Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация. 3 сабақ.
Бөлім №3 Гимнастика арқылы танымдық дағдыны құрастыру
Сабақтың тақырыбы:
«Қауіпсіздік ережесі»
Акробатикалық еркін жаттығулар элементінің жиынтығы»
11 сынып, 2 тоқсан.
2019
Оқу мақсаты:
11.1.2.2. Түрлі дене жаттығуларында жүйелі қозғалыс пен шығармашылық комбинациясн қолдану және құру.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар акробатикалық элементтерін жасай алады.
Оқушылар акробатикалық элементтерін біріктіріп, кешен құрастыра алады.
Оқушылар акробатикалық жиынтықтың орындау техникасын жетілдіре алады.
Бағалау критерийлері:
Қауіпсіздік ережелерді біліп, сақтау.
Акробатикалық элементтердің техникасын сауатты орындау.
Акробатикалық элементтерді құрастырып, біріктіру.
Алдыға домалап айналу тәсілі:
1. Гимнастикалық төсенішке қолды тіреп отыру;
2. Басымызды кеудемізге тартып, аяқпен итерілу;
3. Домалап топталу және отырып, тұру.
Алдыға домалап айналу тәсілі:
Гимнастикалық «көпір»
• Сіз арқамен көлденең жатуыңыз керек;
• Әрі қарай аяқтарды бөкселерге жылжытып, тізе буындарын бүгу керек;
• Бас және қолдарыңыздың алақандарын жерге тіреп қойыңыз;
• Бұлшық-ет кернеуі арқылы жамбас аймағын біртіндеп көтеру керек;
• Майысқаннан кейін аяқты, тізе мен қолды шынтақтан түзету қажет.
• Техниканы жақсарту үшін көпір жаттығуын бірнеше рет бейім күйден қайталау керек.
Гимнастикалық «көпір»
Гимнастикада «шведтік» қабырғаға өрмелеу техникасын орындау:
1. Емін-еркін жоғарыға көтеріліп және төменге түсіп өрмелеу.
2. Жоғарыға өрмелеп, әр сатыға екі қол және аяқпен кезек-кезектен басу.
3. Дәл солай түсу тәсілі.
4. Қабырғаға, екі аяқты кезек-кезектен басып, екі қолды бір мезетте бір сатыдан ұстап өрмелеу.
5. Дәл солай түсу тәсілі.
Гимнастикада «шведтік» қабырғаға өрмелеу техникасын орындау:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?