Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 5
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру. | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. | ||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.4.4. Сапалы орындалуды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар гимнастикалық элементтердің орындау техникасын жетілдіре алады. Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаңа қозғалыс әрекеттерін көрсете алады. Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаттығулар жиынтығын жасайды және көрсете алады. | ||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау. Шығармашылық белсенділікті көрсету. Дене дайындығының дамуын жетілдіру. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу. Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: • Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды? • Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады? • Қандай траекториямен қозғала аласыз? • Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз? • Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек? | ||||
Құндылықтарды бойға сіңіру | Ашықтық, шындық. | ||||
Пәнаралық байланыс | Биология. | ||||
АКТ пайдалану дағдылары: | |||||
Алдыңғы білім | Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 10 минут | Оқушылардың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды. Аяқты белсенді әрекеттерге дайындау үшін әртүрлі тәсілдермен жүіп жүзеге асырады. Бір-бірден бір бағанмен жүгіру. Мұғалімнің ысқырығы бойынша оқушылар 180 градусқа бұрылып секіріп, қарсы бағытта жүгіреді. Жүру және денені қалыпқа келтіру. Ж.Д.Ж. қозғалыста орындайды. Мұғалім жаттығуды көрсетеді және оның орындалуының дұрыстығын бақылайды. Пресске арналған жаттығулар. | Спортзал, ысқырық. | |||
Сабақтың ортасы 11 – 36 минут | Сыныптың жиыны. Оқушыларды ұлдар мен қыздар топтарына бөлу. Қыздар. Гимнастикалық бөрене. Бөренеде тепе-теңдікке арналған қарапайым жаттығуларды орындау. Бөрене үстімен жүріп, секіру және секіріп 180 градусқа бұрылуды орындау. Түрлі секіру әдістерін орындау. Саралау: секіріп бүгілу, 180 градусқа бұрылып секіру, жанымен секіру. Гимнастикалық бөренеге еңкейіп жүру. Гимнастикалық бөренеде жаттығулар жиынтығын құрастыру. Көрсету, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау. Сабақ барысында мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: тапсырмаларды орындауда қандай бұлшық-ет топтары жұмыс жасайды? Ұлдар. Қоссырық. Ұл оқушылар қоссырықтың қауіпсіз екенін тексереді. Қолмен алма-кезек жүру. Қолмен бір мезгілде жүру. Қолмен жүріп, 360 градусқа бұрылу. Қолдың шынтағымен ілініп тұрып, аяққа отыру аяқ жанында қалады. Қоссырықта пресс ұстау 90 градус. Саралау: әр оқушы қанша ұстай алады, сонша ұстау. Гимнастикалық қоссырықта жаттығулар жиынтығын құрастыру. Көрсету, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау. Сабақ барысында мұғалім оұушыларға сұрақ қояды: тапсырмаларды орындауда қандай бұлшық-ет топтары жұмыс жасайды? | Спортзал, ысқырық, гимнастикалық маттар, гимнастикалық бөрене, қоссырық. | |||
Сабақтың аяғы 37 – 40 минут | Сыныптың жиыны: Сабақты қорытындылау. Кері байланыста, мұғалім оқушылардан ең қиын жаттығуларды талқылайды. | Спортзал. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Жаттығуды орындау кезінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді және дене дайындығының сапаларын жетілдіреді. | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру. | |||
Қосымша қолдау Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну. | Топтық жұмысты оқушы жеке бағалау үшін және жеке қолдау үшін жүзеге асырады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?