс тамақтану, ұлттық тағам, жарма, өнімдер, өсімдік өнімдері, мал өнімдері, өндіретін жер

Алдыңғы білім

Алдыңғы сабақтарда оқушылар тағамдар мен сусындар туралы әңгіме жүргізді. Дұрыс тамақтану туралы ұғым қалыптасады.

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде көрсетілгендер орнына өз тапсырмаңызды жазыңыз)

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

  • 1. Өткен сабақты қайталау:

-Тағамдарға не жатады? Қандай сусындарды жақсы көресін? Пайдалы тағамдарға не жатады? Пайдасыз тағамдарға не жатады? Жармадан не жасалады?

(Тірек сөздер: тағам, сусын, жарма, ботқа, пайдалы тағамдар, зиянды тағамдар, жаңғақ, ұлттық тағам, тағамның құрамы)

  • Мұғалім тұсбағдардың суретін көрсетеді:

-Бұл не? Тұсбағдардан не көреміз? (тұсбағдар, тұстарды көреміз)

  • Картанын суретін көрсету.

-Бұл не? Картадан Қазақстанның төрт тұсын анықтап шығайық...(Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан).

  • Мұғалім:

-Бүгінгі сабақта Қазақстанда не өндіріледі, Қазақстан қандай өнімдер өндіреді, өнімнің құрамы туралы айтамыз.

  • -Бүгінгі сабақ саяхат түрінде өтеді.

Оқушылар саяхат жасау үшін 4 топқа бөлінеді.

Өнімдердің қорапшалары, Күріш, сұлы жармасы,

шырын, айран қорапшалары, суреттер, т.б.

Презентация «Отандық өнімдер»

Қазақстанның физикалық картасы

Негізгі бөлім

  • Еліміздегі тамақ өндірісі.

Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің бөліктеріне зерттеу саяхатын жасауды тапсыру. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек. Нәтижесін постерге орындауы тиіс. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар сынып бойынша ілінген суреттер мен сөйлемдерді жинайды. Әр топ мүшесі тиісті сурет пен сөйлемді табуы тиіс.

Берілген сөлемдер:

Оңтүстік Қазақстанда қант өндіреді.

Алматыда әлемге танымал апорт алмасы өседі.

Каспий теңізінде балық өндіреді. Батыс Қазақстан- консерв және балық өндіретін жер.

Солтүстік Қазақстанда бидай өсіреді. Солтүстік Қазақстанның нан өнімдері өте дәмді және сапалы.

Шығыс Қазақстанда аралардан бал өнімін алады. Шығыс Қазақстанда ет консерв зауыты бар.

6. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз жұмыстарымен таныстырады. Оқушылардан жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын білдіруін сұрау.

7.(Қ)

8. Мақал-мәтелмен жұмыс. Тапсырманың тәрбиелік мәнін күшейту үшін «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар» мақаланың мағынасын қалай түсінгендерін сұрау. Оқушылар мақалдың мағынасын топ ішінде талдайды. Оларға нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбек ету қажет екені туралы тұжырым жасауға көмектесу.

Өнімдер бейнеленген суреттер,

сөйлемдер, флипчарттар,

қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар.

Қорытынды бөлім

Өзін-өзі бағалау «Мен үшін....». Сынып қабырғаларында смайлдар ілініп түр, олардың қасына барып өздерін бағалайды.

Қызықты, түсіндім

Сұрақтар пайда болды

қиын болды

Қосымша ақпарат

Дифференциацияқосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Құндылықтармен байланыс

Пәндік байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік сақтау шаралары

Кейбір оқушылар топтық жұмыста жетекші рөл атқарады,

«Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар» мақаланың мағынасын қалай түсінгендерін айтады;

жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын білдіреді.

Оқушылар

  • елімізде өндірілетін негізгі тағам түрлері туралы білді;
  • барлық тағам түрі ауыл еңбеккерлері мен кәсіпорын жұмысшыларының қажырлы еңбегімен келетінін түсінді.

Оқушылар

  • мал өнімдері мен өсімдік өнімдерін ажыратуды үйренді;
  • Қазақстан картасынан еліміздің қай өңірінде не өндіретіндігін көрсете алады.

Дұрыс тамақтану, денсаулық сақтау

география пәнімен байланыс

Рефлексия

Сабақ мақсаты орындалды ма?

Бүгін балалар нені үйренді?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасында дифференциация бойынша әрекеттер сәтті болды ма?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарда қандай өзгерістер болды және неге?

Осы сабақты бағалау үшін бос орын пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы тиісті сол жақтағы сұраққа жауап беріңіз

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жеке оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

Мұғалімге қосымша ақпарат

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі 1000-ға жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Еліміз ет, сүт, жарма, нан өнімдерінің сапасы мен бағасы жөнінен әлемдік бәсекеге түсе алады. Кондитерлік бұйымдар өндіретін «Рахат» АҚ, «Тұлпар» АҚ, шай өндіретін «Алматы шайы» ЖШС, қант өндіретін «Қант» ААҚ және «Көксушекер» АҚ, өсімдік майын өндіретін «Май» АҚ елдегі ең белгілі фирмалар болып табылады. Кейінгі жылдары шетелдік фирмалармен біріккен бірқатар тағам өнімдері кәсіпорындары құрылды, атап айтқанда «Кока кола Алматы Ботлерс» біріккен кәсіпорны (сусындар), «Беккер және К» біріккен кәсіпорны (шұжықтар), «Сұлтан»АҚ (макарондар), «Фудмастер» біріккен кәсіпорыны (сүт өнімдері), «Қарағанды конфеттері» АҚ және сондай-ақ, ішкі нарықта танымал «Баян сұлу» ААҚ (кондитерлік бұйымдар), Алматы және Қарағанды қалаларындағы маргарин зауыттары бар.

Ең дамыған сала – ет өнеркәсібі. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 1930-жылдары салынған Семей ет консерві зауыты. Барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Олардың негізгі шикізат көзі ауыл болып саналады. Таңғажайып апорт алмасы Апорт – бұл алманың бірегей сұрыбы. Ол халықаралық көрмелерде жоғары марапатқа ие болды. Апорт Алматы қаласының нағыз нышанына айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Алматы апортын өсіруді жандандыру мәселесі көтерілді.

.............................................................................................

Қалыптастырушы бағалау

Пән: Дүниетану

4А бөлім: «Тағам және сусын»

Тақырып: «Қазақстанда жасалған - отандық өнімдер»

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Тапсырма:

1.1.Деректер

мен жұмыс

1.1.1.1

Дереккөздермен

жұмысты мұғалімнің

көмегіне сүйене

отырып орындау

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

Өндірілетін өнімнің атауын жазады

Қалыптастырушы бағалау

Пән: Дүниетану

4А бөлім: «Тағам және сусын»

Тақырып: «Қазақстанда жасалған - отандық өнімдер»

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Тапсырма: Мал және өсімдік өнімдерін сызықшамен дұрыс көрсет!

1.1.Деректер

мен жұмыс

1.1.1.1

Дереккөздермен

жұмысты мұғалімнің

көмегіне сүйене

отырып орындау

Өсімдік өнімдері Мал өнімдері

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

өсімдік және мал өнімдері түрлерін ажыратады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу