Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация. 6 сабақ.
Бөлім №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру
Сабақтың тақырыбы:
«Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы»
11 сынып, 2 тоқсан.
2019
Оқу мақсаты:
11.1.4.4. Сапалы орындалуды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар гимнастикалық элементтердің орындау техникасын жетілдіре алады.
Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаңа қозғалыс әрекеттерін көрсете алады.
Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаттығулар жиынтығын жасайды және көрсете алады.
Бағалау критерийлері:
Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
Шығармашылық белсенділікті көрсету.
Дене дайындығының дамуын жетілдіру.
«Кіші аттан секіру» тәсілі
«Кіші аттан секіру» тәсілі - гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Кіші аттан секіру аяқпен көпіршені (мостик) басудан басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем береді. Тіреп секіру тұтасымен мынадай кезеңдерден тұрады:
- қарқынмен жүгіру;
- көпіршені басу;
- аяқпен серпілу;
- қолды кіші атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу;
- қолмен серпілу;
- қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу;
- жерге түсу.
Кіші аттан секіруге арналған қарқынның жүгіріп келу қашықтығы 12 – 15 метрден аспайды. Алайда егер көпірше кіші аттан 60 -70 сантиметрден алыс тұрса, онда қарқынмен жүгіріп келу қашықтығы өсе түсуі мүмкін.
Көпіршені кіші аттың алдына қою кезінде мынадай талаптар сақталу керек: қарқынмен жүгіріп келу жылдамдығы, секіру түрі, аяқпен серпілу күші есепке алынады.
«Кіші аттан секіру» тәсілі
«Кіші аттан секіру» тәсілі
Мектепте кіші аттан секірудің екі түрінің бірі – екі аяқты кең ашып немесе екі тізені бүгіп секірудің бірі орындалуға тиіс. Секірудің бұл екі түрін де қолды алдын ала сермемей, яғни аяқпен серпіліп ыршығаннан кейін денені қосымша қимылдатпай-ақ орындауға болады.
«Кіші аттан секіру» тәсілі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?