Қазақстанда жасалған. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақтың жоспары
Пән: Дүниетану 4А бөлім: «Тағам және сусын» Тақырып: «Қазақстанда жасалған» | Бикен Римова атындағы МДШО бар ОМГ | ||||||||||||||||||||||
Күні: 26.04.2017ж | Мұғалімнің аты-жөні: Саболинова А.А. | ||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 1 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақтың оқу мақсаты | 1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау | ||||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||
Критерий | Оқушылар тұтыну заттары туралы әңгімелеу, өздеріне қажетті тұтыну заттарын анықтап, олардың алыну көздері туралы білу. | ||||||||||||||||||||||
Дискриптор | Оқушылар тұтыну заттары туралы әңгімелейді, өздеріне қажетті тұтыну заттарын анықтайды, олардың алыну көздері туралы біледі. | ||||||||||||||||||||||
Ресурстар: | «Қазақстанда жасалған» тақырыбы бойынша таныстырылым, Қазақстан картасы, Қазақстанда өндірілетін тағам түрлерінің суреттері, әр топқа арналған флипчарт. | ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Елімізде шығарылатын өнімдер жайлы және ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіру дағдылары қалыптасады; тірек сөздерді үш тілде есте сақтайды. Тірек сөздер: өндіріс – производство – production өнім – продукция – product | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, математика | ||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігі туралы білімі бар | ||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Сәлеметсіңдерме балалар! Қайырлы таң балалар!Қайырлы таң апайлар!Біз ерекше баламыз,Айтқан тілді аламыз. Күнделікті алатын 5-тік болсын бағамыз. Өткенді еске түсіру - Тағамдарға не жатады? - Қандай сусындарды жақсы көресіңдер? - Пайдалы тағамдарға не жатады? - Пайдасыз тағамдарға не жатады? | Шаттық шеңбері | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Ұ: «Ойлан» тапсырмасы Ақшаға сатып алынатын заттарды ата. Олар сенің үйіңе қайдан келеді? Нені тегін алуға болады? Балалар, олай болса біздің бүгінгі өтетін сабағымыз не туралы болмақ? Қалай ойлайсыңдар? /Оқушылар жауаптары тыңдалады/ Елімізде қандай өнімдер шығарылатынын білетін боласыңдар. Олай болса сабағымызға критерий құрайық.
-Бұл не? /Тұсбағдар/ Тұсбағдардан не көреміз? /тұстарды көреміз/ Картанын суретін көрсету. -Бұл не? Картадан Қазақстанның төрт тұсын анықтап шығайық...(Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан). Мұғалім: -Бүгінгі сабақта Қазақстанда қандай өнімдер өндірілетіні жайлы айтамыз. Мұғалімнің қосымша ақпараты Отандық өнімдер Қазақстанның тамақ өнеркәсібі 1000-ға жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығарады. Еліміздегі ет, сүт, нан өнімдері, дәнді дақылдар сапасы мен бағасы жөнінен әлемдік бәсекеге түсе алады. Дастарханымыз тәттісіз болмайды. Оның барлығы кондитерлік өнімдер. Кондитерлік өнімдер өндіретін Алматы қаласында «Рахат» АҚ, Қарағанды қаласында «Қарағанды конфеттері» АҚ және сондай-ақ, ішкі нарықта танымал Қостанай қаласының «Баян сұлу» ААҚ, тағы сондай Алматы қаласында шай өндіретін «Алматы шайы» ЖШС, қант өндіретін «Қант» ААҚ елдегі ең белгілі фирмалар болып табылады. Ең дамыған сала – ет өнеркәсібі. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 1930-жылдары салынған Солтүстік Қазақстан облысында Семей ет консерві зауыты. Тағы сондай осы облыста егін шаруашылығыда жақсы дамыған. Бұл жерде бидай өсіріп, нан өнімдері жақсы сұраныста. Солтүстік Қазақстанның Петропавл қаласында «Сұлтан»АҚ макарон зауыты бар. Барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Сондай-ақ, өзіміздің Үштөбе қаламызда «Айдын» ЖШС-да сүт өнімдерін дайындайды. Бұлардың негізгі шикізат көзі ауыл болып саналады. Батыс Қазақстан облысында Каспий теңізі бар. Бұл теңізден балық өндіріп, консерві дайындайды. Шығыс Қазақстанда аралардан бал өнімін алады. Бұл өңірдеде ет консерві зауыты бар. Оңтүстік Қазақстанда қант өндіреді, жеміс-жидек өнеркәсібі жақсы дамыған. Өзіміздің Алматы қаласында әлемге танымал апорт алмасы өседі. Апорт – бұл алманың бірегей сұрыбы.
Топтық жұмыс: Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің бөліктеріне зерттеу саяхатын жасауды тапсырамын. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек. Нәтижесін постерге түсіреді. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар сынып бойынша ілінген суреттер мен сөйлемдерді жинап, өз постерлеріне жабыстырады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз жұмыстарымен таныстырады. Оқушылардан жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын білдіруін сұрау. Дәптермен жұмыс 55 беттегі 53 жұмыс парағы Ботаның жіберген қатесін тауып, суретті бояу. Өсімдік өнімдері Мал өнімдері Картоп ірімшік Жұмыртқа ет Алма иогурт Күріш қияр
Жеке жұмыс. Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам өндіретінін жазу тапсырылады. Бұл оқушылардың білімін саралау бойынша алынатын тапсырма.
| Интереактивті тақтадан көрсету суреттер Қазақстанның физикалық картасы Презентация «Отандық өнімдер» Өнімдер бейнеленген суреттер, сөйлемдер. Постер қорғау Қай өңірде не өндірілетінін жазу Карта | |||||||||||||||||||||
Қорытынды бөлім | Өзін-өзі бағалау «Мен үшін....». Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайлдардың көмегімен көрсету. Өз ойларын ашып айту. Қызықты, түсіндім Сұрақтар пайда болды қиын болды | ||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||
Дифференциация – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам өндіретінін жазу тапсырылды. Бұл оқушылардың білімін саралау бойынша алынатын тапсырма. | Құндылықтармен байланыс Пәндік байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік сақтау шаралары | |||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар топтық жұмыста жетекші рөл атқарады. Қазақстанда жасалған отандық өнімдерді картада жазып көрсету.
| Бармақпен бағалап, смайликтер беру. Және бақылау картасына түртіп отыру. Оқушылар Елімізде өндірілетін негізгі тағам түрлері туралы білді; Оқушылар мал өнімдері мен өсімдік өнімдерін ажыратуды үйренді; Қазақстан картасынан еліміздің қай өңірінде не өндірілетіндігін көрсете алды. | Дұрыс тамақтану, денсаулық сақтау география пәнімен байланыс | |||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты орындалды ма? Бүгін балалар нені үйренді? Оқыту атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасында дифференциация бойынша әрекеттер сәтті болды ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарда қандай өзгерістер болды және неге?
|
| ||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: «Ойлан» тапсырмасы 2: Топтық жұмыс және жеке жұмыс Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жеке оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?