Командалық оқытуда озық тәжірибе түрлері. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар №

6 бөлім: Ойын-сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:.

Сыныбы: 11

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Командалық оқытуда озық тәжірибе түрлері.

Меңгеру мақсаттары

11.2.3.3. Қолайлы оқу ортасын құру мақсатында басқалармен тиімді жұмыс дағдысын анықтау.

11.2.5.5. Өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру нәтижелерін бағалау

11.2.6.6. Жарыс іс-шараларының шарттары және төреші ережесін талдау және бағалау

Сабақ мақсаттары

- Оқушыларды арнайы қозғалыс әрекеттерін көрсетуге және бағалауға үйрету

- Дене жүктемесі кезінде ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін талдауға үйрету

- Баскетбол ойынының өзгертілген ережелері арқылы тиімді командалық жұмысты үйрету

Бағалау критерийлері

- оқушылар қауіпсіздік ережесін сақтайды;

- ойындар кезінде арнайы қимыл-қозғалыс әрекеттерін меңгерген;

- ойын кезінде тиімді командалық жұмысты көрсетеді;

- допты жоғалтпай алып жүреді және де серіктесінің қолына дәл пас береді;

- баскетбол ойынында үйлесімді ойын өрнегін көрсетіп, допты шығыршыққа салады.

Дескрипторлар

- жеке қауіпсіздік үшін негізгі талаптарды қарастырады;

- доппен қимылдарды орындау кезінде қол және аяқ қозғалысы дәл қойылған;

- допты жалғау және лақтыру кезінде аяқтарға тіреледі, лақтыру кезінде допты саусақтардың ұшымен шығарып салады;

- доптың шығыршыққа бір немесе одан да көп түсуін көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Топтық ойындардағы дағдылары мен түсінуін сипаттай, талқылай және көрсете алады

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • қорғаныс және шабуыл дағдылары;
  • допсыз қозғалыс, қорғаныс, қарсылас, тактика;
  • командалық жұмыс, жұптық жұмыс, жаттықтырушы, ойыншы;
  • данк, тактика, стратегия, дриблинг;
  • жүгіру, лақтыру траекториясының өзгеруі;

Талқылау үшін сұрақ:

  • Ойын дағдыларын қалай жетілдіруге болады?

Пән аралық байланыс

Бұл сабақтағы пәнаралық байланыс биология мен физика пәнімен байланысы болуы мүмкін: үйкеліс күші, анатомия, информатика, салауатты өмір салты.

Бастапқы білім:

Оқушылар алдыңғы сыныптардан допты иелену тәжірибесі бар. Қорғаныс және шабуыл тактикасын қолдану.

Жоспар

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

3 мин.

3 мин.

1 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттер. Сұрақ-жауап арқылы баскетбол ережелері, жеке дағдылар туралы ақпарат анықталады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Сұрақтарға жауап береді. Жылжымалы интерактивті тақта арқылы баскетбол ойыны (допты жүргізу) туралы қысқаша бейнеролик көрсетеді. Сыныптың алдына сұрақ қояды(миға шабуыл):

  • Ойын жағдайында жаттығуларды орындау кезінде қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларын атай аласыз ба?

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды. Сыныппен бірге сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды, мұғалімнің бағыттаушы сұрағына жауап іздейді.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, бір орындағы ЖДЖ-ын орындайды).

Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді.

Әрбір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік. Ысқырық, секундомер, жылжымалы интерактивті тақта. Интернет-ресурсқа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=NHyBeo4M7_A

Сабақтың ортасы:

5 мин.

10 мин.

3 мин.

« Қызықты ойындардағы мәселелерді шешу дағдысы».

(С, ЖЖ, ҚБ)

Мақсаты: Ойындарда допты алып жүру, дриблинг орындауды көрсету және талдау. Жарыс түрінде өткізу.

Сипаттама: Мүғалім нұсқаулық жүргізеді, әр оқушымен сұхбат өткізеді, оқушылар жұппен жұмыстанады.

Мұғалім әрекеті:

Бөлімді игеру барысында қауіпсіздік шараларының сақталуына баса назар аударады;

Сабақ тақырыбы мен мақсатарын толық түсіндіреді;

Мұғалім ойын ережелерін түсіндіреді;

Оқушы әрекеті:

Жұптық жұмыс:

  • допты оң қолмен алып жүру;
  • допты сол қолмен алып жүру;
  • допты қос қолмен алып жүру;
  • допты фишка арқылы алып жүру;
  • допты жұбына үстінен жалғау;
  • допты жұбына еден арқылы жалғау;
  • допты кеудеден жалғау;
  • допты қозғалыста жүріп жалғау.

Допты себетке лақтыру:

  • айып добын лақтыру;
  • 3 ұпайлық аймақтан лақтыру;
  • допты алып жүріп екі қадам жасау арқылы себетке лақтыру.

"Үштік"топтық өзара әрекеттесу.

Дескриптор:

- жеке қауіпсіздігі үшін негізгі талаптарды қарастырады;

- доппен қимыл жасағанда доптың ұшу бағытын қадағалайды;

  • допты жалғау және лақтыру кезінде аяқтарға тіреледі, лақтыру кезінде допты саусақтардың ұшымен шығарып салады;

Әр бір жаттығу үшін үлкен бос кеңістік.

Тапсырмаларды орындауға қажетті құрал-саймандар.

Ысқырғыш, баскетбол доптары.

Бор, магниттік тақта. Маркер, А4 парағы.

10 мин

(С, Т,ҚБ)

Мұғалім әрекеті:

Тапсырмаларды орындауда қауіпсіздік шараларының сақталуына баса назар аударады.

Тапсырмаларды толық түсіндіреді.

Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау, жіберілген қателерді түзетуге түсініктеме беру.

Оқушы әрекеті:

Оқушылар сыныптағы балалардың санына байланысты 2, 3 немесе 4 топқа бөлініп баскетбол ойынын ойнайды. Дәлірек айтқанда, ойын ережелері өзгертілген баскетбол ойыны:

Екі команда бір-біріне қарсы ойнайды, допты қолына ұстаған оқушы бір қадам жасауға болады. Ал ойынның басқа қатысушыларына бүкіл алаң бойынша еркін жүруге рұқсат етіледі. Осылайша, бір команданың ойыншылары алаңның екінші жартысына дейін қарсыластар жағына қарай жүгіріп, допты себетке лақтыру керек. Ойын ережесін сақтай отырып, себетке көп доп салған команда жеңеді.

Дескриптор:

- баскетбол ойынының өзгертілген нұсқасын көрсету;

- қауіпсіздік техникасын сақтау;

- допты анық алып жүру және допты дәл жалғау;

- допты себетке салады.

Бағалау: Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар жетістіктері мен қиындықтары болған критерийлерді анықтайды.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық.

https://www.youtube.com/watch?v=WQMztN6epUc

Мұғалім үшін: тапсырма жоспары, дидактикалық материалдар (суреттер, презентация, бейнесюжет және т.б.), ысқырық, бағалау парақтары.

Ысқырық, секундомер, фишкалар, баскетбол доптары.

Сабақтың соңы:

3 мин.

2 мин.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік бағалау арқылы білім бекітеді. Үйге тапсырма: 1-2 қозғалыс ойындарын ойластыру.

Бос кеңістік.

Бағалау үшін түрлі-түсті қағаздар, стикерлер, қаламдар, маркерлер.

Қосымша ақпарат

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

а) дене дайындығының ерекшеліктері бойынша:

- ұлдар допты алып жүру сәтінде дриблинг жаттығуын орындайды;

- қыздар бір орында дриблинг жаттығуын орындайды;

б) дене дайындық қабілеттері бойынша:

- қозғалыс дағдыларын дамыту үшін қабілетті оқушыларға неғұрлым күрделі жаттығулар беру (екі қадам жасап себетке доп лақтыру және допты алып жүру кезінде дриблинг жасау);

- дене дайындығы жоғары оқушылар дене дайындығы төмен оқушыларға қолдау көрсетеді.

АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп отырады, өзіндік бағалауды жүргізеді және де ойын барысында төрешілік етеді.

Теориялық білімді тексеру.

Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді.

Әрбір тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтап, бөліседі.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу