Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыны қолдану. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім:Шаңғы/ кросс/ коньки дайындығы. | Мектеп: | |||||
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Техникалық дағдыны қолдану. | |||||
Оқу мақсаты | 11.3.4.4. Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсенділігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу. | |||||
Сабақ мақсаттары | Шаңғы/коньки/кросс даярлығына бағытталған арнайы қозғалыс әрекеттерінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау және шаңғыда, конькиде жүрудің дағдысын жетілдіру, жүгіруде төзімділік қасиетін қалыптастыру. | |||||
Жетістік критерийлері | Дене белсенділігі көмегімен денсаулықты нығайтуға бағытталған қауіпсіз сабақтар жиынтығын өткізеді. | |||||
Тілдік мақсаттар: | Білім алушыларға арналған академиялық тілде жазылған тілдік мақсат мысалы, оқушыларға осы бөлімнің пәнді меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін төменде беріліп отыр;
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Дене шынықтырудың пайдасының жалпы түсінігі мен ұғымының қалыптасуында маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту, қабілетіне қарай бағыттау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, биология. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ-ны дене тәрбиесіндегі теориялық және практикалық сабақтарында қолдану (бейне, презентация, график, кесте, қосу динамикасы); Шаңғы дайындығы техника қауіпсіздігіне сілтеме: http://obg-fizkultura.ru/kompleks-obshherazvivayushhih-uprazhneniy-uprazhneniy-na-lyizhah.html http://obg-fizkultura.ru/urok-lyizhnoy-podgotovki-lyizhnyie-hodyi-sposobyi-hodbyi-na-lyizhah.html | |||||
Бастапқы білім | Осы бөлімде шаңғы мен конькиде қозғалудың негізгі әдістерінің дағдыларын, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын, жалпы төзімділікті арттыру және маңызды физикалық және моральды-еріктік қасиеттерін меңгеру қарастырылған. | |||||
Жоспарлардағы әрекеттер | Б = барлық сынып, ЖЖ = жұптық жұмыс, Тәж = оқушы тәжірибесі, ҚБ = қалыптастырушы бағалау, Т = топтық жұмыс, Ж = жеке жұмыс,К = оқытушы көрсетеді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 15 минут | Сәлемдесу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың мақсаты мен ОМ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы денсаулықты нығайту, қозғалыс әрекеттерін құруға арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. Аяқ, қол буындарына арналған жаттығулар кешенін жүйелі орындау. | Кең ойын алаңы. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. | ||||
Сабақтың ортасы | (Б, Ж, К, ҚБ) Мұғалім қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізеді. Оқушы назарын шаңғы немесе конькиді қалай алуды, инвентарь жағдайын күту туралы, сабақ орнына шаңғы мен конькиді әкеліп, киюі қалай жүзеге асатынын, және де сабақ кезіндегі өзін-өзі ұстауын және т.б. ескертіліп, түсіндіріледі. Сонымен бірге, климатқа сәйкес киім таңдау керектігі мен үсу және тоңудан сақтану керектігін түсіндіреді. Аталған әрекеттер бойынша қауіпсіздік техникасын қатаң ескерту. Шаңғыда(конькиге) тұрып: - Б.қ. - шаңғыға (конькиге) тұрып, аяқ иық көлемінде қойып, бірорында таяқтарға тіреле шаңғыны ары бері сырғыту. - Б.қ. - шаңғыға (конькиге) тұрып, аяқ иық көлемінде қойып, таяқтарға тіреле шаңғының басы мен артын кезекпе-кезек көтерулерді аяқтарды сәл бүгіп орындайды Шаңғы дайындығы: (Б,Ж,ҚБ) «Ауыспалы» «екіадымды» жүріс техникасын жетілдіру үшін арнайы жаттығуларды орындау. Оқушылар алма кезек екіадамды жүріспен шаңғы тебеді. Бұл жүрісті орындау кезінде оқушылар шаңғыда кезекпен сырғанап, қолдарымен жұмыс істейді, қолмен серпіліс аяғына қатысты болады, қол мен аяқтардың қозғалысы қарапайым жүріске барынша жақын болуы керек. 1. Шаңғыда қозғалудың үйренген тәсілдерінің бірімен 2500-3000 м. қашықтықты біркелкі жүгіріп өту. 2. арақашықтығы 50-60 м болатын кесіктерді жылдамдата жүру. 3. «коньки» жүрісі техникасын жетілдіру үшін арнайы жаттығуларды орындау (мұғалімнің/оқушылардың қалауы бойынша). Коньки дайындығы 1. Аяқты алма-кезек ала отырып тура бағытта еркін сырғанаулар. - тура қозғалыс кезінде қолды дұрыс алу,қозғалту. 2.Бұрылу және бұрылыстан өту техникаларын жетілдіру. - бұрылу кезінде аяқты алмаса ауыстырылымына мән беру,дене қалпын дұрыс ұстау, қолмен серпіліс жасау. Тепе-теңдікті сақтай отырып,артпен алға қарай жүру. Әр тапсырманы орындап болған соң қозғалыс әрекеттерін жақсарту үшін оқушылар жұпта өзінің жіне өзгенің біліктілігін талқылау. Кростық дайындық: (Т,ЖЖ) Жүгіру төзімділігін жаттықтыру,берілген жаттығуларды ретімен орындау: 1. Жеңіл жүгірулер 200-400м. (ширату жүгіруі);2. 4-5 минут икемділік,созылуға арналған жаттығулар;3. Интервалдық жүгіру 6 минуттық немесе 1200-1300 метр; (25-30 метрлік үзікті тез қарқынмен 2-3 рет жүгіріп өту) | Мұғалім ысқырығы Қажетті құрал-жабдықтар: Шаңғы,коньки уақыт өлшеуіш. Шаңғымен орындалатын жаттығуларға сілтеме: http://obg-fizkultura.ru/kompleks-obshherazvivayushhih-uprazhneniy-uprazhneniy-na-lyizhah.html Шаңғы дайындығы интернет ресурсына сілтеме: http://obg-fizkultura.ru/urok-lyizhnoy-podgotovki-lyizhnyie-hodyi-sposobyi-hodbyi-na-lyizhah.html Мұз алаңы, коньки жабдықтары. Коньки дайындығы: https://www.youtube.com/watch?v=C81tKh3XXK8 Жүгіру дайындығы бойынша интернет ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=ZZ3uR-hyw84 | ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылармен рефлексия жүргізіледі: Арнайы техникалық әдіс-тәсілдер орындау барысында бірлескен және жеке жұмыс кезінде жіберілген қателерге және жетістіктерге назар аудару, кері байланыс беру. Білім алушылар таңдаған белгілі қозғалыс әрекеттерін қолдап, оңтайлы дағдыларды іске асыруға әдістемелік нұсқаулық беру. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||
Шаңғы даярлығына бағытталған қозғалыс әрекетін орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтау және еңсеру. Бірлескен жұмыста шаңғы/кросс/коньки даярлығы бойынша арнайы жаттығуларды жалпылау. Дағдылары жақсы қалыптасқан білім алушыларды көмек ретінде төмендеу балаларға қосып бірлесе үйрену, қозғалыс үйлесімділігіне көңіл бөлу. Тапсырмалар нұсқаларының орындалу деңгейін күрделендіру. Шаңғы даярлығы барысында күшті дұрыс ұтымды жұмсауына, дұрыс тыныс алуына баса назар аудару. | Білім алушылар өз бетінше денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларымен белсенді жұмыс істеуі. Өз бетінше жаттығулар жиынтығын орындау, өзіне тән ыңғайлы тәсілдерін байқатып көру. Қозғалыс әрекеттерінің белсенділігі. Қозғалыс әрекетін орындау барысында бейресми қалыптастырушы бағалауларды жүргізу. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың қозғалыс сапасына баға беру. | Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін ұстану, сақтау. Шаңғы даярлығы кезінде тәуекелдер мен қиындықтарды анықтап, еңсеру. Спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Демді ретке келтіру тәсілдерін пайдалану. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалар сатылы қарапайымнан күрделену деңгейлеріне байланысты қойылған. Оқу мақсатының мағынасын оқушылар сабақ барысында техникалық қозғалыс әрекетін орындау арқылы анықтады. Қозғалыс әрекетін қайталау, қателерді түзету арқылы қол жеткізді. Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалардың орындалуын бақылау, саралау. Қозғалыс үйлесімділігін, күшті дұрыс жұмсауын, дұрыс тыныс алуын назарда ұстау. Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді. Жекелеген білім алушыларға дағдысын қалыптастыруға, дағдылануға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды. | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Бірлескен және жеке жұмыстағы техникалық тапсырмалардың, шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, белсенділігін анықтау. 2: Денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Жаттығулардағы белсенділік. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Қозғалыстың айырмашылығы. 2: Арнайы дайындық жаттығулары ықпал ететін факторларды ұстану. Тапсырманың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігі, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Денені қыздыру және қалпына келтіру компоненттеріне және техникалық әдіс дағдыларына байланысты сұрақтар қою. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?