Жоғарғы көшбасшылық дағды. Дене шынықтыру, 11 сынып, дидактикалық материал.


Көшбасшылық қабілеттер.

Адамға көшбасшы болуға, өзімен бірге адамдарды алып жүруге мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.

1. Сенімділік.

Егер адам өзінің қандайда бір шешім қабылдауына сенімсіз болса, онда басқалары оған күмәнмен қарап қыйындықтар туғызады.

2. Ақыл.

Көшбасшының қабылдаған шешіміне байланысты басқа ойыншылардың тағдырына әсер етеді.

3. Коммуникативті құзыреттілік.

Көшбасшыға үнсіз жүруге болмайды. Ол өз тобының және басқа топтың оқушыларымен жақсы қарым – қатынаста болады. Топ мүшелері әр түрлі қажеттіліктері болуы мүмкін, әрқайсысымен ортақ тіл тауып, олардың туындаған қыйындықтарымен мен ұмтылыстарын ұғыну керек.

4. Икемділік.

Көшбасшы кенеттен өзгерген жағдайға байланысты өзін сай ұстау керек. Егер осындай іс – әрекетті атқармаған кезде басқа оқушыларға кері әсер етеді.

5. Принциптік.

Көшбасшы толық ұстамсыз болмауы керек. Егер топ мүшелері өз көшбасшысын мүлдем беймәлім адамды көрсе, онда олар ол туралы тек өзі туралы ойлайтын, топтық мүдделерді елемейтін өзімшіл адам ретінде ойлайтын болады. Жақсы көшбасшы болаттан жасалғандай, қатты, бір айтқанда икемді адам туралы айтуға болады.

6. Қызметтегі тәуекелділік.

Әлеуметтік топтың мүшелері өз көшбасшысының кәсіпқойлығын бағалайды, дәл сол жерде олар көшбасшы үшін негізгі құндылықты көре алады.

7. Белсенділік.

Көшбасшы белсенді болуы керек. Бәсен немесе үнемі босаңсыған адам көшбасшы ретінде қабылданбайды. Көшбасшы топта үнемі үнемі қозғалыста болып, жалпы ортақ мәселелрді шешуге өзінің үлесін қосу қажет.

Мини футбол.

Сілтеме: https://alterozoom.com/documents/41560.html

Футзалда үлкен футболдағыдай ойын қорғаныстан бастап құрылады. Қорғаныстағы ең басты мақсаты ойыншылар өздерінің берілген аймақтарын қорғап, соған жауап береді. Қорғаушылар жекелей бір ойыншыға ғана емес, аймаққа кірген ойыншыға жауап береді. Ол үшін ойыншылар қорғаныста өз аймақтарын ауыстырмау керек. Егер екі ойыншы бір аймаққа кірген жағдайда, сәйкесінше көмектеседі. Қорғаныстың екі түрі бар. Активті және пассивті. Пассивті қорғаныста қороғаушылар өз аймағында қарсылас команданың ойыншыларын күтіп алып, шабуылшылардың қателігін күтеді. Агрессиялық қалыпта ойыншыларды өз аймағында күтіп алудың орнына олар алдыға қарай қозғалып, қарсылас команданың ойыншыларын қателік жасауына әрекет етіп 2х1 сызбасы бойынша сандық басымдылыққа ие болу үшін пайдаланады. Аймақтық немесе зоналық қорғанысты пайдаланған команда аз қыймыл жасайды. Осы тактиканың түрі бәсен қыймылдайтын ойыншыларға дәл келеді.

Аймақтық немесе зоналық қорғаныстың түрлері.

Ромб сызбасы (1-2-1).

Оқушылар ромб тәрізді қорғаныста тұрады.

Әр ойыншы өз аумағына жауап береді.

№ 2 ойыншы ECD үш бұрышына жауап береді..

№ 3 ойыншы CEA үш бұрышына жауап береді.

№ 4 ойыншы EAB үш бұрышына жауап береді.

№ 5 ойыншы EBD үш бұрышына жауан береді.

Осы тапсырманы орындау барысында әр ойыншы уақытымен белсенді түрде қозғалу керек. Егер бір ойыншы уақытмен допқа ашылмаған жағдайда, допты қарсылас команданың ойыншылары тартып алып, қауіпті жағдай туындайды.

Квадрат сызбасы (2-2)

Ойыншылар өз жарты алаңында квадрат тәрізді орналасады және әр ойыншы өз аумағына жауап береді.

№ 2 ойыншы ABC аймағына жауап береді..

№ 3 ойыншы AEC аймағына жауап береді.

№ 4 ойыншы AED аймағына жауап береді.

№ 5 ойыншы ABD аймағына жауан береді.

Воронка

Осы сызбаны екі жақтағы қанатта жақсы ойнайтын ойыншылар болған кезде пайдалануға болады.

№ 2 ойыншы ABE үшбұрышына жауап береді.

№ 3 ойыншы ECDүшбұрышына жауап береді.

№ 5 ойыншы ACE үшбұрышында орналасқан №2 және №3 ойыншыларың бақылап, қадағалайды.

№ 4 ойыншы бос ойыншы ретінде А және С сызығы бойынша қозғалады және айып алаңының сызығының ортасына жақын жерде № 5 ойыншыны қадағалап бақылайды. Осы тактиканы орындау барысында № 4 ойыншы өзінің көшбасшылық қызметін атқарып, қосымша нұсқауларды міндетті түрде айту керек. Өйткені ең ауыр жауапкершілік осы ойыншыда болып саналады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу