Топты талдау жасау мен қатысу және құру процесі. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 11 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары11

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Топты талдау жасау мен қатысу және құру процесі.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.5.5. Өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру нәтижелерін бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар гимнастикалық жаттығуларды жаңа форматта орындай алады.

Оқушылар гимнастикалық жаттығуларды біріктіре алады.

Оқушылар гимнастикалық жаттығуларды топпен орындау кешенін құрастырады және көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.

Күрделі тапсырмаларды орындау.

Сабақ барысында креативті болу.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу.

Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

• Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды?

• Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады?

• Қандай траекториямен қозғала аласыз?

• Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз?

• Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру

Құрмет, командада жұмыс жасай білу.

Пәнаралық байланыс

Биология.

АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=Roz4N_YQMqM

Алдыңғы білім

Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 10 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды. Оқушылар топқа бөлінеді. Жүру және жүгіру өзінің серіктесімен орындалады. Жүру кезінде оқушылар өкшеге қыздыру жаттығуларын орындайды. Жүгіру кезінде қауіпсіздік ережелерді қатаң сақтайды.

Денені қалыпқа келтіру.

Ж.Д.Ж. жұпта, музыкалық серуенмен орындалады.

Спортзал, ысқырық, музыкалық орталық. (музыкальный центр)

Сабақтың ортасы

11 – 36 минут

Сыныптың жиыны. Сыныпты қыздар және ұлдар топтарына бөлу.

Ұлдар тапсырмаларды гимнастикалық бөрене орындайды, ал қыздар қоссырықта. Міндет: топ мүшелеріне сай гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) гимнастикалық кешен құрастыру. Әр топ мүшесі бір жаттығудан орындайды және жаттығулар қайталанбайды.

Топта жұмыс жасау. Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасап отырады. Топта жұмыс жасаған кезде бір оқушыға қауіпсіздік ережелерді сақтау жауапкершілігі ұсынылады.

Құрастырған тапсырманы іс-тәжірибеде көрсету. Өзара бір-бірлерін бағалау.

Спортзал, ысқырық, гимнастикалық маттар, қоссырық, гимнастикалық бөрене.

Сабақтың аяғы

37 – 40 минут

Сыныптың жиыны: Сабақтың қорытындысын шығару. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: гимнастикалық құрал-жабдықтарда орындалған жаттығулар қиыншылықтары?

Спортзал.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Қосымша қолдау

Қосымша қолдау

Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады.

Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну.

Мұғалім оқушыларға кері байланыс жасап отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу