Төрелікті ұйымдастыру және жарыс өткізу. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
CАБАҚ ЖОСПАРЫ
Дене шынықтыру пәні №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шаңғы / кросстық / коньки дайындығы | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Төрелікті ұйымдастыру және жарыс өткізу. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.3.3.3. Жеке жаттығу бағдарламасын жобалап енгізу үшін энергетикалық жүйелерді және жаттығудың қарқындылығын қарастыру. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Шаңғы жарысын ұйымдастыру және жарыс өткізу. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты арнайы сөздік пен терминология
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | - жеке, жұпта және командада жұмыс істеу қабілеті; - өзгелер көзқарасына құрмет және өзгелерге міндеті тарапынан жауапкершілік сезімі; - сайыстық, жеке немесе байланыс болсын дене жаттығуларын орындау кезінде әлеуметтік мінез-құлықты нығайту арқылы / көмегімен жүзеге асады (іс-әрекетті және / немесе тақырып мазмұнын сипаттау). | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ – тілі, Анатомия, Биология. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-ны қолданудың басты мақсаты: дене тәрбиесіндегі теориялық және практикалық сабақтарында қолдану (бейне, презентация, график, кесте, қосу динамикасы); - фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану; -АКТ (әсіресе ғалам торды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Шаңғы жарысы: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B_%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%81%D1%8B | ||||||
Бастапқы білім | Бөлімде оқушылардың физикалық дамуы мен қимыл қозғалыстық дайындығы, денсаулық жағдайы ескеріле отырып, жалпы жұмысқа қабілеттілігі мен шыдамдылығы деңгейін арттыру, физикалық қасиеттерін дамыту бойынша білімі мен мүмкіндіктерін жаңартуды жалғастырады. Шаңғы, кросстық және коньки дайындығы сабақтарында мұғалім тек қана материалды даярлап қана қоймайды, сонымен бірге оқушылардың бос уақытында шаңғы мен коньки тебу қабілеттерін жаттықтырады. Оқушыларға арнайы қозғалыс қабілеттерін дамыту ұсынылады, олар сонымен бірге өздерінің техникалық, тактикалық және коммуникативтік қабілеттерін жаңартады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 5 минут | Дайындық бөлімі: 10-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу, сабақ жоспарын түсіндіру - Оқушылардың зейінін шоғырландыру, оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен ОМ анықтау. Оқушылардың зейінін сабақ соңында күтілетін нәтижелерге аудару. |
Техника қауіпсіздік жайында айту. | |||||
Сабақтың ортасы | Шаңғы жарысы — белгілі қашықтықтағы арнайы дайындалған трасса бойынша белгілі бер спортшылар санаты бойынша (жастары, жынысы және т. с. бойынша) шаңғымен жарысу спорты. Алғашқы рет жылдамдыққа жүгіруден шаңғымен жарысу Норвегияда 1767 жылы өтті. Осыны үлгі етіп жарыс Швеция мен Финляндияда өте бастады, артынша Орталық Еуропада кең тарай бастады. 19 ғасыр аяғында— 20 ғасыр басында әлемнің көп елдерінде шаңғы клубтары пайда бола бастады. 1924 жылы Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) құрылды. 2000 жылы FIS құрамында 98 ұлттық федерациялар болды. Шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғымен тұғырдан секір. (ағылшын. ski jumping) - арнайы жабдықталған трамплиннен (тұғыр) шаңғымен секіруге негізделген қысқы спорт түрі. Өз алдына жеке дара спорт түрі ретінде саналады, сонымен қатар шаңғы қоссайысы бағдарламасына кіреді. Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (ағылшын. International Ski Federation, фр. Fédération Internationale de Ski, FIS) қарамағында. Олимпиада ойындарының құрамында 1924 жылдан бері ұйымдастырылса, алғашқы әлем чемпионаты 1937 жылы өткен. Ережелері: Секіруге арналған 20 және 50 метрлік кіші, орташа 70-90 метрлік үлкен трамплиндер бар. Тұғырдан секіруге 5 төреші қазылық жасайды. Олар секірушілердің нәтижелерін 20 баллмен есептелінетін секірудің әдісіне, арнайы кестемен балл берілетін секірудің қашықтығына қарай есептейді. Жарыс үстінде әр спортшы үш реттен секіріп, оның екеуінің нәтижесі есепке кіреді. Қазақстанда шаңғымен тұғырдан секіру. 1946 жылдан бастап дами бастады. Сол кезде секіру әуесқойлары Көктөбе шатқалынан 25 метрлік тұғыр салып алды. Ұзамай А.Степановтың басшылығымен "Каменское платода" 50 м. Тұғыр салынды. 1950-60 жылдардың арасында Э.Леушин, Қ.Нукин, В.Сологуб, А.Шивжиль, В.Сорокин, В.Янин, И.Луранов сияқты алғашқы спорт шеберлері шықты. Кейін олардың қатарын Т.Насыров, М.Бубликов, ағайынды Васильевтер, В.Чай, А.Королев, С.Бычковтар толықтырды. Тау Шаңғы Спорты – шаңғы спортының бір түрі. Тау шаңғы спорты слалом, алып слалом, жылдам сырғанау болып бөлінеді. Слалом жарысы тапталған қалың қарлы тау бөктерінде өткізіледі. Жарыс жолының қашықта. 500 – 700 м, көлбеулігі – 100 – 200 м. Жол бойына қызыл не көк жалау ілінген кедергілер қойылады. Олардың арасы – 3 м. Жарыс кезінде слалом шылар трассаны екі рет өтеді. Соның орташа уақыт көрсеткішінен қорытынды нәтиже шығарылады. Алып слаломда жолдың көлбеулігі 200 – 500 м, ұзындығы 800 – 2000 м, қақпаның ені – 8 м, олардың арасы 15 – 20 м. Жылдамдық сағатына 65 километрге жетеді. Жылдам сырғанауда жолдың көлбеулігі 500 – 1000 м, ұзындығы 2000 – 4000 м, жылдамдығы сағатына 90 – 100 километрге жетеді. Тау шаңғы спортының алғашқы ережесін 1920 жылдары ағылшын А.Лунн құрастырған. Жылдам сырғанаудан 1923 жылы Швейцарияда тұңғыш жарыс өтті. Әлем чемпионаты 1930 жылдан өткізіліп келеді. 1936 жылы олимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілді. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы біріншілігі 1934 жылы басталды. Тау шаңғы спортынан федерация құрылып, ол 1948 жылы халықаралық ұйымға (ФИС) мүше болды. Қазақстанда Тау шаңғы спорты 2- дүниежүзілік соғыс жылдарында пайда болды. Республиканың тау шаңғы спортшылары А.Артеменко, Ю.Кабин, В.Митрозаев, Г.Минаев, П.Дельвер, О.Жайшыбеков, В.Духанин, Р.Ақжанов, Н.Еремеева, М.Хусайнов, тағы басқалар спорттың бұл түрін дамытуға зор үлестерін қосты. Биатлон (лат. би... және грек. thlon — сайысу) — қысқы, сонымен қатар жазғы спорт түрі, белгілі бір қашықтық сайын шаңғы үстінде мылтықпен нысанаға оқ ата отырып, шаңғымен жарысу. Биатлоннан 1958 жылдан дүние жүзі чемпионаты, 1960 жылдан қысқы Олимпиялық ойындардың бағдарламасы бойынша жарыстар өтеді. Халықаралық биатлон федерациясы 1948 ж. құрылған, 60 мемлекеттің өкілдерін біріктіреді (1998). Қазақстанда биатлон 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап дами бастады. Республика биатлоншылары Азия чемпионаты мен 12-, 13-Азия ойындарында жүлделі орындар алды. Биатлон жайында. Қысқы биатлонның кейбір нұсқаларында винтовка орнына садақ қолданылса, басқаларында тіпті аңшы мылтығы және аңшы шаңғысы пайдаланылады. Биатлонның қысқы емес, яғни жазғы түрі келесі комбинациялардан тұрады[2]:
Барша биатлон түрлерінен тек «классикалық» қысқы биатлон және жазғы биатлон (бүкіл үш нұсқасы) Халықаралық биатлон федерациясы жетекшілігі астында. Фристайл, соңғы жылдары көптеген елдерде кең тараған қысқы Олимпиядалық ойындарының бірі, Азия ойындарының бағдарламасына енген қысқы спорт түрлерінің бірі. Қарлы беткейінен құлдилап түсу кезінде әртүрлі бағдарламаларды орындайтын Фристайл:
Балет: түрлі айналыстар мен секірістерден, жүру, акробатикалық, хореографиялық бөліктерден құралатын, спортшының өзі қалап алған музыканың сүйемелдеуімен орындалатын бұл эстетикалық мәні зор көріністердің бірі. Балет орындалатын беткей қарлы, кедір-бұдырсыз, тегіс болуға тиісті. Музыка сөредегі төреші рұқсат бергеннен кейін басталады. Есептелген балдық 50%-ы композиция мен мәнер үшін есептеледі. Балет жаттығулары орындалатын аумақтың ені құлдилау беткейінің енінен аз болады. Оқушылар тапсырма берілген уақытты ескермей, тегіс жер бойынша 3000 м дейінгі қашықтықты жүріп өтеді: қашықтықты кесінділерге бөлу қажет. Қашықтықтың бірінші бөлігін бірдей қарқынмен жүгіру, екіншісін – орташа қарқынмен және мәреге жету – үдеумен болуы керек. Бірінші екінші, үшінші, келген оқушыларды ерекше атап, қалған оқушылардың келген реттілігін айту. | Шаңғы жарысы https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B_%D0%B6%D0%B0%D1%80%D1%8B%D1%81%D1%8B Шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғымен тұғырдан секір. Тау Шаңғы Спорты https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B0%D1%83_%D1%88%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B_%D1%81%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82%D1%8B Биатлон жайында https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B8%D0%B0%D1%82%D0%BB%D0%BE%D0%BD | |||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жүргізледі: Сұрақтар: Шаңғы, кросстық және коньки дайындығы кезіндегі қандай қауіпсіздік техникасын білесіз? Нәтижеге жету үшін қандай қабілеттер керек? Шаңғы дайындығына ойында қалай негіздеуге болады? Осы жаттығу барысында қандай физикалық қабілеттер дамиды? Бағдарламалық материалды меңгерту мақсатында қандай жаңа тактика мен стратегия қолданасыз? Сіздің қозғалыс қабілетіңізді жақсартуға не көмектеседі? | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднер дің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау, орындалу сапасы, бірлескен тапсырмалардың мағынасын ашу. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Қозғалыс әрекеттерін белсендіру. Шаңғымен орындалатын тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттарын оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?