Ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастыру және өткізу. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: 4-бөлім:Қазақтың ұлттық ойындары

Күні:

Сынып: Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы;

Ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастыру және өткізу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.6.6 Жарыс іс-шараларының шарттары және төреші ережесін талдау және бағалау.

 Сабақ мақсаттары

-Ұлттық спорттан жарыс ұйымдастыру қаблеттерін дамыту.

-Төрешілік қызметін атқару.

 Бағалау критериі

-ойын барысында құндылықтарды ұстанады

- әділ шешімдер қабылдайды

-ойында төрешілік қызметін ойын әдіс тәсілдерін игереді және бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін және ағзадағы функционалды өзгерістерін талқылайды және көрсетеді

Оқушылар:

  • Өздерінің сонымен қатар сыныптастарының топтық тапсырмаларының түрленуіне байланысты қозғалыс қабілеттерін бағалайды, сараптайды және талқылайды.

Бұның ішінде:

  •  Ұлттық ойындар, асық, бұқа тартыс, тұмақ ұру,қақпа доп,жаяу көкпар,ләңгі,жеті тас,өрмекші шіп ,жамбы ату,ақ сүйек,алаңдағы тоғызқұмалақ, пластмасса доптар,
  •  Теңге ілу
  •  Орамал тастау
  •  Топ басшыларының «Қораз»ойыны
  •  Сақина салу
  •   Жаяу көкпар

Құндылықтарды дарыту

  • Патриоттық
  • Сыныптасына құрмет

Пәнаралық байланыстар

Тарих, қазақ тілі,

АКТ қолдану дағдылары

Әр жаттығу үшін үлкен, таза кеңістік. https://www.youtube.com/watch?v=zfy5K35lXgU.

Бастапқы білім

Оқушылардың сабақтан тыс уақытта интернет желісі арқылы қазақтың ұлттық ойындары туралы білімдері бар.Оқушылар ойынның ережесін және бірлесіп жұмыс жасау қабілеттерін бағалайды.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сабақ тақырыбымен, оқыту мақсаттарымен, сабақ мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен танысу.

Қауіпсіздік техникасымен танысу.

«Сағат тілі» - сенімге байланысты ойын.

Кішігірім топтарға бөліну(үш-үштен).

Екі оқушы екі жаққа тұрады. Үшінші оқушы ортаға тұрады, екі қолын дене тұсына қояды. Ол артқа және алға қадам жасамай құлауы тиіс. Сыныптастарына сенуі тиіс. Ортадағы оқушы құлап жатқан кезінде, екі жақта тұрған оқушылар оны ұстап алуы тиіс, яғни олардың міндеті-центрдегі оқушының жерге құлауын болдырмау.

Жүгіру жаттығуларын орындау үшін Қатырма ойыны оқушылар алан бойынша қашып жүгіреді сыныптан екі оқушы тандап алып олар қуушы рөлін атқарады қол тигізген оқушы ол ұсталған жерде қатып тұрады,келсі ойыншы құтқару үшін қатып тұрған оқушының екі аяғынын арасынан өтуі арқылы қатып тұрған оқушыны ойынға қайта араласуға болады.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 минут

(С, Т, Ф) Оқушылар топтарға бөлінеді. Бірінші топ - ұйымдастырушылар ұлттық ойындар бойынша жарыс өткізуді жоспарлайды. Екінші топ қатысушылар рөлінде. Ұйымдастырушылар жарысты өткізу туралы ережені дайындап, өздері ұсынған нұсқадағы ойын мен рөлдерді ұсынады. Жарысқа қатысушылар бірінші команданың ұйымдастырушылық қабілетін талдайды. Одан әрі топтар өз рөлдерін ауыстырады. Ұйымдастырушылар «Арқан тартыс» ойынының негізінде жарыс өткізеді. Сыныпты бірнеше топқа бөліңіз. «Арқанға жақындаңыздар» деген белгі бойынша, ойыншылар топ ішінде жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына шахматтың реті бойынша тұрады. «Арқанды ал» деген екінші белгі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Оқытушының ысқырығы бойынша топтар арқанды өз жағына тартып алуға тырысады. Егер де топтың біреуі бақылау сызығындағы лентаны ортасынан өз жағына 3 м-дей тарта алса, ысқырық беріледі де жарыс тоқтатылады. Арқанды тағы орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көбірек тарта білген топ жеңімпаз атанады. Жарысқа қатысушы оқушылар бірінші топтың ұйымдастырушылық қабілеттерін талдайды. Кейін топтар рөлдерін ауыстырады.

Дискриптор

-Ұлттық ойындардағы жарақат алу және оны болдырмау жолдарын түсіндіреді

-жарысты ұйымдастырушылық қаблетін көрсете алады

- жарыс ережесін құру және өткізу тәртібін түсіндіріп көрсете алады

Сұраңыз: Қай әдіс-тәсіл бір-бірімен жақсы үйлеседі? Оқушылардың арасында жарысты қалай ұйымдастыру керек?

Нәтиже:

- Ойын оқушылардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, ұйымдастырушылық қаблеттерін және әділ шешім қабылдауға шындайды.

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық, арқан түрлі-түсті лента.

Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс.бүгінгі сабақты қортындылау.

-нені білдім

-нені үйрендім.

-нені толық түсінбедім.

Үйге тапсырма:

Ұлттық ойынды келесі сабаққа дайындау

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

. Оқушылардың жетістіктерін айтуды көздейді, кемшіліктерді жеке айтуға тырысады.

  • Қабілеті жоғары оқушыларға жарыс ұйымдастыруда бас төрешілік жасау және бақылау жүргізуді тапсыру.

Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Ойын барысында ережемен таныстырады, оқушыларды сырттай әрқашан бақылап отырады. Ойын кезінде ара қашықтықты сақтау еске түсіру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу