Ойын процесіндегі шығармашылық әлуеттілік. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 7 – Спорт ойындарының тактикалық дағдылары.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын процесіндегі шығармашылық әлуеттілік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.2. Түрлі дене жаттығуларында жүйелі қозғалыс пен шығармашылық комбинациясын қолдану және құру

11.2.4.4. Дене жаттығуының сапасын жақсарту мақсатында баламалы ережелер мен құрылымдық әдістерін бағалау және түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Қозғалыста допты алып жүру дағдысын жетілдіру,

Оқушыларды допты әріптесіне дұрыс беруге баулу.

Ойын қорытындысы бойынша көбірек нәтижелі жүргізушілерді немесе барынша епті ойыншыларды анықтау.

Жетістік критерийлері

Оқушы:

Футбол ойыны түрлі техникаларын орындауда шығармашылық комбинациясын қолданады.

Дене жаттығуының сапасын жақсарту мақсатында баламалы ойындар арқылы бағалайды және түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

шабуыл

қорғаныс

адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс

кеңістікте бағдарлану

командалық жұмыс

тактика, стратегиялар

доппен және допсыз қозғалу

жүгіру, жылдамдықты, бағытты өзгерту

дриблинг

пас, доп беру

Құндылықтарды дарыту

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Пәнаралық байланыстар

ФизикаДопты әріптесіне әр түрлі жағдайда беру (пас) кезінде.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интернет арқылы түрлі жаттығулар туралы ақпарат алады.

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және мектептен тыс қызметтен алған командалық ойындар туралы білімдері мен дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сабақ басында:

Жалпы сапқа тұру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау. Оқу мақсатын талқылау. Жетістік критерийлеріне тоқталу. Жүру және жүгіру жаттығуларын орындау. Орнында тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау

Сабақтың ортасы

30 минут

  • Футбол ойыны техникасы.

-Допты тебу тәсілдері.

Допты түрлі тәсілдермен дәлдікке бағыт өзгертіп, күшпен алысқа траекториямен, секіріп артқа құлай тебу.

-Допты тоқтату.

Жерлеп келген, әуелеп қатты ұшып келген допты тоқтату.

-Алдау тәсілдері.

Белсенді алдау финттерін қолдану «соққы», «жанға кету», «тоқтату» ж.т.б.

Дескрипторлар: Оқушы

- допты тебу техникасын дұрыс орындайды;

- допты тоқтатуды дұрыс орындайды;

- доппен қарсыласты алдап өтіп шығармашылық қабілетін көрсетеді.

ҚБ: Бірін-бірі бағалау

  • (Б, Т, К, Ф) Барлық ойыншылар 5 адамнан топтарға бөлінеді. Ойнаушы оқушылардың әрбір бестігі үшін алаңның төрттен бірі бөлінеді. Өз алаңының шегінен шығуға болмайды. Команда ішінде: біреуінде 3 ойыншы – шабуылдаушылар, басқасында 2-еуі – қорғаушылар. Шабуылдаушылар футбол добын аяқтарымен бір-біріне бере отырып, допты барынша ұзақ ұстап қалуға тырысады, ал қорғаушылар допты иеленуге тырысады. Допты беру кезінде қателік жасаған шабуылдаушы қорғаушымен ауысады.

Дескриптор: Оқушы

  • баламалы ойын арқылы дене жаттығу сапасын жақсартады;
  • басқа оқушылардың ойын техникасын бағалайды.

ҚБ: топтық бағалау

  • Жаттығу ойыны.

Футбол ойыны алаңы, доптар, фишкалар.

Жаттығу орындауға арналған сілтеме: https://youtu.be/5BXdCUu1OvE

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • нені білдім, нені үйрендім?
  • нені толық түсінбедім?
  • немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді

жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен

ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып

іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды

пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде

қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-

тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша

рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз

сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс

қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,

неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу