Қауіпсіздік ережесі. Ойыншының тактикалық іс-әрекеті. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация.
7-бөлім – Спорт ойындарының тактикалық дағдылары
Сабақтың тақырыбы
Қауіпсіздік ережесі. Ойыншының тактикалық іс- әрекеті
Оқу мақсаты
11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу
11.1.1.1. Өзінің және өзгелердің спорттық арнайы қимыл-қозғалыс дағдыларының дәлдігін, бақылауды және икемділігін кең ауқымда жоғары дәрежеде көрсету және бағалау
Сабақ мақсаттары
- Қимыл жасау жағдайында жабдықтар мен құралдарды абайлап қолдану
- Үнемі талқылау ойындармен рөлдерді ауыстыру арқылы тактикалық іс-әрекеттер ұцымдастыруды дамыту.
-Көшбасшылық дағдысын жетілдіру
Бағалау критерийлері
- Арнайы спорттық техникаларды орындау кезінде тактикалық дағдылар мен реттілікті салыстырады және талдайды
- Тактикалық дағдыларды қолдану кезінде өзінің және өзгелердің қозғалыс қабілетін сын тұрғысынан бағалайды.
Тілдік мақсаттар
• шабуыл
• қорғаныс
• кеңістікте бағдарлану
• командалық жұмыс
• тактика, стратегиялар
• жүгіру, жылдамдықты, бағытты өзгерту
пас, доп беру
№1тапсырма
(С, ЖЖ) Оқушылар жұпта техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты меңгеруге арналған сұрақтар қойып, білімдерін тексереді
Ұстаз осы тапсырманы үшін оқушыларды
ойын тәсілі бойынша бөледі
"Көзбен ату". Оқушылар шеңбер бойына тұрып, көздерін жұмады. Ұстаздың командасы бойынша көздерін ашып өз жұбын іздейді. Егер көздері кездессе, жұп құрып шеңберден шығады.
(С, ЖЖ, Э, Ф) Оқушылар жұпта жұмыс жасап, арнайы әрекеттерді қарастырады: Оқушылар 10-12 м қашықтықта кеуде тұсынан (іш тұсы немесе одан төмен) көтерілудің ішкі бөлікте тұрып допты лақтырады. Серіктес денесінің тиісті бөлігімен, доптың түсуіне жол бермей, оны тоқтатып қабылдап алады және сол биіктікте қайтадан лақтырады. Дәл осылай жүгіріп бара жатып 15-18 м қашықтықта орындайды
ҚБ: өзін-өзі бағалау
№2 тапсырма
(С, Т, К, Ж) Оқушылар топтарға бөлініп, "Допты шаршы ішінде лақтыру" ойынын ойнайды (4-еуі 1-еуге қарсы, 6-ауы 2-еуге қарсы, 8 3-еуге қарсы)
(С, Т, Э) Оқушылар топтарға бөлініп, "Жетеу жетеуге қарсы" ойынын ойнайды Екі команда жеті ойыншыдан және қақпашы қорғайтын бір стандартты қақпадан құралып, алаңның жарты бөлігінде ойнайды. 4 қорғаушы және 3 жартылай қорғаушы үш шабуылдаушыдан, үш жартылай шабуылдаушыдан және бір қорғаушыдан қапаны қорғайды. Шабуылдаушы команда қорқаушы қорғап тұрған қақпаға допты кіргізуге, қорғалушы команда шабуылды бұзып, допты алаңның орталық сызығы бойынша өткізуге тырысады.
Ойын допты орталық сызыққа қарай шығарудан басталады. Шабуылдаушы команда допқа ие болып, шабуылда қақпаға қарай жүргізіп, допты кіргізуге тырысады. Егер допты кіргізсе, 3-4 ұпайға ие болады. Егер қорғалушы команда допты тартып ала алса, допты ұсыну арқылы, орталық сызыққа дейін жүргізіп және айналып және одан допты өткізіп шабуылды бастайды. Бұл үшін қорғалушы команда 1 ұпай Шабуылдаушы команда допты жоғалтқанда 1 ұпай алады. Шабуылдаушы команда допты жоғалтқан сәтте қорғанушы функциясын орындауға ауысып, допты орталық сызық арқылы өткізуге кедергі келтіреді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?