Денсаулықты нығайту үшін фитнес жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация.
Фитнес түрлері. Фитнестің танымал жəне жаңа бағыттары
Фитнеспен айналысам деген адам алдымен оның түрлі бағыттарымен танысып алуы керек. Оның бағыттары көптеп саналады, бірақ барлығы бір мақсатты көздейді. Яғни денсаулықты жақсарту, дене бітімді түзеу, өмірлік ұстанымды өзгерту. Сөйте тұра əрбір бағыттың жеке қарастырылуының мəні — əрбір жеке адамның қажеттілігіне сəйкес төзімділікті шыңдау, бұлшық еттерді нығайту, дене пішімін қалпына келтіру сияқты нақты мақсаттарға жұмыс істейді. Қазіргі кездегі фитнес залдарында ұсынылатын жаттығу түрлерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: қолданыстағы танымал бағыттар жəне жаңа бағыттар. Енді сізге ыңғайлы əдіснама түрін таңдау үшін негізгі түрлерге тоқталып өтейік.
Йога Негізі Ежелгі Үндістанда қаланған фитнестің ең сəнді түрінің бірі. Йога арқылы дене пішіміне сырттай əсер ету арқылы түзетіп, ішкі гармонияға қол жеткізуге болады. Бұл əдіснамадағы жаттығу белгілі бір уақытта ұсынылған қалыпты ұстап отыруға негізделеді. Мұнда күш-қуатты арттыру, төзімділік пен иілгіштік, ерік-жігерді қашау, кеудені тік ұстау мен зат алмасу процесін жақсартуға өте пайдалы жаттығулар жасалады.
2. Шейпинг Бұл əдіснама қарапайым, жеңіл жаттығулар кешенінен тұрады. Соның арқасында бұлшық еттерге жүйелі күш түсіріліп, көп қайталау арқылы дене бітімді түзеп алуға болады. Егер бұл жаттығуды таңдаудағы мақсат арықтау болса, онда ол арнайы диета кешенімен бірге өткізіледі.
3. Калланетика Бұлшық еттерді нығайту мен майды кетіруге бағытталған аса танымал фитнес жаттығуларының бірі. Кез келген жасқа жəне дене бітімге лайық жаттығулар түрі бар. Бұл əдіснаманың негізі де йогадағыдай денені бір қалыпта ұстау болып табылады. Өзгешелігі тек созылу жəне бір орында тұрып жасалатын жаттығулармен алмастырып берілуінде. Жаттығу кезінде бір уақытта барлық бұлшық еттер тобы іске қосылады.
4. Пилатес Бұл жаттығулар кешені кез келген адамға сəйкес келе береді. Мұндағы мақсат сау жəне сымбатты дене пішімге ие болу болып табылады. Жаттығу кезінде іш, арқа жəне бүйір тұстарының қамтылуына мəн беріледі. Жүйелі түрде айналысу арқылы бұлшық еттің нығыз, кеуденің тіктеліп, иілгіштік, кербездік, төзімділік жəне буындардың иілмелілігіне қол жеткізесіз.
5. Бодифлекс Бұл əдіснамада дұрыс тыныс алу жəне созылуға арналған жаттығулар кешені жинақталған. Тыныс алудың ерекше əдістерін үйрету арқасында бұл əдіснама ерекше болып саналады. Тұрақты түрде айналысу артық салмақтан арылтып, бұлшық еттерді нығайтып, көңіл-күйге оң əсер береді.
6. Стрип-пластика Фитнестің бұл түрі бөкседегі артық бөлікті кетіргісі келетін, сұлу дене бітімді қалайтын əйелдерге жақсы келеді. Дененің иілгіштік қасиетін қайтарып, аяққа отырып тұру арқылы күш түсіру түріндегі жаттығулардан тұрады.
7. Body Sculpt Күш жұмсауды қажет ететін жаттығулар кешенінің бұл түрінде барлық бұлшық еттер жұмылдырылып, орташа жəне жоғары қарқындылықтағы қарапайым жаттығулар жасалады. Body Sculpt жаттығулары салмағы 6 кг-ға дейін болатын гантельдермен жасалады.
8. Аэробика Жалпы тонусты жақсартуға, артық салмақтан арылуға, көңіл-күйді көтеру, жүрек қантамырларына оң əсер етуге, тыныс алу жүйесін ашуға арналған өте танымал əрі сəнді фитнес түрі. Бұл əдіснамада бұлшық еттерге күш салу жаттығулары тыныс алу жаттығуларымен өте жақсы астасып жатады. Жаттығулар ырғақты əуенмен жасалады.
Фитнестің жаңа түрлері:
Калари-паятту Қазіргі заманда денені босаңсыту гимнастикасымен астасып кеткен ежелгі үнділердің соғысу өнері. Сабақ құрылымы жан-жануарлардың қимыл-қозғалысын қайталай отырып тыныс алу жаттығуларынан тұрады. Фитнестің бұл түрінің мақсаты дене бітімді түзеу, иілгіштікті дамыту, рухани жетілу.
Core First Бұл жаттығу түрінде пенопласт тұрбалар, үлкен доптар жəне өзге де спорт жабдықтары қолданылады.
Байлотерапия Бұл əдіснамадағы жаттығулар латынамерикалық би мен аэробиканы қатар жасаумен ерекшеленеді. Этникалық ырғақтар - венесуэлалық, африкалық, шығыс музыкаларымен қарқынды үдете отырып жасалады. Іш, бөксе жəне аяқ бұлшық еттерін шымыр етуге бағытталған.
Аквадинамика Жаңа Зеландияда ойлап табылған əртүрлі стильдегі музыкаға еріп жасалатын су ішіндегі гимнастика. Жүрек жəне өкпе жұмысын жақсартады, артық майдан арылтады, төзімділікті шыңдайды. 5. Будокон Атақты шетел жұлдыздарының арасында соңғы кезде танымалдылыққа ие болған ерекше фитнес түрі. Мақсаты — қимыл арқылы өмірді тану болып табылады. Будокон йоганың ежелгі жəне қазіргі заманғы дəстүрін, дзен медитациясы мен шығыс төбелесу өнерін ұштастырады. 6. Кардиострип Бұл əдіснама дене пішімді түзеу жəне өзіңе деген сенімділікке ие болуға көмектеседі. Өз дене бітімінен қымсынатын əйелдерге арналады. Жаттығулар созылу жəне би қимылдарымен кезектесіп отырады. 7. Джамп-фит Қарапайым секірмекпен музыка ырғағына сай секіру түрі десек те болады. Жаттығулар өте көңілді жəне тиімді, аз уақыт ішінде көп калория жұмсалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?