Біз қалай тамақтанамыз? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім: Тағам және сусын Күні: 27.03.17 Сынып: 1В | Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Біз қалай тамақтанамыз? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру |
Сабақ мақсаттары | Тағам және сусын түрлерімен танысамыз.Қазіргі және ежелгі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы білеміз. |
Бағалау критерийлері |
туралы әңгімелейді. |
Тілдік мақсаттар | Тағам және сусын тақырыбына қатысты сөздер |
Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік /интернационализм | Еңбек және шығармашылық |
Пәнаралық байланыстар | Тарих,математика |
Бастапқы білім | Алдыңғы бөлімдерде ежелгі адамдардың тіршілік ету салтымен таныс |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 1-2 мин | (Ұ)Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың көңіл- күйлерін сұрау Сабаққа дайындықтарын тексеру | Интерактивті тақта | ||
Сабақ ортасы 3-8 мин 9-20 мин 20-30 мин 31-35 мин
| ((Ұ) Тақтаға асханада тамақтану кезіндегі суретті көрсету -Сендер бұл суретке қарап не айта аласыңдар? - Не үшін асханаға барамыз? - Адамға не үшін тамақтану қажет? /оқушы жауаптары/ -Қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақта не жайында айтамыз? -Нені үйренеміз? /Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау/ Сабақ тақырыбы: «Біз қалай тамақтанамыз?» Мақсатымыз:. Тағам және сусын түрлерімен танысамыз.Қазіргі және ежелгі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы білеміз. (Ұ) Суреттерді салыстыр 1. 70- беттегі берілген суреттерді салыстырады 2.Бір оқушы ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ерекшелікті айтады 3. Екінші оқушы ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты айтады 4.Берілген мәтінді оқиды (Ұ)Дұрыс тамақтану туралы видеожазба көру /Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы әңгімелету/ (Т) Тағам және сусын Мақсаты: Тағам және сусын түрлерін ажырата білу Нұсқаулық: Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Берілген азық өнімдерінің суреттерін екі топқа бөледі. Сонымен қатар «Қонақ күту» ойынын ойнайды. 1-топ: Қазақстан 2-топ: Ресей 3- топ: Ұлыбритания 4-топ: Өзбекстан Ойын шарты: Әр мемлекет өкілдері бір-біріне қонаққа баратындары айтылады. Соған сәйкес дастархан жаю керек және қонақ келгенде айтылатын сөздерді жазулары қажет. (ҚБ) Топтар өз жұмыстарын қорғайды, бірін-бірі тыңдау арқылы бағалайды. Қорытынды ретінде оқулықта берілген екінші мәтінді оқиды Сен білесің бе? Оқушыларға жұмбақ жасыру: Әрі сусын, әрі дәрі Емге ішеді жас пен кәрі Малдың сүті, елдің құты Деп біледі жұрттың бәрі / қымыз/
Қымыз туралы не білетіндерін сұрау Қымыз туралы қосымша ақпарат беру Қымыз — жылқы сүтінен алынатын, кышқыл, сүт өнімі Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Бұл ғажайып сусын қыргыз, қазақтардың барлық салтанатты думандарымызда бiрiншi кезекте берiледi. Ал туралы өлеңдерде, мақал-мәтелдерде айтылады, әйел адамның қабiлетiн ең алдымен оның қымыз әзiрлеуiне қарап бағалаған. Ыдыс түбiнде iшiлмей қалған қымызды төгiп тастау күнә болған. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған. | Тақырыптық суреттер оқулық видеожазба
үлестірмелі материалдар жұмбақ | ||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Рефлексия:-Не білдім? -Не қызықты болды? -Қандай қиындықтар кездесті? «Түсті сигналдар» арқылы өздерін бағалайды | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады | Сергіту сәті | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды