file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Денсаулықты нығайту үшін фитнес жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспар №

Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып :

Қатысқандар саны: _____ Қатыспағандар саны: _____

Сабақ тақырыбы

Денсаулықты нығайту үшін фитнес жиынтығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.5.5 Өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру нәтижелерін бағалау11.3.4.4 Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу.

Сабақ мақсаттары:

Денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен күш және төзімділікке арналған фитнес жаттығу қозғалыс әрекеттерін дамытады.

Бағалау критерийлері:

  • Дене қасиеттеріне арналған фитнес жаттығуларды жасап көрсете алады.
  • Топта эстафеталық ойындар ойнау арқылы жылдамдықты дамытады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Төзімділік – выносливость - еndurance

Күшті – сильный - strong

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

физикалық жаттығулар денсаулықты нығайтуға, төзімділікті дамытуға қандай үлес қосатыны жайлы өз түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • тынығу сәтіндегі тамыр соғысы, жұмыс тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы
  • жүрек-тамыр жүйесі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • Физикалық фитнес жаттығулар сендердің көңіл-күйлеріңе және жақсы сезінулеріңе қалай әсер етеді?
  • Сендер жаттығуды орындаудың төменгі, орташа және жоғарғы қарқындылығы арасындағы айырмашылықты қалай түсінесіңдер?
  • Бұлшық еттер жиырылған кезде, сендер өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Құндылықтарды дарыту

 

Теориялық білімдерін жетілдіру, Отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа баулу, салауатты өмір салтын құруға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Биология жүрек тамыр соғу жиілігін өлшеу.

АКТ қолдану дағдылары

Фитнес жаттығуларға арналған интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=0LUfcUDk5fM

Бастапқы білім

Сабақ алдында ең бірінші қауіпсіздік шараларын қайталау, ойына түсіру. Теориялық білімдерін қалыптастыру. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы белсендіру. Сергіту сәтін қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақ басында:

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу.

2. Сыни ойланту арқылы сабақ мақсатын ашу.

3. Бағалау критерийлерімен таныстыру.

3. Жүру,жүгіру жаттығулары.

4. Оқушыларды 1,2,3 жазулы қағаздарды алу арқылы топқа бөлу.

5.Жалпы дамыту жаттығуын жасайды.

Үлкен бос кеңістік. Көзге арналған байлау (үш оқушыға). Әрбір топ үшін ойын аймағын белгілеуге арналған конустар

Сабақтың ортасы

Денсаулықты нығайту үшін фитнес жиынтығы. (Тәж, Т, Ф) Оқушылар төзімділікті дамытуға бағытталған 2-3 бірізді қызметтерден тұратын жаттығулар кешенін әзірлейді. Мысалы, секіртпемен секіру, содан кейін 20-30 рет еденнен шалқадан жатып кеудені көтеру, бөренемен жұмыс және 2кг ауыр допты лақтыру. Егер оқушылар топта жұмыс істесе, топқа ұсыну:

1топ - Секіртпен секіру. /30 секунд/

Оқушылар әр қайсысы бір –бір секіртпе алып 30 секунд секіреді. Техника қауіпсіздік ережесін сақтайды. Ара қашықтық екі метрден болу керек. Өзі ұмытпай санап, қанша секіргенін қағаз бетіне жазып түсіреді. Бағдаршам әдісі арқылы бағаланады.

2 топ - Ауыр доппен жұмыс /1кг қыздар, 2кг ұлдар/

Оқушылар ауыр доппен, тұру арқылы 30 секунд жұмыс жүргізеді. Жұмыс жасағанда қауіпсіздікті қатаң сақтау керек.Осы уақыт аралығында қанша, жасағанын қағаз бетіне түсіреді. Бағдаршам әдісі арқылы, бағалау дескрипторлары бойынша бағаланады.

3топ - Бөренемен жұмыс /30 секунд/

Оқушылар бөренемен 30 секунд секіру, арқылы жұмыс жасайды. Қауіпсіздік қатаң сақтайды. Арақашықтық 1 метр болу керек. Осы уақытта қанша жасағанын қағаз бетіне түсіреді. Бағдаршам әдісі арқылы бағаланады.

4топ – Шалқадан жатып денені көтеру. /30 секунд/

Оқушылар мата үстінде 30 секунд шалқадан жатып денені көтеруді орындайды. Қыздар қолдарын кеуде тұста ұстайды, аяқтары бүгілген күйде жаттығуды жалғастырады. Ұлдар қолдарын баста ұстайды, аяқтары түзу болу керек.Өздері санау арқылы қағаз бетіне түсіреді. Қауіпсіздікті қатаң сақтайды. Бағдаршам бағалау әдісі арқылы бағаланады.

(Б, Ж, К, Ф) « Эстафеталық жүгіру». Оқушылар екі топқа болінеді алаңда қойылған бір неше фишкаларды бірінші топ жылдамдығын пайдалана отырып аударыуы керек екінші топ аударылған фишканы жылдам жабуы керек. Егер фишкаларды жауып үлгермесе бірінші топ жеңіске жетеді.

Қалыптастырушы бағалау: Бағдаршам әдісі

Дескрипторы: Оқушылар күшке, төзімділікке арналған фитнес жаттығуларды дамытады.

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, арақашықтықты шектеуші фишкалар.

Фитнес кросс даярлығы:

https://www.youtube.com/watch?v=MPwX526fRN8

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушы аты –жөні

Сабақ туралы бағасы:

Жадыра

Асем

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Оқушылар алған номерлері қағаздарының келесі бетінде рефлексия жазылған, соған атын жазып сабақ туралы рефлексия бере алады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Топтьқ жұмыстар арқылы

Көрсету арқылы

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау жұмыстары:

Оқушыларды дене дайындығына байланысты саралау.

  • Дене дайындығы қажет ететін оқушылар
  • Дене дайындығы жоғары оқушылар.
  • Құрал –жабдықтарға байланысты бөлу.
  • Сабаққа спорттық киімі жоқ оқушылар постер немесе презентация жасап қорғайды. /Кросс бойынша/

Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы «Бағдаршам» әдісі қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Стикерлер жинап, арқылы оқушы жұмыстары бағаланып, мұғалім керібайланыс берді.

(Тәж, Т, Ф) (Б, Ж, К, Ф) жүзеге асырылды.

Дене шынықтыру сабағында қауіпсіздік ережесін үнемі мұқият сақтау.

Мұғалімнің рұқсатынсыз құралдарға тиіспеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

«Секіртпемен секіру» көрсеткіші

Оқушының аты –жөні

Секіртпемен секіру

/60 секунд/

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

«Бөренеден секіру» көрсеткіші

Оқушының аты –жөні

Бөренеден секіру

/60 секунд/

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

«Ауыр доппен жұмыс» көрсеткіші

Оқушының аты –жөні

Ауыр доппен жұмыс

Қыздар 2кг

/60 секунд/

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

.



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу