Менің отбасым және достарым. Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 – бөлім «Менің отбасым және достарым»

Тақырып: Менің отбасым

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан: 1 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. Үлкенге- ізет, кішіге- құрмет.

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

1.1.1.3 Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

 Сабақ мақсаттары

Бірін-бірі тыңдап, сұрақтарға толық жауап береді.

Мектебі туралы әңгімелейді.

 Жетістік критерилері

Оқушылар мектепте мұғалімнен басқа кітапханашы, аспаз, дәрігер жұмыс істейтінін; әрқайсысының белгілі қызмет атқаратынын және тиісті бөлмеде жұмыс істейтінін біледі.

 Тілдік мақсат

 

Асхана, кітапхана, мед.кабинет, ескі, жаңа.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

Шаттық шеңбері. «Арайлап атсын әр таңым» Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Қуан, шаттан!

Қуан, шаттан!

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң, Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Ойын «Сұрақ-жауап» Шаттық шеңбері.

Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды. Үйден алып келген отбасы фото суретімен таныстырады.

.

Сабақ ортасы

25-30 минут

Отбасы - үлкен қуаныштың, қамқорлықтың, бақыттың ортасы. Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып өседі. Қашанда отбасы мүшелеріне көмектесу, үлкендердің айтқанын тыңдау әр баланың қолынан келеді. Мұқият тыңдайды.Дәйексөз «Үлкенге- ізет, кішіге- құрмет»

(Ө) Балалар өз түсінгендері бойынша дәйексөздің мағынасын ашады.

(Т)Топпен жұмыс. Оқушыларды 2 топқа топтастырыңыз. Бірінші топқа өзінен үлкенге көмек көрсетіп жатқан, ал екінші топқа өзінен кішіге қамқорлық көрсетіп жатқан баланың суреті беріледі. Оқушылар суреттің мағынасын ашып, сипаттайды.

Ситуациялық сұрақтар:

Ауырып жатқан әжең қандай көмек көрсету қолыңнан келеді? (Сенің көмегіңді қажет ете ме?)

(Ө) Оқушылар сынып дайындаған үлгіге негізделген өздерінің жеке концепт-карталарын жасайды.

(Ұ)Үй мен отбасылық өмір туралы өткен материалға шолу.

Сыныпты төменде көрсетілген

1-пункті, одан кейін 2-7-пунктерді талқылау үшін үш-төрт адамнан топтарға біріктіріңіз. Әрбір топқа 2-7 аралығындағы пунктердің қайсысын олар 1 пунктпен бірге талқылайтынын, яғни 1мен 2, 1 мен 3, 1 мен 4, 1 мен 5, 1 мен 6, 1 мен 7 айтыңыз.

  • апта ішіндегі және демалыс күндеріндегі отбасылық өмір;
  • отбасы мүшелері: ата-аналары, аға-інілері,
  • ата мен әжелері;

үйдегі өмір: оқушылар орындайтын істер: ережелер, қамқорлық және жауапкершілік;

Мектеп картасы немесе жоспары.

Маркерлі немесе интерактивті тақта.

Оқушылар баратын әр орындардың фотосуреттері/бейне-суреттері-

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.

Сабақта.

Мен білдім...

Мен үйрендім...

Маған ұнады....

Мен қиналдым....

Менің көңіл – күйім.....

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу