Ойын процесіндегі шығармашылық әлуеттілік. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация.


Ойын процесіндегі шығармашылық әлуеттілік

Оқу мақсаты

11.1.2.2. Түрлі дене жаттығуларында жүйелі қозғалыс пен шығармашылық комбинациясын қолдану және құру

11.2.4.4. Дене жаттығуының сапасын жақсарту мақсатында баламалы ережелер мен құрылымдық әдістерін бағалау және түсіндіру

Сабақ мақсаты

Қозғалыста допты алып жүру дағдысын жетілдіру,

Оқушыларды допты әріптесіне дұрыс беруге баулу.

Ойын қорытындысы бойынша көбірек нәтижелі жүргізушілерді немесе барынша епті ойыншыларды анықтау.

Жетістік критерийлері

Оқушы:

Футбол ойыны түрлі техникаларын орындауда шығармашылық комбинациясын қолданады.

Дене жаттығуының сапасын жақсарту мақсатында баламалы ойындар арқылы бағалайды және түсіндіреді

Пәнаралық байланыс

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Жалпы сапқа тұру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау. Оқу мақсатын талқылау. Жетістік критерийлеріне тоқталу. Жүру және жүгіру жаттығуларын орындау. Орнында тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау

Сабақтың ортасы

Футбол ойын техникасы

Дескрипторлар

Баламалы ойын

Барлық ойыншылар 5 адамнан топтарға бөлінеді. Ойнаушы оқушылардың әрбір бестігі үшін алаңның төрттен бірі бөлінеді. Өз алаңының шегінен шығуға болмайды. Команда ішінде: біреуінде 3 ойыншы – шабуылдаушылар, басқасында 2-еуі – қорғаушылар. Шабуылдаушылар футбол добын аяқтарымен бір-біріне бере отырып, допты барынша ұзақ ұстап қалуға тырысады, ал қорғаушылар допты иеленуге тырысады. Допты беру кезінде қателік жасаған шабуылдаушы қорғаушымен ауысады.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

нені білдім, нені үйрендім?

нені толық түсінбедім?

немен жұмысты жалғастыру қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу