Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация. 8 сабақ.
Бөлім №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру
Сабақтың тақырыбы:
«Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы»
11 сынып, 2 тоқсан.
2019
Оқу мақсаты:
11.1.4.4. Сапалы орындалуды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар гимнастикалық элементтердің орындау техникасын жетілдіре алады.
Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаңа қозғалыс әрекеттерін көрсете алады.
Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаттығулар жиынтығын жасайды және көрсете алады.
Бағалау критерийлері:
Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
Шығармашылық белсенділікті көрсету.
Дене дайындығының дамуын жетілдіру.
Aкробатикалық жол (трек)
Акробатикалық секіру жарысы алдын-ала жарыстардағы 2 еркін жаттығудан және әр жаттығуда 8 элементтен тұратын ақтық сайыста 2 еркін жаттығудан тұрады. Акробатикалық трекпен секіру қолды-аяққа және аяқтан аяққа тұрақты жылдамдықпен тоқтап тұрмай және аралық баспалдақтарсыз ырғақты секірулермен сипатталады. Акробатикалық жиынтықтар алдыңғы, артқы және бүйірлік бұрылыстары бар бірнеше секірулерді қамтуы мүмкін. Жаттығу әр жаттығуда элементтерді қайталамай, жақсы үйлесімділікпен, техникамен және қарқынмен жүргізілуі керек.
Акробатикалық секіру - көрерменді өте жылдам ырғағымен және көптеген айналымдарымен керемет жылдамдықпен өтіп, қызықты элементтермен қамтамасыз ететін әдемі спорт түрі.
Кіші аттан секіруге арналған қарқынның жүгіріп келу қашықтығы 12 – 15 метрден аспайды. Алайда егер көпірше кіші аттан 60 -70 сантиметрден алыс тұрса, онда қарқынмен жүгіріп келу қашықтығы өсе түсуі мүмкін.
Көпіршені кіші аттың алдына қою кезінде мынадай талаптар сақталу керек: қарқынмен жүгіріп келу жылдамдығы, секіру түрі, аяқпен серпілу күші есепке алынады.
«Кіші аттан секіру» тәсілі
«Кіші аттан секіру» тәсілі
«Кіші аттан секіру» тәсілі - гимнастикалық көпсайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Кіші аттан секіру аяқпен көпіршені (мостик) басудан басталады. Көпіршеден серпілуге қолдың алға қарай сілтенуі дем береді. Тіреп секіру тұтасымен мынадай кезеңдерден тұрады:
- қарқынмен жүгіру;
- көпіршені басу;
- аяқпен серпілу;
- қолды кіші атқа тірегенге дейінгі қалықтап ұшу;
- қолмен серпілу;
- қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу;
- жерге түсу.
«Кіші аттан секіру» тәсілі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?