Қазақ дәстүрлі ойындарындағы стратегия мен тактика. Дене шынықтыру, 11 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған дидактиқалық ақпарат.

4-бөлім - Ұлттық ойындағы шығармашылық әлеует

Сабақ тақырыбы - Қазақ дәстүрлі ойындарындағы стратегия мен тактика

11.3.5.5. Өзгелердің дене белсенділігі тәжірибесін байыту үшін білім мен дағдыны қолдану

«Жаяу көкпар» — ұлттық ойын.(ұлдар)

Бұл ойын жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50—60 метр, көлденеңі 25—30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз.

Алаңның екінші шетінен де шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз.Бұны «Қазандық» деп атайды.. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды бастау үшін екі топтың көшбасшысы орталық сызыққа келіп тартысады,қай топтың көшбасшысы қарсыласын орталық сызықтан өз алаңына тартып алса,сол топ ойынды бастайды. Ойынды төреші ысқырық арқылы бастайды. Көкпарға салмағы 5(бес) кг доп қолданамыз. Төрешінің берген ысқырығы бойынша ойын басталады. Екі топтың ойыншысы ортада жатқан 5(бес) кг допқа (яғни көкпарға) қарай жүгіріп кім бірінші жеткен топ өзерінің ойыншыларымен бірігіп қарсы топтын қазандығына салу керек. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ,қорғанып салдырмауға тартып алуға тырысады

Қызу тартыс басталады. Алаңның екі шетіне қазандық қойылады.Әр топтың мақсаты айла - амал қолданып қарсыласының қазандығына белгіленген уақыт ішінде бұлтарып қаша жүріп, көбірек салым салу,өз тобының«Қазандығына» бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды Егер белгіленген межелі жерден шығуға көкпар ортаға жеткізіледі , көкпарға таласу төреші арқылы басталады.

«Қазандыққа» белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады, Ойынға допты да пайдалануға болады.

Дискриптор

Ұлттық ойындардағы жарақат алу және оны болдырмау жолдарын түсіндіреді

«Жаяу Көкбар»,«қазандық», ойынының ережесін айтып бере алады

Ойын ережесін көрсете алады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу