«Денсаулық күні» іс-шараларын өткізу. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 8 Денсаулық және фитнес | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып/күні 11 сынып |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | «Денсаулық күні» іс- шараларын өткізу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 11.3.1.1. «Денсаулық» деген кең ауқымды ұғымға өз көзқарасын бағалау және тиісті таңдау жасау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Денсаулық деген кең ауқымды ұғымға өз көзқарастарын білдіріп, адамның дене типтерімен танысады. Денсаулық күніне орай іс-шара өткізуге ереже құруды үйренеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Денсаулықтарын нығайту үшін адам дене типтеріне қарай отырып, дене жаттығуларынының маңыздылығын анықтайды. Денсаулық күніне орай іс-шараның ережесін құруды көрсетеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Эктоморф - Ectomorph – бойы ұзын, арық, қол, аяқтары ұзын Эндоморф – Endomorph – бойы аласа, артық салмақтың болуы Мезоморф – Mesomorph – бойы салмағы бір-біріне сай. Бойы ұзын Здоровье – health - Денсаулық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың дене дайындығын нығайту; спортқа қызығушылықтарын арттыру; достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология (Адамның дене құрылымы және дене типтері) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=DkqbMrrBOnU https://drive.google.com/file/d/1aLlXyPpPwSYGjf6on27WMGbkJKOlh0vC/view?usp=sharing | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жалпы дене дамыту жаттығуларының адам ағзасына әсерінің жолдарын. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Сапқа тұру. Сәлеметсіздерме! Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін түсіндіру. Сынып түзел! Тік тұр! Шеңберге тұрып дене дамыту жаттығуларын орындау. 1-2. Б.Қ. – аяқ бірге, қолды төменде ұстап тұру. Аяқтың ұшына көтеріле отырып, қолды баяу алға және жоғарыға көтереміз; саусақтарды жұдырыққа қысып, жоғары созамыз. 3. Б.Қ. – аяқ бірге, қолды төменде ұстап тұру. Аяқтың ұшынан табанға түсіп, қолды бүгіп, денеге күшпен тақаймыз, ал жұдырықты иық деңгейінде ұстап, алға қараймыз. 4. Б.Қ. – аяқ бірге, қолды төменде ұстап тұру. Қолымызды жоғары көтеріп, иіліп, жоғарыға қараймыз. 5. Б.Қ. – аяқ бірге, қолды төменде ұстап тұру. Аяқтың ұшын біріктіріп, табанға толығымен отырамыз, алақанды санға қойып, шынтақты жан-жаққа ашамыз. 6. Б.Қ. – аяқ бірге, қолды төменде ұстап тұру. Қолымызды алға көтеріп, оларды шегіне жеткенше дейін жан-жаққа және артқа бұрып түзетілеміз. 7. Б.Қ. – аяқ бірге, қолды санға қою. Екі табанға толығымен шегіне жеткенше отырып, шынтақты жан-жаққа ашамыз. 8. Б.Қ. – аяқты бірге, қолды белде ұстап тұру. Секіріп барып, аяқты кең ашып тұра қаламыз. | Суретке қарап жатығуды дұрыс орындау керек. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Ашық алаң(Сұрақтар қою нақты) Мұғалім оқушыларға сұрақ қойды: Денсаулық ұғымы деген не? Денсаулық нығайтуға Сіздердің көзқарастарыңыз? Мақал-мәтелді жалғастыр! Шынықсаң .......... .............. Адамның басты байлығы .............. Дана көптен шығады,Дəрі .......... шығады. Бірінші байлық- ........... . Ауырып ем іздегенге,Ауырмайтын ... .... . Дерт көп, ......... біреу. Арақ ішіп, темекі шеккен,......... түбіне жетеді. Ашық алаң(Сұрақтар қою нақты) Спорттық іс-шараларды өткізу үшін қандай құжаттар дайындау керек білесіздер ме? Адамның дене типі түрлерін білесіздер ме? Алдын – ала 3 дене типі көрсетілген бейнесуреттер бар үлестірмелі қағазды тарату. 2мин уақыт беру. Осы уақыт ішінде оқушылар сұрақтарға жауап берулері керек. Уақыт өткен соң оқушылраға дұрыс жауапты қозғалмалы интерактифті тақтадан көріп, қабырғаға алдын-ала ілінген бағдаршам әдісі арқылы өз-өзін бағалайды.
Бағалау!
Дескриптор: Дене типтерін дұрыс бөлу, әр дене типіне арналған жаттығуларды көрсету. Эктоморф - Ectomorph – бойы ұзын, арық, қол, аяқтары ұзын (күшті талап ететін жаттығулар тізбегінен тұартын жаттығулар беру) Эндоморф – Endomorph – бойы аласа, артық салмақтың болуы (Кардио жаттығуларын беру) Мезоморф – Mesomorph – бойы салмағы бір-біріне сай. Бойы ұзын (дене бітімі қалыпты, әр түрлі жаттығулар тізбегін құруға болады) Топтық жұмыс! Интерактифті тақта арқылы алдын ала дайындалған презентацияны көрсетіп оқушыларға түсіндіру. Оқушылар молекула ойын арқылы 2 топқа бөлінеді. Спорттық іс-шараның ежесін құру. Әр топқа алдын-ала А4 қағазына басылып шығарылған сөздерден, спорттық іс-шараның ережсін құрастырулары тиіс. Дескриптор: Мақсаты мен міндетін, уақыты және өтілетін орнын құрастыру. Қалыптастырушы бағалау: «Джигсо» әдісі Бағалау критерийлері: іс-шараның міндеті, мақсатын көрсету. | Ысқырық, калонка | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Сабақ соңында оқушылар шеңберге отырып, рефлексиясын тыңдау. | Оқушылар бүгінгі сабақ кезінде бойынша табыс ағашына, стикер жабыстыру арқылы рефлексия жүргізеді. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушыларды Денсаулық ұғымы туралы біліміне байланысты саралау..
| Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы «Бағдаршам» әдісі қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Стикерлер жинап, арқылы оқушы жұмыстары бағаланып, мұғалім керібайланыс берді (Тәж, Т, Ф)жүзеге асырылды. Өзара бағалау Топтық бағалау Мұғалімнің бағалауы | Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережесін үнемі мұқият сақтау. Мұғалімнің рұқсатынсыз құралдарға тиіспеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?