Қазақ дәстүрлі ойындарындағы стратегия мен тактика. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім -Ұлттық ойындағы шығармашылық әлеует | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Қазақ дәстүрлі ойындарындағы стратегия мен тактика | |
Оқу мақсаттары | 11.3.5.5. Өзгелердің дене белсенділігі тәжірибесін байыту үшін білім мен дағдыны қолдану | |
Сабақ мақсаттары | Түрлі дене жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік ережесін біледі және сақтайды. Ойын кезінде әр-түрлі тактиканы біріктіріп нәтежелі іс әрекет орындайды. | |
Бағалау критерийлері |
| |
Тілдік мақсаттар
| Мыналарды қамтиды:
| |
Құндылықтарды дарыту | Құрмет,жауапкершілік,адалдық | |
Пәнаралық байланыстар | Биология және Физика | |
АКТ қолдану дағдылары | Жылжымалы интербелсенді тақта | |
Алдын ала білімі | Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет нәтижесінде дене дайындығын жетілдіру дағдылары бар. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы | Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсаты және бағалау критерилерімен таныстыру.Спорттық кимге назар аудару.Негізгі бөлімге кіріспес бұрын тактика, стратегия жөнінде теориялық мағлұмат беру үшін, білімді бекіту үшін таныстырылым қаралады. Спорттық ойындардағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін тексеру. Қыздырыну жаттығулары және арнайы дайындық жаттығуларын орындату. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||
Сабақтың ортасы
| Тапсырма:1 «Жаяу көкпар» — ұлттық ойын.(ұлдар) Бұл ойын жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50—60 метр, көлденеңі 25—30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз. Алаңның екінші шетінен де шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз.Бұны «Қазандық» деп атайды.. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды бастау үшін екі топтың көшбасшысы орталық сызыққа келіп тартысады,қай топтың көшбасшысы қарсыласын орталық сызықтан өз алаңына тартып алса,сол топ ойынды бастайды. Ойынды төреші ысқырық арқылы бастайды. Көкпарға салмағы 5(бес) кг доп қолданамыз. Төрешінің берген ысқырығы бойынша ойын басталады. Екі топтың ойыншысы ортада жатқан 5(бес) кг допқа (яғни көкпарға) қарай жүгіріп кім бірінші жеткен топ өзерінің ойыншыларымен бірігіп қарсы топтын қазандығына салу керек. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ,қорғанып салдырмауға тартып алуға тырысады Қызу тартыс басталады. Алаңның екі шетіне қазандық қойылады.Әр топтың мақсаты айла - амал қолданып қарсыласының қазандығына белгіленген уақыт ішінде бұлтарып қаша жүріп, көбірек салым салу,өз тобының«Қазандығына» бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды Егер белгіленген межелі жерден шығуға көкпар ортаға жеткізіледі , көкпарға таласу төреші арқылы басталады. «Қазандыққа» белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады, Ойынға допты да пайдалануға болады. Дискриптор Ұлттық ойындардағы жарақат алу және оны болдырмау жолдарын түсіндіреді «Жаяу Көкбар»,«қазандық», ойынының ережесін айтып бере алады Ойын ережесін көрсете алады | Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. | ||
Сабақтың соңы | Кері байланыс.бүгінгі сабақты қортындылау. -нені білдім -нені үйрендім. -нені толық түсінбедім. Үйге тапсырма: Ұлттық ойынды келесі сабаққа дайындау | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз:бір оқушыдан күтілетін нәтиже,дербес қолдау көрсету,уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып,сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады. Дене ептілігі і жоғары топ оқушыларына қиындатылған жаттығу түрін ұсыну | Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға тактикалық әрекет жөнінде еске салып отырады, қолдануға шақырады және жетістіктерді ауызша мадақтап отырады. Тапсырмалар орындалып болған соң оқушылар бірін-бірі тактиканы білу, қолдану сияқты көрсетілген дескриптор бойынша бағалайды.. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі. | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы; Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау | ||
Сабақ бойынша рефлексия 1. Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? 2. Оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? 3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? 4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма? 5. Жалпы оқушыларды бағалау | ||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?