Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыны қолдану. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация.
5 Бөлім
Шаңғы/ кросс/ коньки дайыңдығыСабақ тақырыбы
Қауіпсіздік ережесі
Техникалық дағдыны қолдану
Оқу мақсаты:
11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу.11.3.2.2. Жас ерекшеліктерін ескере отырып дене қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларын жобалау,енгізу.Сабақ мақсаты:
Шаңғы/коньки/кросс даярлығына бағытталған арнайы қозғалыс әрекеттерінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау және шаңғыда, конькиде жүрудің дағдысын жетілдіру, жүгіруде төзімділік қасиетін қалыптастыру.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ
Сабаққа дәрігерлік бақылаудан өткен және қауіпсіздік ережесімен танысқан соң жіберіледі;
Жарақат алу қаупі: жаттығуды жарамсыз спорт құралдарымен орындағанда және сақтандырусыз орындағанда.
Спорттық киімінің талаптарын назарда ұстау және спорттық аяқ киімнің табаны жылтыр болмауын қадағалау;
Дайындық жаттығуларын жүктеме бойынша өткізу;
Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының пайдалануға, орындарын ауыстыруға рұқсат етілмейді;
Құрал-жабдықтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ, таза шүберекпен сүртіп алу керек.
Мұғалім қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізеді. Шаңғы тебудің пайдасы, шаңғышы киімі, қауіпсіздік техникасы ережелері, саптағы жаттығулары, шаңғы жабдықтары және оның күтімі туралы әңгіме жүргізу және де сабақ кезіндегі өзін-өзі ұстауын және т.б. ескертіліп, түсіндіріледі.
1. Киім спорттық ыңғайлы, жылы болу керек. Міндетті түрде қолғап пен бас киім болуы керек. Желді күні кеудеше киген дұрыс.
2. Шаңғы ботинкасы кең болғаны жөн, жылы болу үшін шұлық киіп, ұлтарақ салғанда, аяқты қыспауы үшін аяқ киімінің кең болғаны дұрыс.3. Аязды күндері оқушылардың денесін үсік шалғандай белгі байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап, көмек көрсету қажет.4. Шаңғының бекіткіші мен ботинкасы дұрыс киілуіне әрдайым назар аударып отыру қажет.5. Қалың қармен, мұздақты жерлермен, бұталар арасынан сақтықпен өту қажет.6. Таудан төмен сырғанау тек қана мұғалімнің рұқсатымен, кезекпен белгілі арақашықтықты сақтай отырып жасалады.Шаңғы дайындығы
Ауыспалы екіадамды жүру техникасын көрсетіңіз.
Бұл жүрісті орындау кезінде оқушылар кезекпен әрбір екі адым сайын бір рет қолмен сермеу жасайды.
Шаңғы дайындығы
Шаңғы тебудің әдіс — тәсілдері:
1. Таяқсыз жүру, алма — кезек екі адымды жүріс (табиғи жүріс), бір мезгілдегі екі адымды жүріс, коньки жүрісі.
2. Шырша әдісі, жартылай шырша әдісі, саты әдісі.
3. Соқа тәсілі, сырғанай түсу.
Бағалау критерийі
Дене қасиетін дамыту аясында денені қыздыру және «Денсаулық» деген ұғымды анықтайды.
Жеке жаттығу және энергетикалық жүйелеріне арналған жаттығулардан мысалдар келтіреді. Дескрипторшаңғыда жүру дағдысын көрсетеді;
ауыспалы екі адамды жүруді орындайды;
көрсетілген кедергілерден секіру арқылы өтеді;
қауіпсіздік техникасын сақтайды.
Рефлексия
Мен үйрендім…
Мен білдім…Мен білемін…Мен қиналамын…ҚОРЫТЫНДЫ
Шаңғы спорты көпшілікке қолайлы спорт түрі болып саналады
Шаңғы спортымен айналысқанда барлық дене бұлшық еттері қызмет атқарады
Аязды таза ауада шаңғы спортымен айналысқан денсаулыққа өте пайдалы
Шаңғы спорты тәртіптілікке, сенімділікке, көп еңбек етуге
тәрбиелейді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?