Топты талдау жасау мен қатысу және құру процесі. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 10
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру. | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Топты талдау жасау мен қатысу және құру процесі. | ||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар командалық жұмыстың рухын танытады. Оқушылар өздерінің дене дайындығының қасиеттерін жетілдіреді. Оқушылар өздерінің және басқалардың орындауын бағалайды. | ||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау. Дене дайындығының қасиеттерді дамытуға арналған жаттығулар кешенін құрастыру. Өз жаттығуларымен топты қызықтыра білу. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу. Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: • Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды? • Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады? • Қандай траекториямен қозғала аласыз? • Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз? • Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек? | ||||
Құндылықтарды бойға сіңіру | Құрмет, командада жұмыс жасай білу. | ||||
Пәнаралық байланыс | Физика. | ||||
АКТ пайдалану дағдылары: | |||||
Алдыңғы білім | Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 10 минут | Сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды. Жүру: қарапайым, аяқтың ұшымен, өкшемен, отырып, қарапайым. Сап бойымен бір-бірден орындалады. Бірқалыпта жүгіру. Сап бойымен бір-бірден, мұғалімның ысқырығы бойынша оқушы бүгіліп биіктікке секіреді. Жүру және денені қалыпқа келтіру. Ж.Д.Ж. статика режимінде орындалады. | Спортзал, ысқырық. | |||
Сабақтың ортасы 11 – 36 минут | Сыныптың жиыны. Мұғалім сыныпты үш топқа бөледі. Жұмыс бекеттерде орындалады: күшті дамыту, ептілікті дамыту, тепе-теңдікті дамыту. Топ әр бекетте өз жаттығулар кешенін құрастырады және 8 минут жұмыс жүргізеді. Бекеттерді ауыстыру. Мұғалім орындауды бақылайды, кері байланыс жасайды және топтың қызметін түзейді. Топта талқылау кезінде әр оқушы төзімділік таныта отырып, өзінің жаттығуларын ұсынады, топ аталған бекетке арналған ең қызық жаттығуларды таңдайды. Мұғалім кері байланыс кезінде оқушыларға физикалық заңдылықтарға сүйеніп, жаттығуларды күрделендіруді ұсынады. Тапсырмаларды орындау алдында топ дескрипторларды құрастырады. Тапсырмалар орындау кезінде топтағы әр оқушы белгіленген дескрипторларды ұстануға тырысады. Жұмысқа арналған тапсырмаларды құрауда қиындық туған жағдайда, топ ғаламтор көздерін қолдана алады. | Спортзал, ысқырық, гимнастикалық маттар, қоссырық, гимнастикалық бөрене, керме, ноутбук. | |||
Сабақтың аяғы 37 – 40 минут | Сыныптың жиыны: Әр топтың топбасшысы қорытынды жасайды. Орындау формасы: әңгіме, топтық көрсетілім, сурет. | Спортзал, А3 қағазы, түрлі-түсті фломастерлер. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Құрастырылған дескриптерлер және дұрыс орындау техникасы ол саралаудың негізгі қағидасы болады. | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Жаттығуды орындау кезінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді және дене дайындығының сапаларын жетілдіреді. | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру. | |||
Қосымша қолдау Қосымша қолдау Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну. | Дене дайындығының ауырлық жұмысы кезінде топ өзінің мүшесін қолдап отырады. Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасап отырады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?