Мен бәрінен де қандай заттарды жақсы көремін? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім Өзім туралы | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: 4.09.09 | Мұғалімнің аты-жөні : Сарыева А.Т. | ||||||
Сынып: 1В | Қатысқандар:20 Қатыспағандарсаны: 0 | ||||||
Сабақ тақырыбы | Мен бәрінен де қандай заттарды жақсы көремін? | ||||||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.5.8 Өзінің рухани, моралдық және этикалық нанымдары мен құндылықтары туралы білу 1.1.1.2 Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя білу 1.1.5.6 Өзіне және өзінің жетістіктеріне оң көзқараспен қарау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Сүйікті істі таңдау, бір-бірінің сүйікті затын анықтай алады. Өзара қарапайым сұрақтар қояды және өзі де сұрақтарға жауап береді; Өзіне және өзінің жетістіктеріне оң көзқараспен қарау. | ||||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар бір-бірінің сүйікті заттары туралы, сүйікті іс өмірде қызықты ететіні туралы біледі; сүйікті заттары туралы өз сөздерімен айтуға; сабақта алған ақпарат негізінде қалай талдау жасау қажет екенін түсінуге; өзіне, өз жетістіктеріне оң көзбен қарауға үйренеді. | ||||||
Сөздік қор | Жақсы істер, эмоция, сезім, қуаныш, өмір, қарым-қатынас, мұңаю, қызықты оқиғалар, жақын, қамқор, жақсылық, көмек, қорғау. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың өзін –өзі, жақындарын, жанындағы достарын құрметтеуге тәрбиелеу. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | «Кел, ойнайық» тапсырмасы дене шынықтыру пәнімен байланысты. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың отбасы мүшелері туралы, достары, туыстары, өзі жақсы көретін ойыншығы, өзіне ұнайтын іс-әрекет түрлері туралы білімі бар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Шаттық шеңбері. «Арайлап атсын әр таңым» Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды. Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! | Слайдтар | |||||
Сабақ ортасы | - Балалар, бүгін біз «Сүйікті істер теңізіне» саяхат жасаймыз. (Оқушылар бір аралдан екінші аралға саяхат жасайды. Алдында құрастырылған, сынып оқушыларының ерекшеліктерін көрсететін портреттер галереясы көмектеседі). Тақтаға үш аралдың суреті мен желкенді қайық суреті ілінеді.
(Ұ) Портреттер галереясына қысқаша шолу. Сынып оқушыларының ерекшеліктерін көрсететін портреттік галереясынан сабақты бастау. Оқушылардың алған әсерлерін сұрау, тұжырым жасауға мүмкіндік туғызу. Тұжырым: әрқайсысымыз әр түрліміз.
Сүйікті істер теңізі – 1-бөлім. Оқушылар көздерін жұмып, қайықпен тұнық және тыныш теңіз бетінде жүзіп келе жатқанын елестетуді сұрау.Теңіз дыбысын, шағала дауысын тыңдату. Тақтаның қасына барып, оқушылардан көздерін ашуды сұрау.
Оқулықтың 8-бетін ашып, тапсырманы жұптастырып орындату (оқушылардың жауабын тыңдап жүру). Қоңыраумен белгі беріп, жұмысты тоқтату. Екі жұпты бір топқа біріктіру. Енді өздерінің сүйікті істері туралы талқылайды.. Спикер сыныпқа өз тобындағы оқушылардың сүйікті істері туралы хабарлайды. Маркерлі тақтаға идеялар тізімін жасап отыру. Сүйікті істер – футбол, сурет салу... т.б. Сөйлемдерді аяқтауды ұсыну: «Мен ұнатамын», «Мен ұнатпаймын» Іс-қимыл ойындарын ойнау... Цирктағы клоундар мен жолбарыстар... Есептерді шешу... Ертегі тыңдау және оқу... Шуламау, аунамау... Таңертең күнге қарап, күлімдеу... Көзге арналған жаттығуды орындату. Сүйікті істер теңізі – 2-бөлім. Саяхатты жалғастыру. Кемемемен «Ойындар» аралына аттану. Оқулықтың 9-бетіндегі «Кел, ойнайық!» тапсырмасындағы суреттерді қарауды тапсыру. Ойындар түрлері жайлы 1-2 оқушыны тыңдау. (ЖЖ) Оқушыларға бір-бірінің сүйікті ісін анықтауға тапсырма беру (бұл бір-бірін жақсы тануға көмектеседі). Оқушыларға қызығушылығы бойынша сыныптың әр жеріне топтасуды ұйымдастыру. Оқушылар әкелген ойыншықтарын көрсетеді. «Сен білесің бе?» айдары бойынша мәлімет беру. Ғалымдар ең танымал ойыншық жұмсақ ойыншық екенін дәлелдеді. Ойыншықтарды сөреге қойып, саяхатқа бірге алып шығуды ұсыну. Сүйікті істер теңізі – 3-бөлім. - Біз өте көңілді, қызықты «Мейрамдар» аралына жақындадық. (Т) Көрініс қою. Оқушылар көздерін жұмып тұрады, ең қызықты мерекені естеріне түсіреді. Сол уақытта әр топқа бір-бірден туған күн өткізуге арналған ресурстарды тарату.
Әр топқа «Туған күн» мерекесін көрсетуді ұсыну. Топтағы біреуін туған күн иесі етіп сайлау. Қалған оқушылар қонақтар. Дайындыққа 5 мин уақыт беру. Топтар өз идеяларын көрсетеді. |
Маркер, интерактивті тақта, маркерлі тақта, қалпақтар, сыйлық салынатын қорапшалар | |||||
Сабақтың соңы | Сүйікті істер теңізі –қорытынды.
Оқушылар өздері қалаған аралды таңдауға мүмкіндік беру.
| ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында сұрақ қоюға қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету. | Оқушылар бір-бірінің сүйікті заттары туралы өз сөздерімен айтқанын , өз жетістіктеріне оң көзбен қарай алатындарын бақылау арқылы бағалау. Бағалау үшін сөйлемдерді аяқтауды ұсыну: «Мен ұнатамын», «Мен ұнатпаймын» Іс-қимыл ойындарын ойнау... Цирктағы клоундар мен жолбарыстар... Қиын есептерді шешу... Ертегі тыңдау және оқу... Шуламау, аунамау... Таңертең күнге қарап, күлімдеу... | Көзге арналған жаттығу |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?