Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 4
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру. | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. | ||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.5.5. Сенімділікпен қабілеттілікті жақсарту мақсатында жаңа тактика, стратегия және құрылымдық идеяларды жобалау. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар гимнастикалық жиынтықтарды құрастыруына қатыса алады. Оқушылар гимнастикадан дене дайындығының жақсы деңгейін көрсете алады. Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жиынтық жаттығуларды құрастырып, көрсете алады. | ||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау. Шығармашылық белсенділікті көрсету. Дене дайындығының дамуын жетілдіру. Өз ой-пікірлерін дәлелдей білу. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу. Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: • Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды? • Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады? • Қандай траекториямен қозғала аласыз? • Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз? • Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек? | ||||
Құндылықтарды бойға сіңіру | Құрмет, ынтымақтастық. | ||||
Пәнаралық байланыс | Биология. | ||||
АКТ пайдалану дағдылары: | https://www.youtube.com/watch?v=8S5YjJMCq-g | ||||
Алдыңғы білім | Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 10 минут | Оқушылардың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды. Оқушылар жүгіру кезінде денені қыздыру және ЖДЖ-ын өздігінен орындайды. Жүру кезіндегі жаттығулар. ЖДЖ орында. Мұғалім ұсынылған жаттығулардың қарқыны мен күрделілігін қадағалайды. Мұғалім ұл оқушыларға: жоғарғы кермеде тартылу; ал қыздарға төменгі кермеде тартылу тапсырмасын береді. | Спортзал, ысқырық. | |||
Сабақтың ортасы 11 – 36 минут | Сыныптың жиыны. Мұғалім сыныпты топтарға бөледі. Қыздар гимнастикалық бөренеде, ал ұлдар гимнастикалық қоссырықта жұмыс жасайды. Мұғалім оқушыларға мынандай критерийлерді береді: топтың жұмысына белсенді қатысу, қауіпсіздік ережелерді сақтау, гимнастикадағы қарапайым және күрделі элементтерді үйлестірі, ептілік, икемділік, тепе-теңдікті көрсету. Топ өздерінің құрал-жабдықтарында (снарядтарында) жиынтықты құрастыру керек. Мұғалім оқушыларға талап қояды: жиынтықта ұшу фазасының орындау элементі болу керек. Жиынтықты көрсету кезінде шығармашылық жұмыстарды жүргізілу. Қажет болған жағдайда мұғалім талқылау үрдісіне түзетулер еңгізіп, әр оқушының ұсыныстарын қадағалайды. Оқушылар өз топтарындағы мұғалімдер ұсынған жиынтық элементтерін қолдана алады: бөренеде - алға және артқа ұмтылу тәсілдері, аяқты лақтыра бұрылып жүру, бір аяқпен тепе-теңдікті ұстау, кезек-кезектен секіріп бұрылу; қоссырық – қолды тіреп тербелу, отырып алдыға айналу аяқ жанында, аяқты артқа сермеп бұрылу. Жиынтықтарды құрастырып көрсету. Белгілі бір гимнастикалық элементтердің орындау техникасын жетілдіру. Қыздар тобы жаттығу ретінде гимнастикалық бөрененің орнына гимнастикалық ұзын орындықты пайдалана алады. Қыздар тобының құрастырған жиынтықтары. | Спортзал, ысқырық, гимнастикалық маттар, гимнастикалық орындықтар, гимнастикалық бөрене, қоссырық. | |||
Сабақтың аяғы 37 – 40 минут | Сыныптың жиыны: Сабақты қорытындылау. Рефлексияда оқушы сұраққа жауап береді: егер мен медаль жеңіп алсам, оның қандай пайдасы бар? | Спортзал. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Жаттығуды орындау кезінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді және топтық жұмыс тәжірибесін алады. | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру. | |||
Қосымша қолдау Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну. | Сабақ барысындағы топтарда рөлдер өзгеруі мүмкін. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?