Достық дегеніміз не? Неліктен достардың болғаны маңызды? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Дүниетану 2A бөлім: Менің отбасым және достарым Тақырып: «Достық дегеніміз не? Неліктен достардың болғаны маңызды?» | Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||
КҮНІ: | Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С. | ||||||||||||||
СЫНЫП: 1 | ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: | ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: | |||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 1.1.5.6. Елгезек, мейірімді, ұқыпты болу және әрқашан адамдарға көмектесуге дайын болу 1.1.5.15. Адамдар арасындағы әлеуметтік айырмашылықтарды, ұқсастықтарды білу. 1.1.5.3.Өз іс-әрекетінің өзіне қалай әсер етсе, басқа адамдарға да тигізетін әсерін түсіну | ||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
| ||||||||||||||
Алдыңғы сабақта |
| ||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | бос уақыт; қызығушылық, дос, әдепті, көмектесу | ||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | |||||||||||||
Кіріспе бөлім |
Мұғалім: Оқушылар, кімде дос бар? Оның аты кім? Жауаптар: Менде досым бар, оның аты Жанар. | доп | |||||||||||||
Негізгі бөлім | 2. (Ұ) «Достар қаласы» мультфильммен жұмыс жасау. Көру барысында мультфильмді тоқтатып: -Қалай ойлайсындар, қазір не болады? -Осы балалардың орында болсаңыздар сіздер не істейсіздер? Мультфильмді көріп болған сон: -Неге мультфильм «Достар қаласы» деп аталады? -Мультфильмнің қандай үзінділері өте қатты ұнады? Неліктен? 3) (Т) Топтық жұмыс Оқушылар төрт топқа бөлінеді (пазл жинау арқылы). 4) Сергіту сәті. 5) «Нағыз дос: ол кім?» презентациямен жұмыс (сұрақтар қою арқылы) 6) Концептуалдық картаны жасау. Оқушыларға (топтарға) сөз тіркестері беріледі. Оқушылар бүл сөздерден концептуалдық картаны жасайды. (Сөздер: көмектеседі, шындық айтады, қиындық болған кезде қасыңда болады, бірге кітап оқиды, бірге ойнайды; өтірік айтады, жамандайды, біреудін затын сұраусыз алып қояды, ұрсысады). 7. (Ж) Достық туралы мақал-мәтелдермен жұмыс - Өз досы туралы әңгімелеп беріңіз.Сендерді қандай қызығушылық біріктіреді? (Оқушылар қажетті сөздерді қолдана отырып, өз досының бойындағы қасиеттерді суреттеп береді. Оқушылар мақал-мәтелдерді дауыстап оқиды. Олардың мағынасын бір-біріне түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын күнделікті өмірден алынған мысалдар негізінде түсіндіре алады. Олардан достық туралы басқа да мақал-мәтелдерді естеріне түсіруін сұрау.) 8. Орындап көр! Ақ қағаз таратып беру. Оқушылар өз алақандарын ақ қағазға қойып, жиегін қарындашпен жүргізеді. Оны әр түрлі түске бояйды. Оқушыларға ашық алақан адалдықты, сенімді және ашықтықты білдіретінін айту. Жұпта өзара «достық алақанын» алмасуды ұсыну. 9) Қалыптастырушы бағалау: | Презентация «Нағыз дос: ол кім?» http://www.youtube.com/watch?v=dGEt9Rjm39g («Достар қаласы» мультфильм) Ақ қағаз, желім, бояулар https://www.youtube.com/watch?v=w7jkef1_o0Y (Т.Молдагалиевтің «Жан досым» әні) | |||||||||||||
Қорытынды бөлім | 10. (Ұ) Мұғалім:
(мінезін өзгерту қажет) 4. Біз үнемі біреумен ғана дос бола аламыз ба? 5.Неліктен достарыңның болғаны соншалықты маңызды? | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыс: Құндылықтарденсаулық пен қауіпсіздік | |||||||||||||
6,7,8, 10 пункттерде | Оқушылар
Оқушылар
| Мультфильм көру барысында қауіпсіздік туралы, концептуалдық картаны жасағанда - құндылықтар туралы айтылады, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерімен байланыс: мейірімділік, сыпайылық, қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу. Музыка. Бояуға арналған тапсырманы орындаған кезде Тұманбай Молдағалиевтің «Жан досым» әні қойылды, әнді тыңдағаннан кейін оқушылардан әндегі достық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді естеріне түсіруді сұрау («Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған»). Өнер. Оқушылар «Достық алақанын» салады және түрлі түске бояйды. Барлық оқушыларға «достық алақанын» түсті қағаздан қиып жасап, ватман қағазға желімдеуге және тілектер жазуға тапсырма берілді. | |||||||||||||
Бақылау Сабақтың мақсатына жетім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: концептуалдық картаны жасау кезінде 2: мультфильмнің мазмұның талқылау Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: тақырыпқа сай мультфильмді көру кезеңі 2: суреттерді талқылау кезеңі Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?