Тағам және сусын. Дүниетану, 1 сынып, қосымша материал.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі 4A бөлім: Тағам және сусын Сабақтың тақырыбы: Месопотамиядағы адамдар немен тамақтанды? Күні: Сынып: 1 В | Физика-Математика Бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Көкшетау қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова С.Р Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны:0 Кудайбергенова С | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.2.2.1 Месопотамияны тарихи картадан табу 1.1.1.5 Әртүрлі дереккөздерді білу (карта, жоспар, суреттер, фотолар, баяндамалар, әңгімелер, фильмдер, ойындар, әндер, аңыздар, фольклор, миф, поэзия, хроника және жазбалар) | |||||||||
Сабақ мақсаттары:
|
| |||||||||
Жетістік критерийлері:
| Месопотамия өркениеті туралы білеміз Өзеннің адам өміріндегі қандай рөл атқарғанын анықтаймыз | |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Өркениет-цивилизация Жарма-крупа-grins Егін шаруашылығы-земледелие- Құнарлы жер-полодородная земля | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық арқылы астың маңыздылығын түсінеді | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | география, тарих және қоғамтану | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Алдыңғы бөлімдерде тамақ пен сусын тақырыбының көптеген мәселелері қарастырылған. Оқушылар осыған дейін ұлттық және өздері тұтынатын тағамдар мен сусындардың түрлерін біледі. Бөлімге байланысты кейбір тарихи деректермен таныс. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 1 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа назарларларын аударады. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз | |||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 7 мин 5мин 10 мин 2 мин 3мин 3мин | -Балалар,менімен бүгін саяхатқа барғыларың келе ме? -Бұрыңғы өткен заманға Месопотамия деп аталатын елді мекенге саяхат жасаймыз. Мен саяхат жетекшісі боламын.Сендер саяхат туралы сұрақтар қоя аласыңдар.Ал мен жауап беремін.Менің көмекшілерім болады. -Балалар,мына суретке назарларыңды аударыңдар. (Месопотамия туралы видео ұсыну) (Ұ) –Балалар,Месопотамия неліктен екі өзен тоғысындағы өркениет деп атаған екен? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау) Картамен жұмыс Балалар картадан Месопотамия жерін анықтап,сызады.Бір-біріне көрсетеді. «Ежелгі Месопотамия» -Балалар,мына қалташалардың ішінде не бар деп ойлайсыңдар? -Ия,дұрыс.Бұл қалташаларда Месопотамиядан әкелінген дәнді-дақылдар салынған. -Қандай дәнді-дақылдар білесіңдер? -Бұл дәнді –дақылдар өсу үшін не қажет? Жылу,су,жер -Қандай су болу керек? -Жер қандай болу керек? Балалардың жауаптарын «Құнарлы жер»сөзінің мағынасымен байланыстыру -Сонымен адамдар неліктен өзен жағасын мекендеген екен? Оқулықтағы 1-ші мәтінді оқып шығады. «Анықта» айдары (оқулықпен жұмыс) -Балалар,картадан қандай қалаларды көріп тұрсыңдар? -Балалар,барлығымыз тарихи саяхатшылар сияқты өте ертеде ежелгі Вавилон,Ур қалаларында тіршілік еткен Месопотамия халқы қандай тағам мен сусын қолданғанын зерттейміз. Балалар постерге алдын ала таратылған материалдарды қолдана отырып Месопотамия халқы туралы постерге түсіреді. (оқушыларға түрлі суреттер таратылады) Оқушылар суреттер арқылы постер жасайды,қорғайды) 1-топ Месопотамия тұрғындары немен қоректенді? 2-топ Месопотамия халқы немен айналысты 3-топ Оқушыларға екі өзен тоғысындағы орналасқан елді мекеннің суреті бар қалыпты тарату.Оқушылар қалыптың бетіне ермексаз жағады.Содан соң жарманы ұқыптап себеді,гуашьпен бояйды.жұмысын қортындылайды. Оқулықтағы 2-ші мәтінді оқып шығады. -Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?-Оркестр. Оркестрде кім жетекші рөлін атқарады? «Дирижер ойыны» 1 оқушы шығып бірінші қатарға таяқшамысен көрсетеді.Сол қатардағы оқушылар қазақ тлінде тірек сөзді атаулары керек.Екінші қатарға сілтеген сәтте екінші қатардағы топ орыс тілінде жауап береді,үшінші қатарға таяқшаны көрсеткен кезде ағылшын тіліне аударын айтады. -Балалар,адамның дені сау болу неге байланысты? (Балалардың жауаптарын тыңдау) -Балалар,мектепте,үйде таңғы асқа не даярланады.Неліктен? -Ал сендерге қандай ботқа ұнайды? Оқулықтағы тапсырма орындалады. -Қандай жармалардан ботқалар дайындалады? «Сен білесің бе?» Көмекшілерім,саяхатшыларға құрма таратады. -Балалар,бұл не? -Құрма туралы не білесіңдер? Құрма туралы видео ұсыну -Балалар,егер алыс сапарға шықсаңдар өздеріңмен бірге құрма ала жүріңдер.Себебі,құрманың құрамында адам үшін барлық қажетті дәрумендер бар. Осымен біздің саяхатымыз аяқталды. | |||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | -Балалар,сабақтың басында құрған қритерийлеріне тоқталсақ 1 3. -Сабақтың мақсатына жеткен балалар жасыл түсті стикерді,ал түсінбедім,маған сәл қиындау болды деген балалар сары түсті стикерді алып мына параққа іледі. 1-2 оқушы сабақ туралы өз ойларымен бөліседі | |||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздік сақтау шараларыАКТҚұндылықтар | ||||||||
Аса қабілетті балалар тақтаның көмегімен әртүрлі Тағамдарды топтастырады | Өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беремін | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?