Денсаулық. Дене белсенділік жаттығулары. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді Сабақ жоспары №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8Денсаулық және фитнес

Мектеп:

Сынып; Күні, Мұғалімнің аты-жөні:

11 05.2020

Қатысқандар саны:

11 ______

Қатыспағандар саны:

11 ________

Сабақ тақырыбы

Денсаулық. Дене белсенділік жаттығулары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.3.3 Жеке жаттығу бағдарламасын жобалап енгізу үшін жаттығудың энергетикалық жүйесін және қарқындылығын қарастыру.

 Сабақ мақсаттары

Эстафеталық жаттығуларды орындау кезіндегі жеке энергиялық жүйесін және жаттығуды орындау қарқындылығын таңдайды.

 Бағалау

 критерийлері

  • Оқушы - пульсометрия жүргізеді.
  • Өзінің ағзасындағы энергетикалық өзгерістерді байқайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік емес пәндер үшін ұрастырылады.

жүрек жиілігін өлшеу - пульсометрия - heart rate monitoring

қуат – энергия - energy

төзімділік - выносливость- endurance

жылдамдық - скорость - speed

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Физикалық қасиеттер (күш, төзімділік, жылдамдық, иілгіштік, ептілік)
  • қашықтық (қысқа, орташа, ұзақ)

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • жүгіру сіз үшін жеткілікті түрде күрделі тапсырма болды ма?
  • жеңіл атлетика сабақтарында барлық физикалық қасиеттерді дамыту неліктен маңызды екенін айта аласыз ба?

 Құндылықтарды

 дарыту

Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Биологи пәні

 АКТ қолдану

 дағдылары

Эстафеталық жүгіру техникасына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=YiyJYk4vONc

Бастапқы білім

Оқушылар жеңіл атлетика және фитнеспен айналысу арқылы қозғалыс қабілеттерін дамыту бойынша өткен тақырыптарды және бөлімдерді еске түсіреді.

С а б а қ б а р ы с ы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8-10 мин

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

1Оқушыларды жинау, сапқа тұрғызу (сабақ тақырыбын түсіндіріп, оқушылармен сабақ мақсатын анықтап алу)

  • Сабақ басталмай тұрып ЖСЖ өлшеп, парақшаға түсіріп жазу.
  • Жүктеме алғаннан кейін ЖСЖ өлшеп, парақшаға түсіріп жазу.
  • Сабақтың соңында ЖСЖ өлшеп, парақшаға түсіріп жазу және соңында талқылау.

1 Саптық жаттығуларды қайталау (Оң-ға, сол-ға, ай-нал, орнында қадам-бас)

Спорт алаңын немесе спорт залды айнала жеңіл 3-4 шеңбер айналып жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығулары

 Жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ) деп әртүрлі бұлшық ет жүктемесімен, әртүрлі жылдамдықпен және амплитудамен орындалатын қол, аяқ, дене және басқа арналған қимыл-қозғалыстары.

 (16 реттік жаттығу жиынтығы)

 

Үлкен кең кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Сабақтың ортасы

18-20 мин

Жүгіру және оның түрлері.

Топта оқушылар тақырыпқа арналған денсаулық бойынша өз ойларымен алмасады. Одан кейін топтар ойлар тізбегін ұсынып, оларды бір бірімен талқылайды. Талқылаудан кейін олар денсаулықтың негізгі құрамдастарын таңдайды.

(К, Т) «Шексіз эстафеталық жүгіру». Екі немесе одан артық команда қатысады. Жүгіру жолында бір-бірінен бірдей арақашықтықта, кезеңдерді сипаттайтын (100 немесе 200 м) бірнеше сызық сызады. Командалардың барлық мүшелері рет бойынша саналған. Тек бірінші кезеңде бірінші нөмірлердің артында соңғы нөмірлер тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша бірінші нөмірлі ойыншылар екінші нөмірлі ойыншыларға жүгіреді және оларға эстафетаны береді, ал өздері олардың орындарында қалады. Соңғы нөмірлі ойыншылар бірінші нөмірлі ойыншылар өз кезеңдерінен шықан бойда, олардың орындарына тұрады. Екінші нөмірлі ойыншылар эстафетаны үшіншілерге, олар – төртіншілерге береді және т.с.с. Әрбір эстафетаны берген ойыншы оны қабылдаған ойыншының орнында қалады. Эстафета бірнеше рет қайталанады, қанша рет екенін мұғалім ертерек жариялайды. Қайталаулар саны кезеңдер ұзақтығына байланысты: 100 м кезінде – 6-8 рет, 200 м кезінде 3-4 рет. Мұнда демалу кідірісі қысқа, ал жүгіру жылдамдығы жоғары, мұның нәтижесінде оқушылардың ағзасы үлкен жүктемені бастан өткереді.

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім кесте арқылы фигуралармен бағалау.

Оқушының аты-жөні

  • Оқушылар фитнес жаттығулар жиынтығын құрастырады және көрсетеді.

1

Өте жақсы

2

жақсы

3

қанағаттанарлық

Үлкен кең кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш, эстафеталық таяқшалар.

Жүрек жиілігін өлшеу: https://media.ls.urfu.ru/211/626/1312/1564/471/

Сабақтың соңы

8-10

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

11 А

Мұғалім кесте арқылы фигуралармен бағалау.

Жеңіл атлетика

1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.Спорт құралдарын (граната, диск, найза т.б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.Ұзындыққа , биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.Жауын-шашында күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

11 Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу