Қазақ дәстұрлі ойындарындағы стратегия мен тактика. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Ұлттық ойындағы шығармашылық әлеует.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11;

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақ дәстұрлі ойындарындағы стратегия мен тактика.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.7.7. Бәсекелестік кезіндегі патриотизм, тәртіп, ынтымақтастық және әділ ойынды бақылау және талқылау.

 Сабақ мақсаттары

Бір уақытта бірнеше оқушы ойын снарядтарында ұсынылған рет бойынша жаттығуларды орындайды және шағын топтарда орындау техникасы бағаланады.

 Жетістік критерийлері

Ұлттық ойындарының жаттығулары арқылы дене қасиеттерін жетілдіруді түсінеді және көрсетеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Ұлттық ойын кешендерінде, ойын барысындағы элементтерде, білімдері мен дағдыларын көрсету, талдау және бағалау, ынтымақтастық және әділ ойынды бақылау және талқылау.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Арнайы спорттық қозғалыс дағдылары мен қатысты қабілеттерді және негізгі қимыл қабілеттері мен қатысты қабілеттерді жетілдіру.

 

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, жас өспірімдер физиологиясы, физика.

 АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар ойын элементтері мен кешендердің техникасын біледі, ұлттық ойын снарядтарда орындалатын жаттығулардың техникасын сипаттайды, ұлттық ойын жабдықтары мен инвентарды тиімді қолдана алады, ойын кезіндегі жаттығуларды орындау кезіндегі сақтандырғыш және өзін өзі сақтандыруды меңгерген және алдағы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс уақыттарда меңгерген қозғалыс дағдыларын жақсартады.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Кең бос алаң, таңдап алынған қызмет түріне арналған қажетті жабдықтар мен инвентарь, ысқырық, фишкалар, бор. Интернет ресурс: ойын-эстафеталары.

Сабақтың ортасы

(Ж, Т, Ф) «Көкпар» Ойынның алғашқы балама нұсқасы: ойынға - екі команда қатысады. Ойын алаң ортасынан басталады. Қарама қарсы жақта қазандық орналасқан. (қаз т. аудармасы. «котел»). Ысқырық бойынша «көкпар» ие болу жарысы басталады.Жеңіске жеткен капитан, ойынды бірінші болып бастайды. Ол өзінің командасындағы мүшелерге «көкпарды» беріп, «қазандыққа» жүгіріп барып, оны «қазандыққа» лақтыру керек.

Команда бір ұпай алады. Қарсылас команда қарсыластардың жолын жауып, қарсылас командаға «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.

К, Г, Э) Оқушылар топтарға бөлінеді.

«Жамбы ату» - «Садақтан ату»

Ат үстінде отырғандар шауып бара жатқан қалыптарында садақ оғымен сақинаға тигізуі қажет.

Сіздің міндетіңіз: жүгіріп бара жатып допты құрсауға тигізу (құрсау бағанға орнатылған). 

Дескриптор;

  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою аркылы ойынды бақылайды және талдайды
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырманы орындайды
  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біледі және сипаттайды

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша біркелкі орындау.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар иірілу мен бұрылу арасындағы айырмашылықты біле ме?

Дене қуатын үнемдеу шарттары. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу