«Бәйтерек» - өмір ағашы. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ: Дүниетану

3В бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Тақырып: Бәйтерек – өмір ағашы

Мектеп: Бикен Римова атындағы МДШО бар орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қасымбекова Әлия Көдекқызының аудандық семинарда өткізілетін дүниетану пәні бойынша сабақ жоспары.

күні: 22. 02. 2017

Мұғалімнің аты-жөні:Қасымбекова Ә.К

СЫНЫП: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаты

1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әгімелеу

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Сабақтың тірек сөздерін есте сақтайды;
  • Байтерек туралы аңызымен танысады

Көпшілік оқушылар жасай алады:

  •  өздерінің бақылау жазбаларын жасау дағдыларын жетілдіреді;
  •  сұраққа жауап таба біледі;
  • аңызды мазмұндайды.

Кейбір оқушылар жасай алады:

  • сабақта алған білімін қолдана алады;
  • тірек сөздерді үш тілде де есте сақтайды;
  • «Байтерек» монументін сипаттай алады.

 Тілдік мақсат

Оқушылар түркілердің аңыздарын біледі және «Бәйтерек» ескерткіші туралы білімдерін толықтырады. Сабақтың негізгі идеясы оқушыларға ежелгі адамдардың дүние туралы таным-түсініктерінің қандай болғанын және сол түсініктің қазіргі заманға қалай кіріккенін түсіндіру болып табылады. «Бәйтерек» ескерткішін сипаттай отырып, оқушылар қатынас тілінің дағдыларын дамытады. Алған ақпараттары негізінде өз ойларын жеткізу мен сұрақ қоюды үйренеді.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта диалог/жазуға қолданылған тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар: Бәйтерек деген не? Қазақстандықтардың өмірінде Бәйтеректің қандай маңызы бар?

Не себепті олай ойлайсың?

Пәнаралақ байланыс: Математика, Дүниетаным

 Күтілетін нәтиже

«Бәйтерек» монументінің мағынасын түсінеді;

Өз ойларын нақты айта алады;

Сұрақтарға толық жауап бере алады.

Алдыңғы білім

Оқушылардың алтын адам, көне жазбалар, Қазақстанның рәміздері туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекет (төменде көрсетілген орынға өзіңіздің тапсырмаларыңызды жазыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5 минут

Білу

6-10 минут

Сабақтың ортасы

Түсіну

Қолдану

Ұйымдастыру кезеңі

Қайырлы күн, ұстаздар!

Қайырлы күн, достар!

Сәрсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең 5-тік болсын.

Олай болса, балалар сабағымызды бастамастан бұрын топқа бөлініп алайық. Ол үшін менің алдымдағы жасырынған сандарды алып топқа бөлінейік.

Алдыңғы білімді еске түсіру

  • Балалар, біз қандай бөлімді өтіп жатырмыз?
  • Осы бөлімге қарасты қандай тақырыптармен таныстық?

(Мен қазақпын, Қазақстан рәміздері, көне жазбалар, алтын адам туралы аңыз)

  • Алтын адам қай жерден табылды?(Есік қоғанынан)
  • Алтын адам қайда орналасқан?

Нұрлан Өнербаевтің «Бәйтерек» әнін тыңдайды

-Өлеңде не туралы айтылған?

- Жапырақ, әке, бәйтерек, бала туралы айтылған.

Мақал мәтелдің мағынасын ашу

Ата-бәйтерек,бала-жапырақ

-Балалар,мына мақалды қалай түсінесіңдер

(Балалардың жауаптарын тыңдау)

-Балалар,бәйтерек ағашы туралы не білесіңдер?

-Бұл қандай ағаш?

(Тақтаға бәйтеректің суретін шығару)

-Балалар,бәйтерек ағашын қайдан көреміз?

-Тағы осы бәйтерек туралы не айтуға болады?

-Бүгінгі сабақта не туралы сөйлесеміз?

Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз не туралы екен?(Бәйтерек)

Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.

Сабақтың мақсатын хабарлау

  • Бәйтерек туралы аңызбен танысу;
  • Монументтің не екенін түсіну
  • Ал енді балалар, сабағымызды ары қарай түсіну үшін сендерге аңыз әңгімені тыңдауды ұсынамын.

Топтық ережені еске түсіру.

Бағалау критерийін құру.

  • Әр топ кейіпкерлердің суретін салу.
  • Суретегі кейіпкерлерге сипаттама беру.

Топтық жұмыс

1-тапсырма: Мына тапсырмада әр топ кейіпкерлердің суретін салып, сипаттама беру.

1 топ Бәйтеректі бейнелеп, бояу

2 топ Айдаһарды бейнелеп, бояу

3-топ Самұрық құсты бейнелеп, бояу

..2-тапсырма: «Зертте» айдары Бәйтерекке саяхат туралы фильм көрсету

1-топ: Пазлдардан «Бәйтерек» монументін жинау.

2-топ: Бәйтеректің бөліктерін атап, дұрыс орналастыру.

3-топ: «Бәйтерек» монументі жайлы әңгімелеу

Критериалды бағалау:

  • Пазлдардан «Бәйтерек» монументін құрастыру.
  • Бәйтеректің бөліктерін дұрыс атау және дұрыс орналастыру.
  • «Бәйтерек» монументі жайлы жүйелі әңгімелеу.

«Бәйтерекке» саяхат» фильмі

«Бәйтерек» пазлы.

(МК;Т;Қ)

Сергіту сәті

Төмен қарап жер көрдім,

Көкке қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім

Талдау

«Салыстыр»

Бейне тақтадан екі сурет шығарылады

(Балалар берілген суреттерге қарап 1-2 сұрақ қояды)

– «Бәйтеректі» неге «Өмір ағашы» дейді? (Себебі ол біздің бабаларымыздың дүние туралы танымын білдіреді).

– «Бәйтерек» ескерткіші қайда орналасқан? (Астанада).

  • Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)

-Балалар,Астана қаласындағы монумент неліктен бәйтерек деп аталды?

(Балалар өз болжамдарын айтады)

Мұғалім:

-Бәйтерекке саяхат жасаған балалар бар ма?

-Әсерлерін қандай?

Интерактивті тақтадан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің суреті шығарылады

-Балалар, бұл кім?

-Бүгінгі сабақтың тақырыбына елбасымыздың қандай қатысы бар?

-Астанада монументі салу елбасымыздың ұсынысы болды.

Хамелеон суретін шығарып,сұрақ қою

-Бұл не?Хамелеонның қандай қасиеті бар?

-Бәйтерекке қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті

Сабақтың соңы

Жинақтау

«Кім тапқыр»

Бәйтеректің жұмыс уақыты сағат 10.00 де басталады және 22.00-де аяқталады.

Бәйтерек неше сағат жұмыс істейді?

3-тапсырма: Дәптермен жұмыс.

1.Самұрық құс пен айдаһардың суретін бояу.

2.Кейіпкерлерге тиісті сөздерді тауып жазу

Рефлексия

Бағалау

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

– Аңыздың негізгі ойын айтыңыз? (Мейірім мен зұлымдықтың күресі).

– «Бәйтеректі» неге «Өмір ағашы» дейді? (Себебі ол біздің бабаларымыздың дүние туралы танымын білдіреді).

– «Бәйтерек» ескерткіші қайда орналасқан? (Астанада).

– Құрылыс идеясы кімдікі? (Елбасымыздың идеясы).

– Құрылыстың авторы кім? (Норман Фостер).

– Ескерткіш неге Астананың ғана емес, тұтас Қазақстанның рәмізі? (Себебі «Бәйтерек» – өзіндік тарихы бар және болашақта дамуға бет бұрған мемлекетіміздің рәмізі).

«Көк тудың желбірегені» әнін хормен айту.

Қосымша ақпарат

Дифференциацияқосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Дифференциацияқосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Дифференциацияқосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Математика Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға есеп шығару ұсынылады.

«Бәйтеректің» жұмыс уақыты: 10.00-нан 22.00-ге дейін. «Бәйтеректің» неше сағат жұмыс істейтінін есептеңіздер.

Жауаптары 12 сағат.

Оқушылар білді:

– «Бәйтерек туралы аңыздың» мазмұнын;

– «Астана-Бәйтерек» ескерткішінің авторын;

– өткен мен бүгінгінің таным дүниесін.

Оқушылар үйренді:

– сұрақ қоюды;

– жаңа сөздерді қолданып, тарихты қайталап айтуды;

– лайықты лексиканы қолдануды;

– аңыз кейіпкерлерін бейнелеуді.

Сабақты «Бәйтерек бейнесі» пазлын құрастырыңдар деген тапсырмамен аяқтауға болады. Бейненің сыртқы бетіне тақырып бойынша тапсырма мен сұрақтарды жазып қойыңыз.

– Аңыздың негізгі ойын айтыңыз? (Мейірім мен зұлымдықтың күресі).

– «Бәйтеректі» неге «Өмір ағашы» дейді? (Себебі ол біздің бабаларымыздың дүние туралы танымын білдіреді).

– «Бәйтерек» ескерткіші қайда орналасқан? (Астанада).

– Құрылыс идеясы кімдікі? (Елбасымыздың идеясы).

– Құрылыстың авторы кім? (Норман Фостер).

– Ескерткіш неге Астананың ғана емес, тұтас Қазақстанның рәмізі? (Себебі «Бәйтерек» – өзіндік тарихы бар және болашақта дамуға бет бұрған мемлекетіміздің рәмізі).

Ғылымға кіріспе. Оқушыларға «Бәйтеректің» шары күн сәулесінен түсін өзгертіп тұратын «хамелеон» (құбылғы) әйнегінен жасалғаны туралы ақпарат беріңіз.

Оқушылардан құбылғы хайуанын білетіндіктерін сұраңыз. Бұл аңның қандай ерекшелігі бар?

Рефлексия

Сабақ мақсаты орындалды ма?

Бүгін балалар нені үйренді?

Оқыту атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасында дифференциация бойынша әрекеттер сәтті болды ма?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарда қандай өзгерістер болды және неге?

Осы сабақты бағалау үшін бос орын пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы тиісті сол жақтағы сұраққа жауап беріңіз

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жеке оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Сабақтың тікелей материалы

Түркі мифтері бізге Бәйтерек туралы не айтады?

 Ерте заманда әлем үш бөліктен тұрады деген сенім болған. Жоғарғы әлемде құдайлар тұрады, Ортаңғы әлемде – адамдар, ал Төменгі әлемде зұлым рухтар тұрады деп санаған. Барлық үш әлемді Бәйтерек біріктіріп тұр делінеді. Тамыры рухтар әлемінде, төбесі құдайлар әлемінде, Темірқазыққа дейін жетіпті-міс. Ұшар басына Самұрық құс ұя салған екен. Ұяда қасиетті жұмыртқа жатады. Егер дүние опат болса, құс жұмыртқасын қайта салады да, одан тіршілік үр жаңа жанданады дейді. Ағаштың тамырынан түрлі өзендер бастау алады екен.

«Астана-Бәйтерек» ескерткіші

«Бәйтерек» өзінің орналасуымен, құрылымымен өткен мен болашақтың арасында өзен ағып жатады деген ежелгі көшпелілердің дүниетанымын көрсетеді. Өзен жағасында өмір ағашы – алып Бәйтерек бой көтерген, ал төбесімен көкті тіреп тұрған.

Ескерткіш Қазақстанның елордасы – Астанада орнатылды. Ол Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен бой көтерді. Ескерткіш Қазақстанның негізгі мақтанышы мен төл таңбасына айналды. Сондай-ақ Бәйтерек өзінің тарихи тамырын сақтаған және болашаққа ұмтылған қазақ халқының да бейнесі болып табылады.

Жобаның авторы – ағылшынның белгілі архитекторы Норман Фостер. Құрылыстың биіктігі 97 метр және елордасын Алматыдан Астанаға көшірген уақытты білдіреді (1997 жыл). Алтындатылған шардың диаметрі 22 метра. Төменгі бөлігі дәмхана, аквариумдар, суретші Ерболат Төлепбайдың жұмыстары қойылған «Бәйтерек» шағын галереясы бар төрт жарым метр тереңдікке жер астына кетеді. Сол жерден лифт арқылы бар және көру залы орналасқан ең жоғарғы деңгейдегі шарға көтерілуге болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу