Топта талдау жасау мен қатысу және құру процесі. Дене шынықтыру, 11 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
Қалыптастырушы бағалау
Бөлім – 3: Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Топта талдау жасау мен қатысу және құру процесі
Мерзімі:
Сыныбы: 11
Сабақ мақсаттары | Оқу мақсаттары | Тапсырма |
| 11.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру | Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адам-ның дене жағынан дамуынабайланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының мақсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы. Артық салмақтан арылтатын жаттығулар түрлеріне: Аэробика - бұл ағзаның оттекке деген қажеттілігін арттыратын бұлшықеттердің көп мөлшеріне бағытталған ырғақты жаттығулар. Аква аэробика - спортпен тұрақты шұғылданбайтын тұлғаларға, сонымен қатар, үлкен жастағы тұлғаларға да ұнайды. Калланетик - бұл үйде тиімді шұғылдануға болатын тынығатын жаттығудың түрі. Пилатес - дене мен сезімді ширататын қайталанбалы қозғалыстардың сериясынан тұрады, дене үйлесімділігіне мүмкіндік туғызады және әр түрлі жастағы және дайындықтың әр түрлі деңгейі бар адамдарға тура келеді. Фитнесс – бұл аэробиканың жаттығуларымен және батпандармен бірге жаттығуларды, сонымен қатар, сәйкес емдәмді біріктіретін жаттығу. Йога – онымен өмір сүру мәнері болатын, өз тәні мен жанын жетілдірудің әдісі ретінде шұғылдануға болар еді. Степ – бұл аэробиканың түрі, артық калорияларды жандыруға, майдан айырылуға және жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсартуға көмектесетін қозғалыстардың қарқынды түрі. Стретчинг – бұлшық еттердің ауруға деген сезімталдылығын төмендетеді, жарақаттардың алдын алады және үлкен жүктемеден кейін қайта қалпына келуге көмектеседі. Ішпен билеу – бұлшықеттерді тиімді нығайтады және денені сергітеді. Шейпинг - Бұл əдіснама қарапайым, жеңіл жаттығулар кешенінен тұрады. Соның арқасында бұлшық еттерге жүйелі күш түсіріліп, көп қайталау арқылы дене бітімді түзеп алуға болады. Егер бұл жаттығуды таңдаудағы мақсат арықтау болса, онда ол арнайы диета кешенімен бірге өткізіледі(https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/36983/) |
Дағдылар | Жетістік критерийі | |
Түсіну Қолдану | - Оқушылар мұғалімнің қауіпсіздік ережесіне байланысты нұсқауды тыңдау. - Оқушылар гимнастика сабағында дұрыс денені қыздыра біледі.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?