Қауіпсіздік ережесі. Ойыншының тактикалық іс-әрекеті. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім.Спорт ойындарының тактикалық дағдылары.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Ойыншының тактикалық іс-әрекеті.

 Осы сабақта қол

 жеткізілетін оқу

 мақсаттары:

11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігінің көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу.

Сабақ мақсаты:

Оқушылар:

  • Футбол ойынындағы ең негізгі әдістерді үйрету.
  • Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, шапшаңдылыққа үйрету,дамыту.
  • Оқушыларды патриоттық сезім мен адамгершілікке қасиеттерге баулу.

Бағалау

критерийлері

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, әрекеттерді нақтылы түрде орындайды

Ойын барысында ойын техникасын қолданады

Ойын ойнау барысында стратегиялар құра алады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Оң нәтижеге жету тактикасы мен стратегиясын топтарда түсіндіру және талқылау.

Сабақ белсенділігінің тірек сөздерін 3 тілде біледі:

Волейбол-volleybol, ойын-игра-game; стратегия-strategy; тактика-tactics,спорт-sport

Волейбол,тосқауыл қою,жеке тосқауыл»,«топтық тосқауыл» ойын, ойын іс-әрекеті, ойын дағдысы,стратегия, тактика, ынтымақтастық, командадағы орта

  Білім беру

 құндылықтары

 

 

Топпен жұмыс істеу ынтымақтастық, достастық қарым-қатынастарды нығайтуға ықпал етеді. Ойын барысында жауапкершілікті сезіну,отансүйгіштік, бір-біріне деген ашықтық пен құрмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыстар

Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш - қуат физика пәнімен байланысу,дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты.

Бастапқы білім

10 сынып - Қозғалмалы ойындар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10

минут

11-16 мин

17-20 мин

21-25мин

26-36 минут

Сабақтың соңы

37-40 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

1. Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

10. Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

Жоғарыда көрсетілген ҚЕ танысып болған соң, оқушылар ТҚЖ қол қойып шығадыды.

Дене қыздыру жаттығулары.

1. Бір орында: Оңға, солға, кері бұрылу.

2. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Жаңа тақырыпты таныстыру мақсатында «Қармақ салу» әдісі бойынша сұрақ-жауап.

1. Футболдың негізгі мәні (доппен айла-тәсіл жасау)

2. Алтын допты 6 рет қатарынан иеленген алғашқы әрі тұңғыш футболист (Лионель Месси)

3. Футболдағы негізгі ойын тәсілі (допты тебу)

4.Еурокубокте ойнаған Қазақстанның тұңғыш командасы (Шахтер)

5.Командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы (қақпашы).

6. Футзалдан Уефа кубогын иеленген Қазақстандық команда. (Қайрат)

Мұғалім оқушыларға «Футбол» ойын техникасымен таныстырады.

Допты тебу-футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады.

Допты тоқтату әдісі- ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді.Допты тоқтату кезінде ең бастысы - ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі.

Допты алып жүру әдісі

Допты алма-кезек тебу арқылы алып жүреді.Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тартып алу әдісі

Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға болады.

Қақпашының ойыны.

Қақпашы – командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу, тәсілдерін жақсы білуі керек.

Топтық жұмыс. Оқушылар «Кіші футбол» ойнайды.

Бағалау критерийлері:

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, әрекеттерді нақтылы түрде орындайды
  • Ойын барысында ойын техникасын қолданады
  • Ойын ойнау барысында стратегиялар құра алады

Қорытындылау. Кері байланыс.

  • Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз қандай болды?
  • Қандай қиыншылықтар кездесті?

Ысқырық, доп, кедергілер

Саралау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың барлығы:топта жаттығуларды орындайды;

  • Оқушылардың көпшілігі: Ойын барысында ойын техникасын қолданады

Оқушылардың кейбірі

Ойын ойнау барысында стратегиялар құра алады

  • Оқушыларды жаттығуларды орындау барысында іс-әрекеттеріне қарай мадақтау арқылы бағалап отырамын;
  • «Кіші футбол» ойынын дескрипторлар арқылы бағалаймын.
  • кері байланыс беремін.

Денсаулық сақтау технологиялары.

  • Сыныптағы қауіпсіздік ережесі сақталуын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу