Біздің ауылымыз немесе қаламыз қандай? Біз олар туралы қалай біле аламыз? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

2В бөлім: Бізді қоршаған әлем

Тақырып: Біздің ауылымыз немесе қаламыз қандай? Біз олар туралы қалай біле аламыз?

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

2 тоқсан Сынып 1

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.4.1 Өз көшесін, ауданын суреттеу, сипаттау

1.4.4.2 Өз қаласының немесе ауылының негізгі көшелерін, ғимараттарын және көрікті орындарын суреттеу

1.1.1.2 Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға жауап беру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

Өзінің тұратын қаласын, ауылын, көрікті жерлерін тұратын жерін, көшесін сипаттай алуы керек.

Көпшілігі:

Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя алады, тұратын көшесін, жерін сипаттап айта алады.

Кейбір оқушылар:

Мәтіндегі негізгі ойды анықтай

Өз қаласының көрікті жерлерінің атауларын сипаттап 3 – 4 сөйлем көлемінде әңгімелей алады, картадан өзі тұратын жерді (жақын қаланы) көрсете алады.

Алдыңғы сабақта

Әңгіменің мазмұнын ретімен айтып үйренді, сұрақтарға жауап берді.

Тілдік мақсаты

Талқыланатын мәселелер:

  • Бұл қандай жер, ол не үшін қолданылады?
  • Біздің қаламыз жайында нені білгілеріңіз келеді?
  • Қала қалай салынған?

Қоршаған орта, Талдықорған қаласы, көрікті жерлер.

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

3 минут

Негізгі бөлім

25 минут

Қорытынды бөлім

10 минут

(Ұ)Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Оқушыларды сабаққа ұйымдастру мақсатында төмендегі өлең жолдарын бірге айтамыз.

Армысың шапағатты күн ана

Армысың шапағатты аспан ана

Құт дарытқан елімізге жерімізге

Армысың мейірімді жер ана.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру үшін бүгін сабақта ертегідегі ұшатын кілеммен саяхатқа баратынымызды хабарлаймын. Әдемі музыка әуенімен саяхатқа аттанамыз. Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмамыз.

Көзімізді ашамыз. Біз Талдықорған қаласы туралы мағлұмат аламыз.

(МК) ТалдықорғанАлматы облысының орталығы. Тұрғындар саны

129,6 мың адамды құрайды.

 Қазақстан Республикасының  оңтүстік шығысында Жетісу Алатауының  батыс жағында орналасқан. Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін әуежай, теміржол станциясы бар. 

(Ж) Жұппен жұмыс

Әр жұпқа Талдықорған қаласының көрікті жерлерінің суреттерін таратылады.

(ОТ) Оқушылардың дұрыс, қатесіз, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту мақсатында әр оқушы алдына берілген мәтіннен сөйлемдерді оқып шығу тапсырылады.

Менің сүйікті қалам

Отан деген – ол туған жер, ата – ана, туыс –бауырлар, мектеп, достар, ауыл, мектеп.

Талдықорған қаласы білім, мәдениет, туризм орталығы және халықаралық, өңіраралық өндірістік–қызмет көрсету орталығы ретінде аса тартымды қала. Қалада 4 жоғарғы оқу орны, 12 орта кәсіби білім мекемелері, 25 жалпы білім беру мекемелері жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қалада драма театры, филармония, мұражайлар, мәдениет және демалыс саябақтары, кітапханалар мен кинотеатрлар, стадиондар, спорт кешені, аквапарк және ипподром бар.

(Т) Топпен жұмыс

Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін келесі тапсырма түрін ұсынамын.

Төменде берілген сөйлемдерді қиып әр топқа таратып, дұрыс сөйлем құрастыруларын тапсырамын.

Қаламыздың көрікті жерлері.

Талдықорған – сүйікті қалам.

Отаныммен мақтанамын.

Ең таза қала!

Талдықорған – талдан соққан қорғаным.

Туған жер туралы мақал – мәтелдер:

1.Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

2.Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3. Отанды сүю – от басынан басталады.

4. Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

5.Жері байдың елі бай

Сергіту сәті.

Екі көзін не үшін керек

Жақсыларды көру үшін.

Екі қолың не үшін керек

Бір-біріне көмектесу үшін.

Құлақтарын не үшін керек

Жақсыларды есту үшін.

Аяқтарын не үшін керек

Алыс кетсең туған елге

Жету үшін керек.

(Ө) Өзіндік жұмыс.

21-, 22- жұмыс парағымен жұмыс.

Өз мекенжайыңды жаз.

----------------------------қаласы (ауылы)

--------------көшесі, №--------- үй, №------ пәтер.

Қосымша тапсырма. Дифференциация.

Туғ...н қалам с...нен қуат ал...мыз

Қияға қ...нат қағ...мыз

Елге ш...рақ жағ...мыз

Өзіңнен б...қыт таб...мыз.

(Ө)Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындау.

Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету

Жасыл түс – түсіндім

Сары түс – әлі де мағлұмат керек

Қызыл түс – түсінген жоқпын

Суреттер, сөздер.

https://www.youtube.com/watch?v=wyrg1_7OKTk

Талдықорған қаласының көрікті жерлерінің суреттері

Қосымша ақпарат.

Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы

Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырма орындауларын тапсырамын. Топпен жұмыс, жұппен жұмыс орындау барсында қосымша сұрақтар қою арқылы олардың берген жауаптарын бақылаймын.

Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында түртіп алу, әр оқушыға берілетін қалыптастырушы бағалау жұмысында берілген жеістік критерийлері арқылы бағалаймын.

Математика пәнімен байланысты оқушы өзіндік жұмыс орындау барысында өзінің тұратын үйінің және пәтерінің нөмірін жазуды тапсыру бойынша қалыптастыруға болады. Ғылымға кіріспе пәнімен байланыс Қазақстан картасымен жұмыс кезінде еліміздің басқа да қалаларын атап кету арқылы байланыстырамын. Туған жерге, қаласына деген сүйіспеншілік құндыықтарын туған жер туралы мақал – мәтелдерді құрастыру, мәтінді оқу, сөйлемдерді құрау тапсырмасы арқылы көрсеттім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу