Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары6

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы.

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.4.4. Сапалы орындалуды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар гимнастикалық элементтердің орындау техникасын жетілдіре алады.

Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаңа қозғалыс әрекеттерін көрсете алады.

Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаттығулар жиынтығын жасайды және көрсете алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.

Шығармашылық белсенділікті көрсету.

Дене дайындығының дамуын жетілдіру.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу.

Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

• Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды?

• Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады?

• Қандай траекториямен қозғала аласыз?

• Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз?

• Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек?

Құндылықтарды бойға сіңіру

Ашықтық, шындық.

Пәнаралық байланыс

Биология.

АКТ пайдалану дағдылары:

https://www.youtube.com/watch?v=JH1FXetpXqo

Алдыңғы білім

Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 10 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды. Мұғалім оқушыларға мынандай сұрақ қояды: тіреліп секіру кезінде қандай дене қасиетінің сапасы жұмыс жасайды? Неліктен тіреліп секіру деп аталады?

Аяқты белсенді әрекеттерге дайындау үшін әртүрлі тәсілдермен жүру.

Бір қалыпты жүгіріс. Мұғалімнің ысқырығы бойынша оқушылар жоғарыға секіріп, аяғынан жан-жаққа созады.

Жүру және денені қалыпқа келтіру.

Ж.Д.Ж. жұпта орындалады. Әр жұп өздерінің денені қыздыру кешендерін орындайды. Қыздыру екі режимде жүзеге асырылады: динамика және статика.

Денені созуға арналған жаттығуларды орындау.

Спортзал, ысқырық.

Сабақтың ортасы

11 – 36 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларға тіреліп секіру кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтау туралы әңгіме құру.

Сынып екі топқа бөлінеді.

Бірінші топ - тіреліп секіруді орындайды: гимнастикалық мостқа секіріп итерілу, аяқ жанында.

Тіреліп секіру әдісін саралау: секіру аяқ жанында; секіру және аяқты бүгу.

Екінші топ – тіреліп секіру әдісіне арналған жетекші жаттығуларды орындайды: секіру гимнастикалық орындықтан, аяқ жанында; гимнастикалық орындықтан аяқты бүгіп секіру; гимнастикалық орындықтың үстіне тіреліп секіру және оның үстінен секіріп 180 немесе 90 градусқа бұрылып, түсу.

Жаттығуды орындау кезінде мұғалім оқушыларға кері байланыс береді. Топ орындарымен ауысу.

Дескрипторлар: қарқын алу, итеріліп құрал-жабдықты (снарядты) ұстау, аяқты түзу ұстау, дұрыс қону тәсілі.

Оқушылар өзін-өзі бағалауды жүргізеді.

«Чехарда» ойыны.

Спортзал, ысқырық, гимнастикалық маттар, гимнастикалық орындық, гимнастикалық мост, гимнастикалық ат.

Сабақтың аяғы

37 – 40 минут

Сыныптың жиыны: Сабақты қорытындылау. Оқушылармен сабаққа кері байланыс өткізу: мұғалім оқушылардан осы түрлі секіру тәсілдерін күнделікті өмірде қолдана аламыз ба?

Спортзал.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Жаттығуды орындау кезінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді және дене дайындығының сапаларын жетілдіреді.

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.

Қосымша қолдау

Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады.

Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну.

Топтық жұмысты оқушы жеке бағалау үшін және жеке қолдау үшін жүзеге асырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:

Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу