Қазақстандағы үйлер мен отбасылар қандай? Олар ертеде қандай болды? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

2 А бөлім «Менің отбасым және достарым»

Тақырып: Қазақстандағы үйлер мен отбасылар қандай? Олар ертеде қандай болды?

?

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

1 сынып 2 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р. М.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.1.2 Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға жауап беру

1.1.2.3 Ақпаратқа сүйеніп, танысқан оқиғалар мен адамдар туралы өз көзқарасын білдіру

1.1.5.1 Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру

1.1.5.14 Жергілікті және аймақтық қоғамдастықтағы адамдар өмірін түсіну

1.1.5.9 Үйде, мектепте және қоғамда міндеттердің әртүрлі болатындығын, осы міндеттемелердің кейде бір-бірімен қарама-қайшылықта келетіндігін түсіну

1.1.5.7 Өзінің рухани, моралдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Өз отбасындағы дәстүр мен отбасы мүшелерінің міндеттері туралы әңгімелейді;

Көпшілігі:

Өз көзқарасын білдіруге және отбасындағы адамдардың өзара қарым-қатынас сипатын бағалауға үйренеді;

Кейбір оқушылар:

Ақпаратқа сүйеніп, ертедегі отбасы мен қазіргі отбасын салыстырып айта алады, өзара қарым-қатынас сипатын бағалай алады;

Алдыңғы сабақта

Бізге көмектесу үшін, мектепте кімдер жұмыс істейді? Олар қандай жұмыс атқаратыны туралы әңгімелеп, мектептегі орындарға саяхат жасады.

Тілдік мақсаты

Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту:

«Ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», «сіңілі», «отбасы», «дос» сөздерін оқушылар үш тілде айтады.

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

5 минут

Негізгі бөлім

30 минут

Қорытынды бөлім

5 минут

(Ұ) Сабақты «Түймедақ» ойынынан бастау. Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзі жазылады. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. Шеңберге жиналып оқушылармен отбасы тақырыбында әңгімелесу.

Кел, талқылайық! (Қ) Оқушыларға слайд арқылы сурет көрсетіледі. Отбасы суретін мұқият қарап, жұпта талқылауды және өз ойын айтуға ұсыныс жасау.

  • Суретте кімдер бейнеленген?
  • Бұл адамдарды біріктіретін не?
  • Сендерге аталарың мен әжелерің өздерінің балалық шағы туралы айта ма?

(МТ) Біздің елімізде отбасы күні қыркүйектің әр екінші жексенбісінде мерекеленеді. Отбасының әр адам өмірінде маңызы зор. Адамға жалғыз өзі өмір сүру, қиындықтармен күресу, табыстарға қуану қиын. Сондықтан да адам өміріндегі ең қымбаттысы - отбасы. Отбасы – бұл ата мен әже, әке мен ана, аға мен әпке, іні мен сіңілі. Отбасында барлығы бірін-бірі жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, көмектеседі. Үйде бізді әрқашан қуана қарсы алады.

Әр отбасында өз дәстүрлері болуы тиіс. Дәстүр – ұрпақтан ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып және көзқарастар. Дәстүрлерге сонымен бірге отбасылық шежіре құру да жатады. «Шежіре – бұл бір тамырдан өркендейтін ұрпақтар ағашы»,- деп атап өттті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында. Мұндай дәстүрлерге отбасылық мерекелер де жатады. Отбасылық мерекелерін өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп, қуаныш сыйлайды.

Кейбір отбасыларында бірге тамақтану, жоспарларды бірге талқылау, проблемаларды бірлесе шешу, киноға, табиғатқа бірге бару сияқты дәрстүрлер қабылданған.

Қазақ отбасыларында балаларға аса көп көңіл бөлінеді.

-Сендер бала дүниеге келгеннен бастап өткізілетін қандай тойларды білесіңдер? Сендердің отбасыларыңда осындай дәстүрлі тойлар болды ма? Оқушыларға суреттерді көрсете отырып, әңгімелесу. Қазіргі отбасы мен ертедегі отбасындағы өткен тойларды салыстыру. Дастархан мәзіріне көңіл бөлу.

  • Шілдехана
  • Қырқынан шығару
  • Тұсаукесер
  • Тілашар т.б.

/Алдын ала шақырылған ата мен әженің әңгімесін тыңдау/

(Т) Дифференциация. Топ басшылары тапсырмалар алып, өз топтарында талқылау жүргізеді. Әрбір топ өздерінің идеялар тізімін жасайды. Топтың спикері сыныпқа оның тобы нені талқылағанын және қандай қорытындыға келгенін хабарлайды.

1 топ. Оқушылар бірімен бірі апта ішіндегі және демалыс күндеріндегі отбасылық өмір туралы айтып береді;

2 топ. Отбасы мүшелері: ата-аналары, аға-інілері, ата мен әжелері туралы айтады, әркімнің отбасында қанша адам бар екенін салыстырады;

3 топ. Үйдегі міндеттер: ережелер, қамқорлық және жауапкершілік туралы әңгімелеседі;

4 топ. Өз отбасындағы мерекелер – олардың уақыты мен өткізу орны және мәні туралы әңгімелеседі;

– Балалар, сендер білесіңдер ме, отбасы «Отбасылық шежіре» деген не? /Осы сөздің мағынасын оқушылармен бірге ашу/ «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын білу. Тамыры (дәстүр, әдет-ғұрып, құндылық) неғұрлым тереңдеген сайын ағаш та мықты болатынын түсіндіру. Олардың жауаптарын қорытып, «отбасылық шежіре» ағашын жасату.

Зертте. (Ұ) Оқушылардың фильмді зер салып қарауын сұрау. – Қандай мереке туралы білдіңдер? /Оқушыларға Наурыз мерекесі туралы әңгімелеп беруін сұрау. Алдарындағы суретті қазіргі кезде өтілетін Наурыз мерекесімен салыстыра отырып, өз отбасында бұл мереке қалай атап өтілетіні туралы естеріне түсіріп, әңгімелеп беруі тиіс/

(Ж) Ойын «Тату-тәтті отбасы» Оқушылар үлгі бойынша біріне бірі сұрақтар қояды.

- Сенің анаңның анасы саған кім болады? (нағашы әже)

- Менің анамның қызы, бірақ мен емес? (әпке, сіңілі, қарындас)

- Сенің әкеңнің әкесі? (ата)

- Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады? (аға, көке)

- Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? (әпке)

(Ж/Қ) Оқушыларға үлестірмелі қағаздар беріледі. Олар үш тілде бір мағынаны білдіретін сөздерді

тауып және арасын сызықпен қосады.

ана отец grandmother

әке бабушка mother

ата мама grandfather

әже дедушка father

отбасы семья family

дос друг friend

(МТ) Оқушыларға үйге «Шежіре ағашына» отбасы мүшелерінің фотосуреттерін жапсырып келуге тапсырылады.

Гүл күлтелері

Слайд 1.

Видео материал

https://www.youtube.

com/watch?v=

88XjHjw6hT8

Қосымша ақпарат.

Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы

Оқушылардың ойын, пікірін тыңдап, оларды мадақтау, идеяларына қол шапалақтау, смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қабілетті оқушыларға топпен жұмыс кезінде 1 және 3 тапсырма жоспарланады.

Оқушылардың топпен, жұппен жұмыс кезіндегі әрекеттері, өз отбасы жайында көп мәлімет беруі және сөздерді үш тілде байланыстыра қоюы бағаланады.

Түймедақ күлтелеріне сөздерді жазу кезінде және отбасы туралы әңгімелесу арқылы сабақ қазақ тілі мен әдебиетімен байланысады.

Тілдік құзіреттілікті қалыптастыру кезінде орыс тілі мен ағылшын пәндерімен байланыс болды.

Наурыз мерекесі туралы әңгімелесу кезінде ғылымға кіріспе пәндерімен байланысты.

Топтық жұмыс барысында отбасы мүшелерін салыстыру арқылы математика пәндерімен байланыс болды.

Сабақта оқушылардың денсаулығына кері әсерін тигізбес үшін слайдтар мен видеоматериалдарды шектеулі уақытта көрсету жоспарланды.

Оқушылардың бойында өз отбасыларына деген құрмет сезімі оянды. Ұлттық дәстүрлердің ертедегі және қазіргі кездегі байланысын, қажеттілігін түсінді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу