Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 8
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру. | Мектеп: | ||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы: | Гимнастикалық снарядтардағы жаттығулар жиынтығы. | ||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.4.4. Сапалы орындалуды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту. | ||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар гимнастикалық элементтердің орындау техникасын жетілдіре алады. Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаңа қозғалыс әрекеттерін көрсете алады. Оқушылар гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) жаттығулар жиынтығын жасайды және көрсете алады. | ||||
Бағалау критерийлері: | Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау. Шығармашылық белсенділікті көрсету. Дене дайындығының дамуын жетілдіру. | ||||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар: жұптық және топтық гимнастикалық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу. Пәнге тән лексика мен терминология: тепе-теңдік жаттығулары, еркін жаттығулар жиынтығы, ұшу фазасы, топталу. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: • Акробатикалық жиынтықты орындауда неге реттілігі маңызды? • Гимнастика Сізді қалайша физикалық тұрғыдан дамыта алады? • Қандай траекториямен қозғала аласыз? • Әр түрлі снарядтар қолданудағы қиыншылықтар мен қауіптерді айтыңыз? • Басқа топтардың жұмыстарын бақылағанда неге құрылымдық сипаттама берілу керек? | ||||
Құндылықтарды бойға сіңіру | Ашықтық, шындық. | ||||
Пәнаралық байланыс | Биология | ||||
АКТ пайдалану дағдылары: | https://www.youtube.com/watch?v=mzh__DLCR4M | ||||
Алдыңғы білім | Алдыңғы сыныптарда, үйде және сыныптан тыс гимнастикада түсініктері мен негізгі білімдеріне ие. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0 – 10 минут | Сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатын және оған жетуіне арналған критерийлерді хабарлайды. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: Өзіңнің дене дайындығының даму деңгейің қалай жақсартуға болады? Пікірталас дамиды, мұғалім оқушылардың жауаптарын бағыттайды. Жүру: қарапайым, аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың сырты жағымен және ішкі жағымен жүру, қарапайым. Сап бойымен бір-бірден жүгіру. Мұғалімнің ысқырығы бойынша 180 градус бұрылып, жоғары секіру. Жүру және денені қалыпқа келтіру. ЖДЖ жұпта орындалады. Әр жұп өз жаттығулар кешенін орындайды. Мұғалім жаттығулардың орындалу үрдісін бақылайды. Пресске арналған жаттығулар. Саралау: аяқты көтеру, денені көтеру. Жаттығу 1 минут орындалады. | Спортзал, ысқырық. | |||
Сабақтың ортасы 11 – 36 минут | Сыныптың жиыны. Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Әр топ сабақтың бөлігін өз гимнастикалық құрал-жабдықтарында (снарядтарында) орындайды: акробатикалық жол, тіреп секіру тәсілдері. Топта орындалатын рөлдер: тайм менеджері, идеялар генераторы, топбасшы, жаттығуларды көрсетуші. Мұғалім қауіпсіздік ережелерді сақтау туралы топқа хабарлайды және кері байланыс жасайды. Гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядтарда) оқушылар меңгерген жаттығуларын орындайды және жаңа элементтерді орындап көреді. Әдеттен тыс жаттығуларды орындау. Топ гимнастикалық құрал-жабдықтарда (снарядта) 12 минут жаттығулар орындайды, содан соң келесі снарядқа ауысады. | Спортзал, ысқырық, уақыт өлшегіш, акробатикалық жол, гимнастикалық маттар, гимнастикалық кіші ат. | |||
Сабақтың аяғы 37 – 40 минут | Сыныптың жиыны: Сабаққа кері байланыс ұйымдастыру: гимнастикалық фигура құрау арқылы сабақтан алған эмоцияларын көрсету. | Спортзал. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Жаттығуды орындау кезінде оқушылар өзара бағалау жүргізеді және дене дайындығының сапаларын жетілдіреді. | Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру. | |||
Қосымша қолдау Топтарда жұмыс жасау - сыныптастарына қолдау көрсету. Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Неғұрлым қабілетті оқушылар басқа оқушыларға қызықты, қиын болып көрінетін шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта саралаудың негізгі қағидасы - асқыну. | Топтық жұмысты оқушы жеке бағалау үшін және жеке қолдау үшін жүзеге асырады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма? ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме? Жеткізбесе, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті? | |||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай ақ оқыту туралы ойланыңыз)? 1: 2: Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?