Қажет заттар. Дүниетану, 1 сынып, Сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім Өзім туралы

Мектеп: Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні : Саболинова А.А.

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:жоқ

Сабақ тақырыбы

Қажет заттар

Оқу мақсаты:

1.1.2.5.Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну. Қолдану

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тұтыну заттары туралы әңгімелейді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өзіне қажетті тұтыну заттарын анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Тұтыну заттарының алыну көздерін атайды.

 Критерийлер

Оқушылар тұтыну заттары туралы әңгімелеуді, өздеріне қажетті тұтыну заттарын анықтау, олардың алыну көздері туралы білу.

 Дискриптор

Оқушылар тұтыну заттары туралы әңгімелейді, өздеріне қажетті тұтыну заттарын анықтайды, олардың алыну көздері туралы біледі.

 Тілдік мақсаттар

Тұтыну заттары туралы әңгімелеу;

Өздеріне қажетті тұтыну заттарын анықтау;

Олардың алыну көздері туралы білу.

 Пәндік лексика және терминдер

Оқу құралдары: қалам, қарындаш, дәптер, бояу, қайшы т.б

Сүйікті істер: футбол, сурет салу, ән айту, би т.б

Қалам –ручка- a pen қарындаш –карандаш –pencil

Дәптер-тетрадь- сoopi book

Таңдау – выбор - selection

Талқылауға арналған сұрақтар:

Саған қандай оқу құралдары қажет?

Не себепті бұл заттар қажет деп ойлайсың?

Алдыңғы меңгерілген білім

1.1.1.6. Оқушылардың отбасы мүшелері туралы, достары, туыстары, өзі жақсы көретін ойыншығы, өзіне ұнайтын іс-әрекет түрлері туралы білімі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ынтымақтасу атмосферасы

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:   Күн жарығын алақанға саламын,

                   Жүрегіме басып ұстаg қаламын.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылулықпен сабағымызды бастаймыз. Алдымен алдымда жатқан оқу құралдары бойынша топқа бөлінейік. (қалам, қарындаш, сызғыш, кітап)

Слайдтар

Сабақ ортасы

Білу және түсіну

10 мин

Критерий

Дескриптор

Қолдану

10 мин

Талдау

8 мин

Критерий

Дескриптор

- Балалар, бүгін біз «Қажет заттар теңізіне» саяхат жасаймыз.

Тақтаға үш аралдың суреті мен желкенді қайық суреті ілінеді.

  • Бұл аралдар «Сүйікті істер», «Мерекелер», «Ойындар», деп аталады.

Саяхатымызды бастамастан бұрын (Ұ) портреттер галереясына қысқаша шолу жасайық.

Сынып оқушыларының ерекшеліктерін көрсететін портреттік галереясынан сабақты бастау. Оқушылардың алған әсерлерін сұрау, тұжырым жасауға мүмкіндік туғызу.

Тұжырым: әрқайсысымыз әр түрліміз.

  • Бізге бірге жүрген көңілді, себебі әрқайсының өз сүйікті ісі бар.

«Қажет заттар» теңізі – 1-бөлім.

Оқушылар көздерін жұмып, қайықпен тұнық және тыныш теңіз бетінде жүзіп келе жатқанын елестетуді сұрау. Теңіз дыбысын, шағала дауысын тыңдату. Оқушылардан көздерін ашуды сұрау.

  • Бұл «Сүйікті істер» аралы.

Оқулықтың 10-бетін ашып, тапсырманы жұптастырып орындату (оқушылардың жауабын тыңдап жүру). Қоңыраумен белгі беріп, жұмысты тоқтату. Екі жұпты бір топқа біріктіру.

  • Оқулықтағы сурет бойынша не айтуға болады?
  • Онда біз нелерді көріп тұрмыз?

Анықта: қажетті оқу құралдарын қайдан аласың?

Сен білесің бе? Қағазды ойлап тапқан ел – Қытай.  Қағазды ағаш сүрегінен жасайды.

  • Сен немен айналысқанды ұнатасың?

Енді өздерінің сүйікті істері туралы талқылайды. Спикер сыныпқа өз тобындағы оқушылардың сүйікті істері туралы хабарлайды.

Маркерлі тақтаға идеялар тізімін жасап отыру.

Сүйікті істер – футбол, сурет салу... т.б.

Көзге арналған жаттығуды орындату.

1-тапсырма: Суретке мұқият назар аударыңыз. Тұтыну заттарын атаңыз. Бос орынға өзіңізге қажетті заттың суретін салыңыз. Арасынан ең қажеттісін таңдаңыз. Таңдап алынған заттардың қайдан алынатыны туралы әңгімелеңіз.

Тұтыну заттары туралы әңгімелейді.

Өзіне қажетті тұтыну заттарын анықтайды.

Тұтыну заттарының алыну көздерін атайды.

Суретте бейнеленген тұтыну заттарын атайды;

өзіне қажетті тұтыну затының суретін салады;

тұтыну заттарының арасынан ең қажеттісін таңдайды;

- заттардың алыну көздері туралы ой бөліседі.

«Қажет заттар» теңізі – 2-бөлім.

- Біз өте көңілдіміз, қызықты «Мейрамдар» аралына жақындадық.

(Т) Көрініс қою. Оқушылар көздерін жұмып тұрады, ең қызықты мерекені естеріне түсіреді. Сол уақытта әр топқа бір-бірден туған күн өткізуге арналған ресурстарды беру.

Әр топқа «Туған күн» мерекесін көрсетуді ұсыну. Топтағы біреуін туған күн иесі етіп сайлау. Қалған оқушылар қонақтар. Дайындыққа 5 мин уақыт беру.

Топтар өз идеяларын көрсетеді.

2 тапсырма:

Ұн мен сүт қайдан алынатыны туралы жұпта талқылаңыз. Ұн мен сүттен қандай тағамдар жасалады? Берілген суреттерде сәйкестендіріп сызыңыз.

Ұн мен сүттің алыну көзін анықтау;

ұннан жасалатын тағамдарды анықтап сәйкестендіру;

сүттен жасалатын тағамдарды анықтап, суретте белгілеу.

Ұн мен сүттің алыну көзін анықтайды;

ұннан жасалатын тағамдарды анықтап сәйкестендіреді;

сүттен жасалатын тағамдарды анықтап, суретте белгілейді.

«Қажет заттар» теңізі – 3-бөлім.

Саяхатты жалғастыру. Кемемен «Ойындар» аралына аттану. Оқулықтың 11 бетіндегі «Кел, ойнайық!» тапсырмасын әр топқа суреттерді қарауды тапсыру және әңгімелеу.

- Орталарыңда ұқсас сүйікті істері бар оқушылар кездесті ма?

Әркімнің өз ұнататын ісі бар. Ұнататын ісіңмен айналыссаң, көңілді жүресің. Спортпен айналыссаң, күшті әрі епті боласың. Кітапты көп оқысаңдар, білімді боласыңдар.

Маркер, интерактивті тақта

маркерлі тақта,

қалпақтар, сыйлық салынатын қорапшалар

Сабақтың соңы

Жинақтау 3 мин

Бағалау

2 мин

«Қажет заттар» теңізі –қорытынды.

  • Сабақта нені үйрендіңдер?
  • Қандай аралда болдыңдар?
  • Өздерің қандай аралды таңдар едіңдер

Кері байланыс

Смайликтерге стикерлер жапсыру

Доп

Смайлик

стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында сұрақ қоюға қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету.

Оқушылар бір-бірінің сүйікті заттары туралы өз сөздерімен айтқанын , өз жетістіктеріне оң көзбен қарай алатындарын бақылау арқылы бағалау. Бағалау үшін сөйлемдерді аяқтауды ұсыну: «Мен ұнатамын», «Мен ұнатпаймын»

Көзге арналған жаттығу

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер еңгіздім және неге?

Сабақ мақсаты мен оқу міндеті толық орындалды. Сабақта оқушылар тұтыну заттары туралы әңгімелеп, өздеріне қажетті тұтыну заттарын анықтап, олардың алыну көздерін білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Жоспарланған саралау жақсы іске асты . Өйткені жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында сұрақ қоюға қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсетіліп отырды. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай алынды. Уақыт өте тиімді пайдаланылды. Әр тапсырма өзінің қажетті уақытында орындалып отырды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

Тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

Сабағымда ең жақсы өткен екі нәрсе «Портреттер галереясы» мен аралдарға саяхат жасау. Мұнда сынып оқушылары әрқайсымыздың әр түрлі екенімізді және әр адам өз сүйікті ісімен айналысатынын анықтап, бүгінгі сабақтың тақырыбын аша алды. Тақы сондай үш аралға барғандағы саяхатымыз өте тиімді болды. Ондағы «Мерекелер аралында» әр топ өздеріне берілген суретке қарап көрініс қою тапсырылды. Бұл жұмыста өте жоғары деңгейде болды. Тағы сондай «Ойындар» аралында «Кел, ойнайық!» тапсырмасында әр топқа суреттерді қарау және әңгімелеу тапсырылды. Орталарыңда ұқсас сүйікті істері бар оқушылар анықталып топтарға топтасты. Оқушылар бір-бірінің сүйікті заттары туралы өз сөздерімен айтқанын, өз жетістіктеріне оң көзбен қарай алатындарын бақылау арқылы бір-бірін бармақпен бағалап отырды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу