Дәмді әрі пайдалы. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

4A бөлім: Тағам және сусын

Күні:4 ТОҚСАН

Сынып: 1

Физика-Математика Бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дәмді әрі пайдалы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.1.1.4 тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру

1.1.1.5. Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

 Сабақ мақсаттары

Дәмді әрі пайдалы тағамдарды зиянды тағамдардан ажырату. Тағамдардың қайдан келетінін анықтау.

 Бағалау критерийлері:

 

Тұтыну заттарын қайдан келетінін анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Дәмді, пайдалы, тағамдар, тағам түрлері, зиянды, тауар, ас әзірлеу, рецепт,т.б. сөздер мен терминдерді пайдаланады

 Құндылықтарды дарыту

Еңбек және шығармашылық арқылы астың маңыздылығын түсінеді

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, қазақ тілі пәндерімен байланысты

Алдыңғы меңгерілген білім

Алдыңғы бөлімдерде тамақ пен сусын тақырыбының көптеген мәселелері қарастырылған. Оқушылар осыған дейін ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындардың түрлерін біледі. Бөлімге байланысты кейбір тарихи деректермен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Мақсаты:Жағымды көңіл-күй орнату

Табиғат - біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті боламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

«Артығын тап» ойыны

Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында қызығушылықтарын арттыру.

Тапсырма:Әр қатардағы артық сөзді анықтаңдар.

Қоян, түлкі, аю , ет, қасқыр.

Қарлығаш, сүт, тырна, торғай, аққу..

Сиыр, қой, нан, жылқы, түйе.

Сазан, май, шортан, итбалық, дельфин.

-Балалар, қай сөздер артық болып шықты?

-Оларды бір сөзбен не дейміз?

-Бүгінгі сабақта не жайлы сөйлесеміз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін анықтау.

Презентация

Үлгі сөздер карточкалар

Сабақтың ортасы

7 минут

8 минут

6 минут

5 минут

6 мин

(МК) Карлсоннан хат:

 «Сәлем, достар!!!»

 Өз хатымды мен ауруханадан жолдап отырмын. Денсаулығым нашарлап, күнде ішім ауырады.Дәрігер мұның бәрі де дұрыс тамақтанбағандықтан деп отыр. Маған көмектесіңдерші.

 Достарың Карлсон.

 – Балалар, Карлсонға көмектесеміз бе?

 – Қандай тағамдарды жеуді ұсынамыз?

 – Қазір дүкеннен дәмді әрі пайдалы тағамдарды таңдайық.

(Ұ/Ж) «Азық-түлік дүкені» ойыны

/Әр топтан 1 оқушы дүкенге барып, тағамдарды таңдайды/

- Қандай азық-түлікті сатып алдыңдар?

-Олардың қайсысы пайдалы?

- Осылардың ішінен ең пайдалы деген тағамдарды таңдап алыңдар.

/Оқушылар топта ақылдаса отырып, өз пікірлерімен бөліседі/

(Т/Ұ) Тамақтану пирамидасы

Мұғалім тамақтану пирамидасын әр топқа таратады

-Балалар, мына пирамидаға назар аударыңдар.

-Бұл пирамида неше бөліктен тұрады?

-Пирамиданың қай бөлігі ең маңызды деп ойлайсыңдар?

-Неліктен?

Оқушылар пирамиданың ең төменгі сатысындағы тағамдарды айтады, талқылайды,бұл ең пайдалы тағамдар екені түсінеді.

(МК)Тамақтану туралы бейнематериалды тамашалау

(ОШ) Тамақтану ережесі

/Әр топ дұрыс тамақтану ережесін құрастырады/

(Қ) Мәтінмен жұмыс.Дұрыс тамақтанудың қандай пайдасы бар?

/Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Үйде қандай тағамдар дайындалатынын айтады./

Карлсонның суреті мен хаты

Тамақтану пирамидасы

Флипчарт маркерлер мен тағам түрлері

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия.

-Не түсініп, не білдік?

-Не пайдалды болды?

-Қандай жақсы іс жасадық?

Өзін бағалау

Оқушылар тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсетеді.

100% 75% 50% 25%

Пайыздық көрсеткіштер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз?

Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздік сақтау шараларыАКТҚұндылықтар

Аса қабілетті балалар әртүрлі

тағамдардың пайдасын сипаттайды.

Өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беремін



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу