Дәмді әрі пайдалы. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 4A бөлім: Тағам және сусын Күні:4 тоқсан Сынып: 1 | Физика-Математика Бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Дәмді әрі пайдалы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру 1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау | ||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||
Бағалау критерийлері:
| Тұтыну заттарын қайдан келетінін анықтайды. | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Дәмді, пайдалы, тағамдар, тағам түрлері, зиянды, тауар, ас әзірлеу, рецепт,т.б. сөздер мен терминдерді пайдаланады | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық арқылы астың маңыздылығын түсінеді | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, қазақ тілі пәндерімен байланысты | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Алдыңғы бөлімдерде тамақ пен сусын тақырыбының көптеген мәселелері қарастырылған. Оқушылар осыған дейін ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындардың түрлерін біледі. Бөлімге байланысты кейбір тарихи деректермен таныс. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық Мақсаты:Жағымды көңіл-күй орнату -Кел, жаныма тұр, сыныптас. Өз алақаныңды маған аш. Міне, менің қолым бос, Жылуыма жылу қос. «Сиқырлы қорап» ойыны Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қызығушылықтарын арттыру. Тапсырма:Қобдишаның ішіндегі затты анықтаңдар. Мұғалім қобдишаның ішіндегі затты /кез келген азық-түліктің муляжы/ табуды ұсынады.Оқушылар сұрақтар қояды, мұғалім «иә» немесе «жоқ» сөзімен ғана жауап береді. Мысалы:Сұрақ:-Ол ойыншық па? Жауап:-Жоқ. Сөйтіп оқушылар заттың не екенін анықтағанша, қобдишаны щеңбер бойымен жібереді. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Бағалау критерийлерін анықтау. | Қобдиша муляж критерийлер | |||||
Сабақтың ортасы 7 минут 8 минут 6 минут 5 минут 6 мин | (Ұ,Т,Қ) Топтық жұмыс Мақсаты:Тамақтануға арналған өнімдерді анықтау. Қонақтарды күтуге арналған тамақ (немесе мәзір) ойлап табады. Оқушылар төртеуден топтасып жұмыс істейді. Әр топқа пайдалану үшін өнімдер таңдау ұсынылуы керек. Нақты атауымен оқушыларға тамақ суреті беріледі. (Ұ/Ж,Қ) Оқушыларға өз өнімдерімен не жасау керектігін ойлауы керектігі айтылады. "Рецепт" түсінігін беріледі, олардан үйде тамақ дайындауға көмектесетіндіктерін біліп, олар қандай тамақ дайындай алады? "Рецепт" түсінігін сөздік қорға енгізу. Оқушылар таңдау себептерін түсіндіреді.Өз рецептерімен бөліседі. (Ұ/Ж) Сол уақыт тағамдарын дайындауға болатын бірнеше тамақтар мысалдарын келтіріңіз, мысалы қандай сусын үшін арпа пайдаланылады. -Пияз, қой еті және бұршақтан қандай тағам пісіруге болады? (Ұ/Ж) Суретпен жұмыс Ас үй құралдарының суреттерін көрсету, мысалы балта, соғуға арналған балға, пышақтар, кесу тақтайлары, тамақ пісіруге пайдалана алатын кастрюльдер, табалар. -Олар не үшін керек? Олармен жұмыс жасағанда не істеу керек? Оқушылардың жауаптарын тыңдау (Т/Ұ) Топтар ойлап тапқан идеяларды талқылау және қайсы азықты өзі ұнатып таңдайтынын дауысқа салу. Суретпен жұмысты жалғастыру Оқушыларға суреттерді пайдалы және зиянды екі топқа бөлуді, постер жасауды ұсыну. ПАЙДАЛЫ ЗИЯНДЫ Оқушылар өздерінің жұмыстарын қорғайды.Өз ойларымен бөліседі. | Суреттер тағам атаулары Үй құралдарының суреттері Флипчарт маркерлер мен тағам түрлері | |||||
Сабақтың соңы 3 минут | -Балалар,сабақтың басында құрған қритерийлеріне тоқталсақ -Сабақтың мақсатына жеткен балалар жасыл түсті стикерді,ал түсінбедім,маған сәл қиындау болды деген балалар сары түсті стикерді алып мына параққа іледі. 1-2 оқушы сабақ туралы өз ойларымен бөліседі | стикерлер | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздік сақтау шараларыАКТҚұндылықтар | |||||
Аса қабілетті балалар тақтаның көмегімен әртүрлі тағамдарды топтастырады | Өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беремін |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?