Жоғарғы көшбасшылық дағды. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру сабағына арналған сабақ жоспары.
Бөлім | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Класс: 11 | Қатысушылардың саны: | Қатыспағандардың саны: | |||||
Сабақтың тақарыбы | Жоғарғы көшбасшылық дағды. | ||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары. | 11.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру. 11.2.1.1. Қозғалысқа байланысты өзгермелі жағдайларда балама идеяларды құру. | ||||||
Сабақ мақсаты: | Оқушылар көшбасшылық қызметін орындай алады. | ||||||
Бағалау критерилері | Оқушылар өздерінің көшбасшылық дағадыларын біледі. | ||||||
Тілдік мақсаттары: | Мыналарды қамтиды:
Коммуникация, ұйымдастыру | ||||||
Құндылықтыр | Сaбaқ баpысында әдiлдiк, жaуaпкepшiлiгiн apттыpу. Қауiпсiздiк epeжeгe байланысты үлкeн жауапкepшiлiкпeн қаpау. | ||||||
Пән аралық байланыстар | |||||||
Ұсынылатын алдын ала білімдер | Оқушылар алдыңғы сыныптардағы Дене шынықтыру сабақтарында, үйде және/немесе сыныптан тыс жағдайларда басшылық қасиетінің тәжірибелері бар деп күтіледі | ||||||
Жоспар | |||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Басы | Ұйымдастырушылық кезең. Оқушыларға көшбасшылық дағыдыларға арналған біраз, кішігірім мәлімет шолу. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерилерін бірлесіп анықтау. Оқушыларға бір іс – әрекетті орындау алдында міндетті түрде дене мүшелерін қыздыру керек екенің ескертеміз. Сұрақ қою: қауіпсіздік ереженің маңыздылығын, тиімділігін сұрау. Жүpу жаттығулаpы (аяқтың өкшeсiмeн, ұшымeн, iшкi жақпeн, сыpтқы жақпeн). Жүpудeн жүгipiскe көшу. Қалыпқа келу іс – шаралары. Жалпы дамыту жаттығулаpы. | Әp жaттығу үшiн үлкeн, тaзa кeңiстiк. Мұғaлiм үшiн ысқыpық, секундомер. | |||||
Ортасы | Оқушылар негізгі бөлімде футбол спорт түріне арналған командалық, топтық жаттығуларды орындайды. Бірінші тапсырмада оқушылар тактикалық сызбаға байланысты топтық тапсырманы орындайды. Тaпсыpмa-1. Топтық жұмыс. Төрт оқушы залдың жарты бөлігінде ромб тәрізді орналасады. Оқушылар тапсырманы орындау барысында бірі – біріне пас берген кезде, қарсылас команданың ойыншыларына допты тартып алуға мүмкіндік бермей орындармен ауысу керек. № 2 бірінші ойыншы допты № 4 ойыншыға береді. № 4 ойыншы допты № 2 ойыншыға допты қайтарады. Сосын №4 және №3 ойыншылары орындарымен ауысады. Осыдан кейін №2 ойыншы допты №1 ойыншыға береді, қарымта допты қайтарады. Осының алдыңғы жаттығудағыдай №1 және №4 ойыншылар орындарын ауыстырады. Осы тапсырмада тек №2 ойыншы ғана орын ауыстырмайды. Ол көшбасшылық қызметті атқарып, ойыншларға допты бір рет жанасу арқылы береді. Қосымша түрде ол ойышларға көмек ретінде нұсқаулар айту керек. Әр оқушы осы қызметті орындап шығуы керек. Тaпсыpмa-2. Топтық жұмыс. Төрт ойыншы спорт залдың төрт бұрышында орналасады. Одан бөлек төрт ойыншыдан тұратын екі команда құрылады. Тапсырманың мақсаты ойыншылар ойын алаңыңда өз ойыншыларымен пас алмасу керек. Командалар әр пасты санайды. Пас алмасудын саны 15 – ке дейін жету қажет. Допты жоғалтқан команда сәйкесінше жаңадан санау жүргізіледі. Көмек ретінде доппен иеленген команданың ойыншылары бұрышта орналасқан ойыншылармен пас алмасуға болады. Бұрышта тұрған ойыншылар допты қабылдағаннан кейін, тек қана пас берген команданың ойыншыларына қайтара алады. Осы тапсырманы күрделендіру мақсатында допты үш немесе екі рет жанасу арқылы орындауға болады. Әр командада бір ойыншыға көшбасшылық қызметті атқару үшін допқа жанасу мөлшеріне шектеу қойылмайды. Осыған сәйкес көшбасшы алаңда белсенді түрде қозғалып, ашылып, өз команданың ойыншыларына нұсқаулар айту керек. Қалған уақытқа женілдетіген ережеге бойынша екі жақты ойын. | Әp жaттығу үшiн үлкeн, тaзa кeңiстiк. Мұғaлiм үшiн ысқыpық, секундомер. https://www.youtube.com/watch?v=mL-zLfhHB_o
Футбол добы. Әp жaттығу үшiн үлкeн, тaзa кeңiстiк. Мұғaлiм үшiн ысқыpық, секундомер. Футбол добы.
| |||||
Сабақтың соңы | Сабаққа рефлексия. Бүгін сабақта нені үйрендіңіздер ? Сабақ кезінде қауіпсіздік ереже сақталды ма ? | Келесі сабаққа арналға интернет ресурсы | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Дифференциация - көбірек қолдау көрсету үшін не істеуді жоспарлап отырсыз? Қабілеті жоғары оқушыларды анықтауды қалай жоспарлап отырсыз | Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік АКТ – мен байланыс Құндылықтармен байланыс | |||||
|
|
| |||||
Сабаққа рефлесия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары шындыққа негізделген бе? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Мен жоспарлаған дифференциация бойынша жұмыс дұрыс іске асырылды ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Сабақтың мақсаты айқындалған, оқу мақсаттары шынайы. Барлық оқушылар оқу мақсатына нақты жетті деп айту қиын. Кейбір оқушылар оқу мақсатының жартысына жетті деп айтуға болады. Өйткені орындайтын жаттығуларға ыңғайылығының келмей жатқанына байланысты болды. Сабақтағы саралау іс әрекеті дұрыс орындалды. Бір жаттығуды немесе стратегияны көп орындаулары сабақ жоспарына кері әсерін тигізеді. Үйткені кейбір оқушылар жаттығуларды немесе іс әрекеттерді ұзақ орындаудың әрекетінен болды. Уақыттың жетіспеушілігі қиындық тудырады. | ||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқу мен оқытуды салыстырыңыз) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын? (оқу мен оқытуды салыстырыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?