Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.


Дидактикалық материал №6

 «Кіші аттан секіру» тәсілі - гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Кіші аттан секіру аяқпен көпіршені (мостик) басудан басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем береді. Тіреп секіру тұтасымен мынадай кезеңдерден тұрады:

- қарқынмен жүгіру;

- көпіршені басу;

- аяқпен серпілу;

- қолды кіші атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу;

- қолмен серпілу;

- қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу;

- жерге түсу.

 Кіші аттан секіруге арналған қарқынның жүгіріп келу қашықтығы 12 – 15 метрден аспайды. Алайда егер көпірше кіші аттан 60 -70 сантиметрден алыс тұрса, онда қарқынмен жүгіріп келу қашықтығы өсе түсуі мүмкін.

 Көпіршені кіші аттың алдына қою кезінде мынадай талаптар сақталу керек: қарқынмен жүгіріп келу жылдамдығы, секіру түрі, аяқпен серпілу күші есепке алынады.

 Мектепте кіші аттан секірудің екі түрінің бірі – екі аяқты кең ашып немесе екі тізені бүгіп секірудің бірі орындалуға тиіс. Секірудің бұл екі түрін де қолды алдын ала сермемей, яғни аяқпен серпіліп ыршығаннан кейін денені қосымша қимылдатпай-ақ орындауға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу