Денсаулық күнін құру және ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Денешынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 1 Жеңіл атлетикалық ойындар арқылы қимыл қозғалыс дағдылары.

I тоқсан

Күні:

Мектеп:Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сыныбы:

Мұғалімнің аты-жөні:

Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты

Сабақтың тақырыбы:

Денсаулық күнін құру және ұйымдастыру.

Оқу мақсаттары:

11.1.2.2.Түрлі дене жаттығуларында жүйелі қозғалыс пен шығармашылық комбинациясын қолдану және құру

Бағалау критерийлері:

-Түрлі дене жаттығуларында жүйелі қозғалыс арқылы қолданады.

- Шығармашылық комбинациясын құрады.

Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Жүгіру дағдыларын жеңіл атлетикада қолдану әдісін сипаттау

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • физикалық қабілеттер: күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік
  • төменгі старт, жоғарғы старт
  • жүгіру: сермейтін аяқ, соққы беретін аяқ, старттық екпін, қашықтыққа жүгіру, мәреге жету

Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • қысқа қашықтыққа жүгіру кезінде қандай физикалық қабілеттер дамиды?
  • жүгіру кезінде ұзақ қашықтықтың ортасында күшті үнемдеу неліктен маңызды?

Құндылықтарды дарыту:

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту

Пән аралық байланыс:

Физика (оқушылар өз жүгіру жылдамдық күштерін есептеп бағалайды)

Акт қолдану:

Тақырып бойынша жүгіру кезіндегі тәсілдерді көрсету

Бастапқы білім:

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан, мектептен тыс алынған жүгіру, секіру және лақтыру дағдысы бар болады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар

Сабақтың ортасы

25 минут

Жеңіл атлетика бойынша қауіпсіздік қатаң сақтау.

  • Тапсырма: Сыныпты үш топқа бөліп, белгіленген қашықтықта кедергілерден өту арқылы эстафета таяқшасын алып жүгіреді. Бірінші спортшы өз тапсырмасын орындап болған соң, екінші спортшыға эстафета таяшасын беру арқылы жарыс жалғасады. Командадағы соңгы ойыншы мәреден өткен кезде жарыс тоқтатылады.
  • Тапсырма: Оқушылар баскетбол добын екі аяқтын ортасына қысып алып, кедергілер арқылы қос аяқпен секіріп белгіленген жерге дейін барады. Шығыршыққа допты қалдырып қайтарда жүгіріп келіп келесі оқушыға қол беру арқылы келесі оқушы ойынды жалғастырады. Белгіленген жерге тура жүгіріп барып, боскетбол добын алып қос аяқтың ортасына қысып алып, қос аяқпен секіріп, кедергілерден өту арқылы келесі ойыншыға береді. Команданың соңғы ойыншысы мәреден өткенге дейін жалғасады.
  • Тапсырма: Оқшы кедергілер арасынан жүгіріп келіп, шығыршықта жатқан үлкен теннис добын алып, белгіленген нүктені көдеп лақыру шарт (оқушы 1 рет лақтырады. Тигізген жағыдайда 1ұпай беріледі).Оқышы қайтарда кедергісіз жүгіріп келіп келесі спортшыға қол беру арқылы келесі оқушы жүгіреді. Команданың соңғы ойыншысы мәреден өткенге дейін жалғасады.

Дескриптор Білім алушы

  • топта бірлесіп жұмыс жасай алады;
  • орындалатын іс-әрекеттерді нақты, қатесіз орындайды.

Оқушылар қажеттіліктеріне қарай жүгіру, секіру, лақыру, дағдыларын дамыту.

Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалім үшін ысқырық Жарысты өткізуге арналған түрлі құралдар мен жабдықтар.

Сабақтың соңы:

5 минут

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

–нені толық түсінбедім.

Ашық сұрап-жауаптар

Үйге тапсырма

Дене қабілеттерін дамыту жаттығулары.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсету. Бөлімге байланысты тапсырмаларды орындауда жеңілінен күрделісіне қарай тапсырманы ұйымдастыру және орындаған тапсырмаларға саралау жүргізу. Білім алушының икемділік дағдыларына қарай тапсырмалар құрастыру.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау, мақтау сөздері арқылы әр-бір іс-әрекетті бақылап, бағалап отыру.

Осы бөлімде оқушылар командалық ойындар бойынша түрлі жаттығулар орындайды, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы жақсартады

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін бақылайды және кері байланыс береді.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

2.0қушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Жарыс өткізілген кезде мұғалім қауіпсіздік ережелерінің толық сақталып отырғанын қадағалау қажет.

Сұраңыз: Жарысқа қатысушылар саны қанша болады? Жарыс қызметі сіздің денсаулығыңызға қалай әсер етеді?

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1 Жеңіл атлетика қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.

2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, жылдамдыққа, жылдамдыққа баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу