Қазақ дәстүрлі ойындарындағы стратегия мен тактика. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

4-бөлім: Ұлттық ойындағы шығармашылық әлеует

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Сабақ тақырыбы: Қазақ дәстүрлі ойындарындағы стратегия мен тактика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.5.5. Өзгелердің дене белсенділігі тәжірибесін байыту үшін білім мен дағдыны қолдану

 Сабақ мақсаттары

Дәстүрлі ойындарға стратегиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу.

Ұлттық ойындар арқылы физикалық қасиеттерді дамыту.

Қазақтың ұлттық ойындарын ойнау арқылы біліктілік пен дағдыны жетілдіру

 Бағалау критерийлері

Дәстүрлі ойындарға түрлі стратегиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана біледі және талдайды.

Дене белсенділігін дамыту бағытында білімі мен дағдысын қолдана отырып, ұштастырады

 Тілдік мақсаттар

 

  • Сабақта әр түрлі қимылдау туралы түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

Жамбы ату,тымақ ұру, асық ату, хан талапай, бестас, көкпар, бәйге, теңге алу;

Ойын стратегиясы, ойын тактикасы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Аттың үстінде ойналатын ойындар мен сүйекпен ойналатын ойындардың айырмашылығын түсіндіріңіз?

Қазақтың ұлттық ойындары қандай стратегияны, тактиканы қажет етеді?

 Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі жетілдіру, дамыту қажеттілігін сезіну. Патриотизм. Қазақ мәдениетінің озық үлгісінде тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақтың ұлттық ойындарын тарих, қазақ әдебиеті және география пәндерімен байланыстырып, сабақтастыру

 АКТ қолдану дағдылары

Интернет арқылы ұлттық ойын түрлері және олардың өзіндік ерекшеліктері туралы теориялық мағлұмат алады

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық ойындарын түсініп, орындай білу. Ойын арқылы ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру және ойын кезіндегі қауіпсіздік іс-шараларын тиімді қолдана білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10-15 мин.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың оқу мақсатын түсіндіріп, мәлімдеу .

3. Дене қыздыруға арналған жүгіру, секіру жаттығулары;

4. Жалпы дамыту жаттығулары

Планшет немесе телевизордың көрсетілімі арқылы жалпы созылу жаттығуларын 4-5рет қайталап орындау .

5. Сергіту сәті: ҚАМАЛДЫ ҚОРҒА - ОЙЫНЫ

Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Әрбір әрекет үшін кең, кедергісіз кеңістік, ысқырғыш, швед сатысы

Планшет , телевизор, ноутбук

жеңіл төсеніштер

Сабақтың ортасы

50-55 мин.

Тапсырма №1. «Айналмалы бекет» әдісі бойынша әр топ өз бекетінде карточкамен қазақтың ұлттық ойындарын орындайды. Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топтың тапсырмалары таратпа қағаз арқылы беріледі.

№1 таратпа қағаз тапсырмасы. Топтық жұмыспен «постер» қорғау. Ат үстінде ойналатын қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін тауып, олардың айырмашылығын, ерекше қасиеттерін түсіндіру және бір балама ойын құрастырып , ойнату. Төмендегі суреттің атауын шешіңіздер:

---------------------------------------------------- .

-------------------------------------------- .

-------------------------------------------- .

------------------------------------------- .

------------------------------------ .

№2 таратпа қағаз тапсырмасы. Топтық жұмыспен «постер» қорғау. Сүйекпен, таспен орындалып ойналатын қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін тауып, олардың айырмашылығын, ерекше қасиеттерін түсіндіру және бір ойын құрастырып , ойнату. Төмендегі суреттің атауын шешіңіздер:

--------------------------------- .

--------------------------------- .

---------------------------------- .

№3 таратпа қағаз тапсырмасы. Топтық жұмыспен «постер» қорғау. Түрлі құралдарды пайдаланып ойналатын қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін тауып, олардың айырмашылығын, ерекше қасиеттерін түсіндіру және бір ойын құрастырып ойнаңыздар. Төмендегі суреттің атауын шешіңіздер:

------------------------- .

------------------------ .

------------------------- .

Тапсырманы сұрақ арқылы қорытындылау немесе пікір алмасу:

  • Қай бекеттің жаттығуын орындау қиынға түсті, неліктен деп ойлайсыз?

Дескриптор: білім алушы

  • Ұлттық ойындардың ерекшеліктерін талқылайды, бағалайды;
  • Физикалық қабілеттерін ұтымды пайдаланады;
  • Ойын ерекшеліктерін біледі;
  • Топпен тапсырманы сапалы орындайды.

Тапсырма №2. Үш топқа бөлініп «асық ату» ойынынан жарыс өткізу. Үш топ өз ойындарының ережесін түсіндіріп, өткізілетін қауіпсіз кеңістікті және керекті құрал-жабдықтарды дайындап ,ойынның дұрыс әділдікпен өтуін ұйымдастырады.

Бірінші топтың өткізетін ойыны:

Бес табан. Ойыншылар тегіс жерді таңдайды. Ортасына түзу сызық сызады. Оған жағалай асық тізеді. Ойынды бастаушы асық тізілген жерден бес табанға тең аралықты белгілеп алып, шеңбер тартады. Ойыншылар шеңберге кірмей (баспай) ортадағы асықты атады. Сақа тиген асық міндетті түрде шеңберден шығуы керек. Кім көп асықты атып шеңберден шығарса сол ұтады.

Екінші топтың өткізетін ойыны:

Асық қаршу (бестас). Екі одан да көп бала ойнайды. Қаршуға ықшам асықтар таңдап алынады. Ойыншылар асықтарын иіріп кімнің асығы көп алшы түссе сол ойынды бастайды. Бес асықты жерге тастап, бірін жоғары лақтырып, жердегі асықтың бірін іліп алып, жоғарыдағы асықты қағып үлгереді. Осылай бір-бірден, одан кейін екі-екіден, соңында жердегі төрт асықты бірдей сыпырып алу керек. Келесі кезекте «көпірден өткізу» түріне ауысады. Соңында асықтарды қолдың сыртымен қағып, қол сыртына түскен асықтарды қаршиды. Осылай күрделенген түрде жалғаса береді.

Үшінші топтың өткізетін ойыны: Асық ату (хан ату). 

Ойынға бірнеше адам қатысады. Әрбір ойыншылар кезекпен қолдағы асықтарды сырмақ үстіне шашады. Арнайы белгілеген асықпан (сақамен) қалған асықтарды шертеп атады. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана атады. Басқа асықтарға тигізбей атып алынған асық, ұпай ретінде олжаланады. Ойын осылай жалғаса береді…

Тапсырманы сұрақ арқылы қорытындылау немесе пікір алмасу:

  • Қай топтың ойыны қызықты болды?
  • Төрешілер ұйымдастыруында қателіктер болды ма?
  • Ойынға әділ баға берілді ме?

Дескриптор: білім алушы

  • Ойынды ұйымдастыру қабілеттерін көрсетеді;
  • Асық ойындарының тактикалық әрекеттерін құрады, көрсетеді;
  • Асық ойындарын ережесімен сауатты ойнайды;
  • Ойнау кезінде ойын тазалығын, әділдігін сақтайды.

Кедергісіз кеңістік, жеңіл төсеніштер

https://www.youtube.com/

watch?v=UQHmmlbnmKY

http://dropdoc.ru/doc

/375333/kazahskie-nacional._nye-igry

https://kazakh-tv.kz/ru/programms

http://el.kz/kz/news/archive/-

http://ulttyqsport.kz/

Сабақтың соңы

8-10 мин.

Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру ойыны:

« Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» жаттығуы

Топ бір қатарға тұрады және 1-16 санауда сапқа тұрып жүруді бастайды. 1 - 4 – үш қадам алға, аяқты түзеп қою; 5 - 6 – айнала бұрылу; 7 - 8 – оңға сүйеу қадам; 9 - 10 – солға бұрылу; 11 - 12 – алға қадам, аяқты түзеп қою; 13 - 14 – айнала бұрылу;

Кері байланыс. Рефлексия. «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» парақшасын толтыру.

Нені үйрендіңіз?

Нені үйрене алмадыңыз?

Келешекте не білгіңіз келеді?

Үйге тапсырма:

  • Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
  • Икемділікті дамыту жаттығуларын орындау.

Түрлі-түсті стикерлер, маркерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Композициялық тапсырмалар кезінде нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.
  • сөз қорын тереңдету үшін реттіліктерін құрғанда қабілетті оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.
  • Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін композициялық тапсырмаларды және де топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.
  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатыса ма?
  • Оқушылар жаттығу мен жүгіру арасындағы айырмашылықты біле ме?
  • Оқушылар залдағы кеңістік пен қозғалыс координациясын қалай үйлестіре алады?

Топтық композиция мен талқылау сапасы

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу