Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 41 сабақ.
Қысқамерзімді жоспар № 41
7 бөлім: Командалық ойындағы белсенді іс әрекеттер | Мектеп: Атырау қаласындағы ХББ НЗМ Мұғалімнің аты-жөні: Чунышкалиев К У | ||||||||
Күні: 13.02.2023ж. | |||||||||
Сыныбы: 11 | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындар | ||||||||
Оқыту мақсаты | 11.1.5.1 Қозғалыс белсенділігіне байланысты қиындықтар мен тәуекелдерді жіктеу | ||||||||
КДМ | Топтық жұмыс әдістерін қолдану арқылы дене жаттығуларын орындауды талдау және бағалау дағдыларын дамыту | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Спорттық және қозғалмалы ойындар арқылы жеке қозғалыс дағдыларды жетілдіріледі Командада әрекет ету арқылы бірлескен жұмысқа үйренеді Бірлескен жұмыста қиыдықтар мен тәуекелдерді талдайды және бағалайды | ||||||||
Бағалау критерийлері | Допты тура беру, жалғау, лақтыруды көрсетеді; Ойыншы қиындықтарды талдайды,тәуекелдерді бағалайды. | ||||||||
Миссия, пайымдау, құндылықтар | Миссиясы: Өзгеріске дайын тұлғаның зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және жаһандық құзыреттілігін дамыту Құндылықтары:
Ұстанымы: Оқушылар бойындағы адамгершілік, көшбасшылық және патриоттық сезімдерді дамыта отырып, оларға жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етеміз. Мектеп түлектері әлемді жақсартуға дайын, сыни тұрғыдан ойлайтын Қазақстанның әлеуметтік жауапкершілігі мол белсенді азаматтары. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Командалық ойындардағы өздерінің дағдыларын сипаттайды, талқылайды және көрсетеді. Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:
Талқылау үшін сұрақ:
| ||||||||
Пән аралық байланыс | Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. | ||||||||
Бастапқы білім: | Оқушылар сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда алдыңғы сыныптарда алған білімдері бойынша командалық спорттық ойындардағы білімдер мен дағдыларға ие (бұл тарауда баскетбол). | ||||||||
Жоспар | |||||||||
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | Құрал-жабдықтар (ресурстар) | |||||||
Сабақтың басы: 5 мин. 8 мин. 2 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру. Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттер. Сұрақ-жауап арқылы спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойын, жеке дағдылар туралы ақпарат анықталады. Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Сұрақтарға жауап береді. Сыныптың алдына сұрақ қояды:
Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды. Сыныппен бірге сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды, мұғалімнің бағыттаушы сұрағына жауап іздейді. Баскетбол төрешісінің қимылдарын ажыратады. Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, бір орындағы ЖДЖ-ын орындайды). Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді. | Әрбір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік. | |||||||
Сабақтың ортасы: 10 мин. 15 мин. | (С, Т, ҚБ) «Шеңбердегі қорғаушылар». Мақсаты: Топтық, жеке жұмыстар арқылы жеке дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Сипаттама: Мұғалім нұсқаулық жүргізеді, оқушылармен сұхбат өткізеді, оқушылар топпен жұмыстанады. Мұғалім әрекеті: Бөлімді игеру барысында қауіпсіздік шараларының сақталуына баса назар аударады; Сабақ тақырыбы мен мақсатын толық түсіндіреді; Мүғалім ойын ережелерін түсіндіреді; Оқушылардың ойын кезінде жеткілікті күш салуын қамтамасыз етеді; Жұптық, топтық диалог орнату үшін келесідей сұрақты талқылауды ұсынады:
Оқушы әрекеті: Қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша нұсқаулықты тыңдайды. Сабақ тақырыбы мен оқыту мақсаттарына қатысты сұрақтар қояды. Төмендегідей тәртіппен тапсырманы орындауға тырысады: Баскетбол алаңында үш топ ойнайды. Ойынның дамыту дағдыларын таратпа қағаздар арқылы анықтайды. Ойын мазмұны: Алаңға бірінен бірі үлкен 3 шеңбер сызылады. №1 команда үлкен шеңбер сыртына, №2 команда ең кіші шеңбердің ортасына, ал, №3 команда орташа шеңбердің сыртына орналасады. Белгі бойынша №1 команда мен №2 команда допты бір біріне әртүрлі тәсілдермен лақтырып береді, ал №3 команда доптарға тосқауыл болып лақтыруға кедергі жасайды. Берілген уақыт ішінде қойылған тосқауыл саны ұпайға теңестіріледі. Ойын 10-15 мин жалғасады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады. Оқушылар бірлескен жұмыстағы өздерінің жеке дағдыларын талқылап, бағалайды. Дескриптор: - допты әртүрлі тәсілмен береді; - допты беру, қабылдау барысында қолдар мен аяқтардың қимылын талапқа сай орындайды; | Үлкен бос кеңістік. Ысқырғыш, баскетбол доптары, бор немесе конустар, секундомер. Мазмұн мен ережелер: | |||||||
Сабақтың соңы: 10 мин. | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді. Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік бағалау арқылы білім бекітеді. | Бос кеңістік. Кері байланыс түрлеріне сілтеме: https://www.google.kz/search?q=%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96+%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81+%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwiNp97jmfjZAhUsyqYKHaBNCzgQ_AUICigB&biw=1366&bih=613#imgrc=w73NC0bDGVFQJM: | |||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||
Саралау: | Бағалау: | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: | |||||||
Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды. АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп отырады, өзіндік бағалауды жүргізеді. | Теориялық білімді тексеру. Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді. Тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтайды, бөліседі. | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау | |||||||
Жалпы оқушыларды бағалау: Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?